«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет4/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

4. N.supraciviculares үлкен кеуде және дельта тәрізді бұлшықеттердің үстіне келеді.



  1. Иық өрімінің бұғанаүсті тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Иық өрімі, plexusbrachialis, төрт төменгі мойын нервтерінен және бірінші кеуде (Тһ) нервісінің үлкен бөлігінен құралады; көбіне Сv-ден жіңішке тармақ косылады. Иык өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттер аралығынан бұғана үсті щұңқырына шығып, а. subclavia-дан жоғары және артқа қарай орналасады. Одан қолтық шұңкырына баратын және a. axillaris-ііүш жуан нерв будасы пайда болады: латералды жағынан (латералды буда), медиалды жағынан (медиалды буда) және артерия артынан (артқы буда). Өрімнің бұғана сүйегіне байланысты бұғана үсті, parssupraclavicularis және бұғанаасты, parsinfraclavicularis бөліктерін ажыратады.
Бұғанаүсті бөлігі ( parssupraclavicularis ) бұғанаүсті шұңқырда , m.sternocleidomastoideus - тің төменгі бөлігінен латералді артта орналасады ; сонымен қатар , бұғанаүсті бөлігін алдынан т . oтohyoideus - тың төменгі қарыншасы қиып өтеді және иық өрімінің будаларының арасымен көп жағдайда мойынның көлденең артериясының ( a.transversacolli ) өтетіндігін ескерген жөн .
Шеткі тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді.
Қысқа тармақтар өрімнің бұғанаүсті бөлігінің түрлі жерлерінен шығып, ішінара мойын, сондай-ақ иық белдеу (m. trapezius-тікоспағанда) мен иық буыны бұлшықеттерін нервтендіреді.
¥зын тармақтар жоғарыда аталған үш будадан пайда болып, қолды бойлай өтіп, оның бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді.
Қысқа тармақтар:
I. Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінің нервтері
1. Жауырынның дорсалді нерві (nervusdorsalis scapulae;С5) жауырынды көтеретін бұлшық етті, сонымен бірге кіші және үлкен ромб тәрізді бұлшықеттерді(m. levatorscapulae және mm. rhomboidei-ні)нервтендіреді.
2. Ұзын кеуде нерві (nervusthoracicuslongus; С5–С7)m.serratusanterior алдыңғы тісті бұлшықетті нервтендіреді.
3. Бұғанаасты нерві (nervussubclavius; С5) аттас бұлшық еті нервтендіреді.
4. Жауырынүсті нерві (nervussuprascapularis; С5–С7)қылқанүсті және қылқанасты бұлшықеттерін, сонымен бірге иық буынының қапшығын нервтендіреді.
5. Жауырынасты нерві (nervussubscapularis; С5–С7) жауырын астын және үлкен дөңгелек бұлшық етті нервтендіреді.
6. Медиалді және латералді кеуде нервтері (nervipectoralesmedialisetlateralis; С5–Т1) кіші және үлкен кеуде бұлшықеттерін нервтендіреді.
7. Кеуде-арқа нерві (nervusthoracodorsalis; С5–С8)жауырынның медиалді жиегі бойымен түсіп, musculuslatissimusdorsi нервтендіреді.



  1. Иық өрімінің бұғанаасты тармақтары, нервтендіру аймақтары

Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі, pars infraclavicularis plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін, n. axillaris, береді.
Иық өрімінің бүғанаасты бөлігі қолтық шұңкырында mm. pectorales major et minor артында m. subscapularis алдында, m. serratus anterior-де латералді орналасады. Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m. coracobrachialis, m. subscapularis және m. latissimus dorsi арасында жатады.
Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің үш будасы қолтық шұңкырында a. axillarisті медиалді, латералді және артынан қоршайды, артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет