ТАҚЫРЫБЫ: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
Артериялық гиперемия (гр. hyper + haima- қан) – артериялық тамырлар арқылы
қанның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы.
Веналық гиперемия - веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның
немесе тін бөлігінің қанмен толуы.
Ишемия (гр. ischo- кідіру, тоқтату + haima- қан) –
артериялық қанның келуі
баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен
қамтамасыз етуінің азаюы.
Инфаркт (лат.
infarcire- толтыру, нығыздау) – канмен қамтамасыз ету тез арада
азаюы немесе токтауынан некрозға ұшыраған тіннің бөлігі.
Стаз (гр. stasis- тоқтау, жылжымау) – капиллярларда,
майда артериялар мен
веналарда қан ағысының баяулауы немесе тоқтауы.
Тромбоз (гр. thrombosis- ұю) – организмнің тіршілігі жойылмаған жағдайда
тамыр кемерлерінің ішкі беткейінде қанның элементтерінен тұратын,
ұйындылардың пайда болу процесі.
Эмболия (гр.
emboli- итермелеп кіргізу, енгізу) – қан немесе лимфа ағысымен
әкелінген денешіктермен тамырлардың бітелуі.
Диапедез (гр. diapedesis.)-капиллярлар және майда веналардың механикалық
түрде зақымдалмаған қабырғаларынан қанның формалық элементтерiнiң өтуi.
Адгезия (лат. adhaessio-желiмдеп жабысу)- әр түрлi
немесе бiркелкi
жасушалардың бiрiне бiрi, әйтпесе тығыз бетiне (мысалы, тамыр қабырғасына)
желiмдеп жабысуы.
Агрегация (лат. agregatio- косылу, бiрiгу)-
физикалық, химиялық процестердiң
нәтижесiнде әр түрлi (мысалы, қан жасушаларының) немесе бiркелкi
бөлшектердiң бiрiгуi.
Сладж (ағылш.
sladge- қою батпак,балдыр)- суспензиялық тұрақтылық
төмендеуiнен қанның формалық элементтерiнiң агрегация, адгезия, агглютинация
процестерi.
Достарыңызбен бөлісу: