Краниалдының ортаңғы бөлігі ортаңғы мида (мезэнцефалдық бөлік) және ромбтәрізді мида - көпір мен сопақша ми (бульбарлық бөлік) жайғасқан орталықтардан тұрады.
1. Мезенцэфалдық бөлікті nucleus accessories n. oculomotorii мен ортанғы сыңар ядро құрайды, олар арқылы көз бұлшықеттері m. sphincter pupillae мен m. ciliaris нервтендіріледі.
2. Бульбарлық бөлікті nucleus salivatorius superior n. facialis (дәлірек n. intermedius), nucleus salivatorius inferior n. glossopharyngei мен nucleus dorsalis n. vagi кұрайды.
Парасимпатикалық жүйенің краниалды бөлімінің шеткі бөлігін құрайтындар: 1) бассүйек нервтерінің III, VII, IX және Х жүптары кұрамындағы (I және IX жұптар құрамында да болуы мүмкін) түйінге дейінгі талшықтар;
2) мүшелер жанында орналасқан терминалды түйіндер, атап айтқанда: ganglion ciliare, pterigopalatinum, submandibulare, oticum және
3) түйіннен кейінгі талшықтар, олардың дербес жолы болады, мысалы, ganglion ciliare-ден шығатын, nn, ciliares breves сияқты немесе олар қайсыбір нервтердің құрамында жүреді, мысалы ganglion oticum-нен шығып, п. auriculotemporalis-тің құрамында жүретін түйіннен кейінгі талшықтар..
Кейбір авторлар парасимпатикалық талшықтар жұлынның басқа сегменттерінен де шығып, алдыңғы түбіршіктер арқылы тұлға мен қол-аяқтарға кетеді деп көрсетеді.
Сакралды ортаңғыбөлік жұлында, II-IV сегізкөз сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздің substantia intermeialateralis-те жатады.
Сакралды бөлімінің шеткі бөлігі II-IV сегізкөз нервтерінің алдыңғы түбіршіктері, одан әрі олардың алдыңғы тармақтары құрамында кіші жамбас астауына кіріп plexus sacralis-ты (анималды өрім) түзетін талшықтардан тұрады. Олар бұл жерде өрімнен бөлініп, nn. splanchnci pelvini plexus hypoglastricus inferior-ға барып, сонымен бірге жамбас астау қуысындағы: colon sigmoideum мен тік ішекті, несепқуығын, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін нервтендіреді. Nn. splanchnici pelvini тітіркендіруінен тік ішек пен несеп қуығы - m. detrusor vesicae - жиырылып, олардың қыспақтары босаңсиды. Симпатикалық кұрсақтылығы өрім талшықтары бұл мүшелердің босауын тежейді; олар жатырдың жиырылуын қоздырады да, ал nn. splanchnici pelvini оны тежейді.