ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның
дерт туындататын факторлардың әсері»
Этиология
(гр. aetia- себеп+ logos- iлiм)
-
ауру пайда болуы және дамуының
себептері мен жағдайлары туралы iлiм
Этиологиялық фактор немесе ауру себебi
–
белгiлi бiр жағдайларда организмге
тура
әсер етiп, сол немесе басқа салдарды, яғни ауруды,
тудыратын және оған
ерекше қасиеттердi беретiн зат немесе құбылыс
Жағдай
(лат. conditio- жағдай) –
ауруды өздiгiнен тудырмайтын, бiрақ оның
пайда болуына, дамуына, аяқталуына әсер ететiн фактор, жағдай немесе олардың
жиынтығы
Ятрогендi аурулар
(гр. iatros- дәрiгер+gennao-құру)
–
медицина қызметкерлерiнiң
қателерiнен дамитын аурулар немесе дәрігердің дұрыс я қате әрекеттерінің
нәтижесінде
алдын алу, диагноз қою, емдік шараларды қолданудың қолайсыз
салдары ретінде дамиды.
Қауiп факторы-
белгiлi аурудың тура себебi бола алмайды, бiрақ пайда болу
мүмкiндiгiн жоғарылататын фактор.
Полиэтиология
(гр. poly- көп+aetia- себеп)
–
бiр
ауру көптеген себептермен
шақырылуы мүмкiн деген көзқарасты мақұлдайтын этиологиядағы бағыт.
Монокаузализм
(гр. monos – біреу, жалғыз, causa – себеп) – этиологиядағы
бағыт; осы бағытқа сәйкес, әр ауруды бір себеп қана шақырады және де организм
осы себеппен кездескенде міндетті түрде ауру дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: