ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы патогенез. Реактивтілік және оның
патологиядағы маңызы»
Патогенез
(гр.
pathos-ауру,зардап шегу+genesis- туу, пайда болу) – аурулар,
патологиялық процестер мен патологиялық жағдайлардың даму жолдары, ағымы,
аяқталуы мен салдарлары туралы ілім.
Патогенездік факторлар
– этиологиялық фактор
әсер еткенде пайда болатын
және мұнан былай ауру дамуында «себептiң» рөлiн атқаратын организмдегi
өзгерiстер.
Функциялық элемент
– ағзаның барлық тiндерiнiң жасушалық,
талшықтық
құрылымдарынан тұратын, белгілі ретке келтірілген құрылымдық-функциялық
кешен
бола алатын, сонымен қоса, осы кешеннің
негізінде тіндік алмасу
процестері қамтамасыз етілетін микрожүйе. Сайып келгенде, бұл жасушалардың,
микроқанайналым бiрлiгiнiң, жүйке
талшықтарының, дәнекер тiннiң жиынтығы.
Бастапқы, маңызды тiзбек
– барлық қалған тізбектердің дамуына қажетті тізбек.
Патогенездiң кері айналып соғу шеңбері
(лат. сirculus vitiosus) –
аурудың
патогенезіндегі бір салдар кері айналып соғу арқылы шеңбер түзуі мүмкін.
Шеңбердің қалыптасуы оң керi байланыс принципіне негізделген.
Құрылымдық-қызметтiк бiрлiктердiң ұстамалы белсендiлiгiнiң заңы
– әр
ағза
тұтас қызмет атқарады, бiрақ оның қызметтiк бiрлiктерi бiр уақытта жұмыс
iстемейдi (олардың бөлiктерi уақытша қорда сақталынады);
қызметтiк бiрлiктер
тұтас жұмыс iстемейдi (олардың бөлек жасушалары қорда орналасады);
жасушаның бәрi бiр уақытта жұмыс iстемейдi (оның бөлек органеллалары
тыныштық қалпында сақталынады).
Достарыңызбен бөлісу: