«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет48/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

N n. splanchnici pelvini құрамында тамыр кеңейткіш талшықтар (пп. erigentes) болалы. Олар corpora cavernosa penis et clitoridis-тің эрекциясын қамтамасыз етеді. Жұлынның сакралды бөлімінен шығатын парасимпатикалық талшыктар nn, erigentes пен nn. splanchnici pelvini құрамында ғана емес, сонымен бірге nervus pudendus да жамбас астау өріміне барады (ганглилік талшықтар), жыныстық нерв күрделі нерв болып табылады, оның құрамында анималды талшықтардан басқа төменгі құрсақасты өріміне кіретін вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) талшықтар да болады. Симпатикалык сабаудың сегізкөз бөлімі түйіндерінен түйіннен кейінгі талшықтар түрінде шығатын симпатикалық талшықтар кіші жамбас астауы қуысында жыныс нервіне қосылып, төменгі құрсақасты өрімі арқылы жамбас астауы ағзаларына өтеді.
Бірқатар қуысты ағзалардың қабырғаларында нерв өрімдері орналасады, олардың құрамында ганглиозды жасушалар мен миелинсіз талшықтар бар ұсақ түйіндер (терминалды) жатады; бұлар ганглиозды- торлы немесе итрамуралды жүйені түзеді.
Интрамуралды жүйе өте-мөте ас қорыту жолында айқын білінеді, бұл жерде ол бірнеше өрімнен тұрады
1. Бұлшықет-ішек өрімі - plexus myentericus - ас қорыту түтігінің бойлық және сақиналық бұлшықеттері арасында орналасады.
2. Шырышастылық өрім - plexus submucosus - шырышасты негізде жатады. Ол бездер мен бүрлер өріміне ауысады.
Аталған өрімдердің сыртында диффузды нерв торы орналасады. Өрімдерге симпатикалық және парасимпатикалық жүйелерден нерв талшықтары келеді.
Интрамуралды өрімдерде парасимпатикалык жүйенің түйінге дейінгі талпықтары түйіннен кейінгі талшықтарға ауысады. Интрамуралды өрімдер тұлға қуыстарының экстраағзалық өрімдері сияқты құрамы жағынан аралас болып келеді. Соңғы кезде ас қорыту жолы интрамуралды өрімдерінде симпатикалық текті жасушалар да табылған.
18.ВНЖ парасимпатикалық бөлігінің краниалді бөлімі, орталық және шеттік бөліктері.
(Ракышев 245 б,247 б) Суреттери сонда
Вегетативтік нерв жүйесі ол біздің санамызға байланыссыз жиырылатын, яғни жазық бір салалы бұлшықеттерді (ішкі ағзаларды, жүректі, тамырларды) және бездерді иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Қызметіне байланысты ол өз кезегінде 2 бөлінеді. Олар симпатикалық және парасимпатикалық.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлімі, мидың маңында орналасқан - III, VII, IX және X жұп бассүйек нервтерінің парасимпатикалық ядроларынан және 2-4 сегізкөз сегменттері деңгейінде орналасқан жұлынның сұр затының бүйір мүйізшелерінде жататын сегізкөз парасимпатикалық ядроларынан (nuclei parasympathici sacrales) тұрады.
Парасимпатикалық нерв жүйесіне интрамуралды нерв жүйесі деп аталып та жатады.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі өз кезегінде 2 бөлімге бөлінеді: краниалды және сакралды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет