(ең алдымен бас миының) өршитін гипоксиясы, ацидозы және бұзылған алмасу
өнімдерімен уыттануы жатыр.
Өлім
–
организмдегі тіршіліктің тоқтауы процесі.
Клиникалық өлiм
– жүректің қызметі, тыныс алу тоқтағаннан кейін басталатын
және орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінде қайтымсыз өзгерістер
дамығанша жалғасатын терминальдік жағдай.
Ми өлімі
– бас миының қайтымсыз зардапталуы; ол жүрек қызметі және газдар
алмасуы сақталған жағдайда да дамуы мүмкін.
Биологиялық өлiм
– организм тіршілігінің қайтымсыз тоқтауы; даралық
тіршіліктің соңғы сатысы.
Реанимация
(лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту) – арнайы тiрiлтетiн шараларды
(жасанды тыныс алу, жүрек массажы, жүректiң электрлiк дефибрилляциясы)
қолдану арқылы жойылған немесе дөрекi бұзылған, организмнiң өмiрiне қажеттi
қызметтердiң орнын толтыру не қалыпка келтiру.
Реаниматология
(лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту+logos-iлiм) – организмнiң
жаңа ғана жойылған, тіршілік етуге қажет қызметтердi қалыпқа келтiру және
алдын алудың нәтижелi әдiстерiн өңдеу мақсатымен организмнiң өлуі және
тiрiлуі заңдылықтарын зерттейтiн iлiм.
Достарыңызбен бөлісу: