|
Экссудация (ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының
тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi.
ЭкссудатБайланысты: терминдік сөздік ПФ-1Экссудация (ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының
тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi.
Экссудат - қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық.
Транссудат -қабынбаған патологиялық сұйықтық (iсiнген және шемендiк
сұйықтық).
Ривальт сынауы-пунктатта тұнбаға түсетүн серомуциннiң пайда болуы, ол
экссудаттың қабынулық табиғатын көрсетедi.
Iрiңдi денешiктер- бұзылу мен ыдыраудың әр түрлi сатыларындағы қан
лейкоциттерi
Эмиграция (emigratio- көшу) - тамырдағы лейкоциттердiң тiнге белсендi өтуi
Хемотаксис (chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi) - химиялық
тiтiркендiргiштерге немесе олардан керi қарай жасушалардың (лейкоциттердiң)
белсендi жылжуы
Хемотаксиндер (цитотаксиндер) (chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу
ретi) - лейкоциттердi қабыну ошағына тарту қабiлетi бар заттар.
Цитотаксигендер (сitos- жасуша, ,+ taxis-орналасу ретi+ gen-тудыратын) -
өздiгiнен хемотаксистi тудыра алмайды, бiрақ хемотаксистi белсендiре алмайтын
заттарды хемотаксиндерге алмасуына жағдай жасайтын заттар.
Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий
жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.
Фагоцитоз (phago- қорыту, os- аурулық жағдай, ауру) -фагоциттердiң бөгде
заттар мен микробтарды қармау және қорытуы.
Эндоцитобиоз (endo- iште, citos- жасуша, bios- өмiр сүру, өмiр) - фагоцитоздың
бұзылуынан микробтың фагоцит iшiнде тiршiлiгiн жалғастыруы.
Пролиферация (proles- ұрпақ, ferre- құру, өндiру) - жергiлiктi жасушалық
элементтерiнiң қабыну ошағындағы көбеюi.
|
|
|