Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
 
Ауру алды
– бейiмделу механизмдерінің мобилизациясы нәтижесінде
биологиялық және әлеуметтiк бейiмделу анық төмендемейтiн немесе 
бейiмделудiң төмендеуi сыртқы ортаның кейбiр факторларымен әрекеттескенде 
ғана көрiнетiн адам организмінің денсаулық және ауру арасындағы күйi. 
Ауру
– организмге зиянды факторлар әсер еткеннен әлеуметтiк пайдалы 
қызметтiң, жұмысқа қабiлеттiлiктiң шектелуімен, функциялардың және 
бейімделудің бұзылыстарымен, құрылымдық-функциялық және метаболизмдік
өзгерiстердің кешенімен көрінетін ерекше өмiрлiк процесс. 
Патологиялық реакция 
(гр. pathos-ауру, re- керi+ actio- әсер, ықпал)
 
–патогендік 
факторлардың әсеріне жауап ретiнде дамитын биологиялық мәнсіз, сәйкессіз, 
қыска мерзiмдi, элементарлы, әдеттегiдей емес реакция.
 
Патологиялық процесс
– ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, 
заңды түрде пайда болатын реакциялардың жиынтығы.
Патологиялык жағдай 
– организм үшін кері биологиялық мәні қалыптан тыс 
тұрақты ауытқу; ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары.
Симптом (
гр. symptoma- түйісу, белгі) – аурудың, патологиялық процестің, 
жағдайдың, реакцияның немесе синдромның белгісі.
 
Синдром (
sindrumes – бірге жүгіретін) – бірыңғай патогенезімен (симптомдардың 
кешені) бірлескен симптомдардың жиынтығы. 
Ауру ағымының айқын емес түрі
– аурудың атипиялық ағымының мысалы
айқын емес симптомдармен сипатталады. 
Аурудың абортивтi 
(лат. abortus
 
– түсік)
ағымы
аурудың атипиялық 
ағымының мысалы; қысқарған ағымымен, ауыртпалық көрiнiстерi тез арада 
жойылуымен, кенеттен сауығуымен сипатталады. 
Рецидив 
(лат. reсidivus-қайталану) – аурудың клиникалық көріністерінің уақытша 
жоғалуынан кейінгі қайталануы немесе көріністерінің күшеюі. 
Ремиссия 
(лат. remissio- әлсiреу, азаю) – аурудың ары қарай дамуы баяулауынан 
немесе тоқтауынан, жарым-жартылай кері дамуынан науқас жағдайының 
уақытша жақсаруы. 
Асқыну
– организмде бар ауруға басқа патологиялық процестің, аурудың 
қосылуы. Ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізген емдік 
шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет