«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


Топографиялық тұрғыдан, анималық сияқты, вегетативтік нерв жүйесінің екі бөлігін ажыратады



бет46/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Топографиялық тұрғыдан, анималық сияқты, вегетативтік нерв жүйесінің екі бөлігін ажыратады:
-орталық бөлігі - мида және жұлында орналасады;
-шеткі бөлігі - барлық ағзалар мен тіндерге өтетін, таралу аймағы кең бөлігі. Қызметіне қарай вегетативтік нерв жүйесі екі бөліктен тұрады: симпатикалық және парасимпатикалық.
Бұлай жіктелуінің себебі, вегетативтік нерв жүйесінің кейбір талшықтары ағзалардың жұмысын белсендіреді, ал кейбіреулері - баяулатады, яғни физиологиялық деректерге байланысты. Мысалы, симпатикалық бөліктің жұмысының белсенділігі артқан кезде көз қарашығы үлкейіп, тамырлар тарылып, бездердің секрециясы бәсеңдейді, жүрек соғуы жиілеп, ішек қимылы тежеледі, қысқыштар (сфинктерлер) жиырылады, ал парасимпатикалық бөліктің белсенділігінде - жүрек соғысы баяулап, ішек қимылы күшейеді, қысқыштар (сфинктерлер) босайды, бездердің секрециясы күшейеді.
Алайда симпатикалық және парасимпатикалық бөліктердің жоғарыда айтылып өткендей қарама қарсы әсерлерін, яғни антогонизмін, олардың қызметтерінің қарама қарсылығы деп түсінуге болмайды. Бұл бөліктер өзара бірлесіп үйлесімді әсер етеді, яғни олардың ара-қатынасы қейбір ағза қызметінің әртүрлі кезеңдерінде динамикалы түрде өзгеріп отырады және олар қарама- қарсы да (антогонисті), үйлесімді де (синергиялы) әрекет етуі мүмкін. Антогонизм және синергизм - бірыңғай үрдістің екі жағы. Адам организмінің қалыпты қызметі вегетативтік нерв жүйесінің осы екі бөлігінің үйлесімді әрекеті арқылы қамтамасыз етіледі. Осы үйлесімділіктің және ағзалардың қызметіінің реттелуі ми жартышарларының қыртысы арқылы атқарылады. Вегетативтік нерв жүйесінің орталық бөлімін қарастырамыз. Ескеретін жағдай, вегетативтік нерв жүйесінің орталық бөлімі ми мен жұлынды орналасқан, бірақ ми мен жұлынның тек белгілі бір бөліктерінде (ошақ түрінде) ғана болады. Орталық бөлігі, екі бөлімнен (аппараттан) тұрады:
A. Сегмент үсті аппараты - үлкен жарты шар қыртысы, гипоталамус, ретикулярлық формация, мишық, лимбиялық жүйе, жолақты дене; Б. Сегменттік аппараты III, YII, IX,X ми нервілерінің парасимпатикалық ядролары.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлімі, мидың маңында орналасқан - III, VII, IX және X жұп бассүйек нервтерінің парасимпатикалық ядроларынан және 2-4 сегізкөз сегменттері деңгейінде орналасқан жұлынның сұр затының бүйір мүйізшелерінде жататын сегізкөз парасимпатикалық ядроларынан (nuclei parasympathici sacrales) тұрады.
Парасимпатикалық нерв жүйесіне интрамуралды нерв жүйесі деп аталып та жатады.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі өз кезегінде 2 бөлімге бөлінеді:

  1. Краниалды

  2. Сакралды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет