«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет51/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Вегетативтік нерв жүйесі – біздің санамызға (еркімізге) байланыссыз жиырылатын, яғни жазық бір салалы бұлшықеттерді (жүректі, ішкі ағзаларды, тамырларды) және бездерді иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар вегетативтік нерв жүйкесі қоректендіру (трофикалық), тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, көбею, заттек алмасу, иммундық, температураны реттеу және гомеостаз сияқты қызметтерді реттеп отырады. Вегетативтік нерв жүйесі тіндер мен ағзалардың сыртқы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына орай бейімделуін қамтамасыз етеді (адаптациялық, трофикалық қызмет)
Вегетативті нерв жүйесі топогрфиялық тұрғыдан екіге бөлінеді.
А)орталық бөліге-мида және жұлында орналасады.
Б) шеткі бөлігі-барлық ағзалар мен тіндерге өтетін.таралу аймағы кең бөлігі.
Қызметіне қарай- симпатикалық және парасимпатикалық
Мысалы симпатикалық бөліктің жұмысының белсенділігі артқан кезде көз қарашағы үлкейіп,тамырлары тарылып ,бездердің секрециясы бәсеңдейді,жүрек соғысы жиілеп,ішек қимылы тежеледі, ал парасимпатикалық белсенділігі –жүрек соғысы баяулап,ішек қимылы күшейеді,қысқыштар босайды ,бездердің секрециясы күшейеді.
Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бҿлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ жҽне кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.
Симпатикалық бөлікке тоқталсақ:
Симпатикалық бөлім өзіннің негізгі қызметі жағынан трофикалық болып табылады.

  • Ағзадағы тотығу және қалпына келу процестерін күшейтеді, трофикалық иммундық,температураның реттелуін,заттек алмасуды қамтамасыз етеді.

  • Жүректің жиырылуын күшейтеді

  • Бронхтарды кеңейтеді

  • Астың сіңіріліун қамтамасыз етеді,асқазан –ішектердің және өт жолдарының перисталтикасын тежейді,сфинктерлерді жиырылтып қысады,

  • Көз қарашығын кеңейтеді

  • Тамырларды тарылтып ,теріні бозартады

  • Омыртқа маңы,яғни симпатикалық бағана түйіндері (ganglia trunci sympathici) және омыртқаалды түйіндер ganglia prevertebralia немесе аралық түйіндер ganglia intermedia тән.

  • Барлық ағзаларға және тіндерге тармақталып,оларды толық нервтендіреді; ескеретін жағдай симпатикалық нерв талшықтары негізінен әр ағзаны қанмен жабдықтайтын артерияларды қоршап ,өрім түзеп ,артериямен бірге ағзаға еніп,оны иннервациялайды.

Симпатикалық екі бөліктен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет