Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Малигнизация (лат.malidnus- өлімдік, зиянды, қатерлі) -қалыпты немесе 
дерттік өзгерген тіннің жасушаларында қатерлі өспелерге тән қасиеттің пайда 
болуы. 
Метаплазия (грек. metaplásso - өзгеру, айналу) - тіннің негізгі түпкі түрі 
сақталып, бірақ осы тіннің жетілген (дифференциацияланған) жасушаларының 
басқа тіннің жетілген жасушалармен алмасуы. 
Метастаз -(meta- арасында орналасу + stasis- жағдай)- басқа өспелік ошақтан 
патологиялық материалдың (өспе жасушаларының) тасымалдануы арқылы 
өспелік процестің жаңа ошағының пайда болуы. Метастазалар қантамырлар 
(гематогендік метастазалар), лимфа тамырлары (лимфогендік метастазалар), ішкі 
қуыстар (имплатациялық метастазалар) арқылы тасымалдануы мүмкін. 
Онковирус - қалыпты жасушаның өспелік жасушаға ауысуына себепкер 
болатын вирус (өспе туындататын вирус). 
Онкоген
/гр.onkos- өсінді, өспе, genos- шығуы, туындауы, пайда болуы/
нәруызды реттеуші ген, реттелу процесі бұзылғанда қатерлі өспелердің 
туындауына ықпал етеді. 
Онконәруыздар
– 
онкогеннің транскрипциясының нәтижесінде 
синтезделетін нәруыздар. 
Ген–супрессорлар 
(лат.suppressum 
-тежеу
басу)-онкогендердің
белсенділігін басатын, жасушалардың бөлінуін және дифференциациялану 
процесінен шығуын тежейтін жасушалық ген; олар инактивацияланғанда 
өспелердің пайда болу ықтималдығы артады. 
p53 - жасушалық циклды реттейтін транскрипциялық фактор. Өзгеріске 
ұшырамаған жағдайда қатерлі ісіктердің түзілуіне қарсы тежегіштік қызмет 
атқарады,көбіне геномның тұрақтылығын «қорушы» деп айтылады. Обырлық 
өспе жасушаларының 50 %-ында мутацияға ұшыраған р53 гені анықталады.  


Онкорновирустар - құрамында РНҚ бар онкогенді вирустар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет