Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
 
 
 
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың маңызы» 
Тұқым қуалайтын аппарат – ұрықтандырғаннан кейiн ұрпаққа толық өтетiн
көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.  
Хромосомалар (гр. chroma- түс+soma- дене) – құрамына ДНҚ кiретiн және 
тұқым қуалайтын мәлiметтi тасушы жасуша ядросының құрылымдық элементi. 
Ген (гр. genos- туындатушы, тегi) – ата-ана қасиеттерiн және айрықшылығын 
ұрпақтан ұрпаққа тарататын хромосоманың арнайы бөлшегi. 
Аллель (гр. allelon-өзара) – бiр белгiнi анықтайтын, гомологиялық (жұптық) 
хромосомалардың бiрдей бөлiктерiнде орналаскан жұп гендердiң бiреуi. 
Геном (гр. genos- туындатушы, тегi) – хромосомалардың гаплоидты 
құрамындағы гендердiң жинағы. 
Генотип ( гр. genos- туындатушы, тегi+typos-үлгi) – жеке организмге тән 
гендердiң жинағы.
Генофонд- организмнiң бiр түрi популяциясындағы гендердiң жинағы. 
Гаплоидты құрам (гр. gaplos-қарапайым, бiр ғана) – жыныс жасушасындағы 
хромосомалардың жинағы. Онда осы түрге тән әр хромосомалар жұбынан бiр ғана 
хромосома бар (адамда 22 аутосома+1 жыныстық хромосома). 
Диплоидты құрам (гр. diplos- екi еселенген) – барлық хромосомалардың 
жұптық жинағы немесе 2 гаплоидтық құрам. 
Кариотип (гр. carion-ядроға қатысы бар+typos-үлгi) – бiр биологиялық түрге 
жататын организмнiң соматикалық жасушаларындағы хромосомдық құрамның 
морфологиялық ерекшелiктерiнiң жинағы. 
Код – ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу ретiн анықтайтын 
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердiң орналасу ретi. 
Кодон – белгiлi аминқышқылының полипептидтi тiзбекке енуiн реттейтiн ДНҚ 
немесе РНҚ молекуласындағы 3 азот негiзiнен тұратын генетикалық кодтың
бiрлiгi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет