Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
ТАҚЫРЫБЫ: «Қызба» 
 
Қызба – пирогендi заттардың әсерiне дене температурасы көтерiлуiмен және 
термореттеудiң өзгеруiмен сипатталатын типтiк патологиялық процесс. 
Пирогендер (pyr-от, ыстық) - қызбаны шақыратын заттар. 
Гомойотермды (homoios-бiр, бiрдей, + tremos-жылы) - қоршаған орта 
температурасына тәуелсiз дене температурасының салыстырмалы тұрақтылығы. 
Пиротерапия (pyr-от, ыстық) - дене температурасын жасанды көтеру арқылы 
емдеу әдiсi. 
Пойкилотермды (poikilos-әр түрлi, genesis -туу, пайда болу) - сыртқы орта 
температурасына тәуелдi дене температурасы тұрақсыз болатын ағзаның түрi. 
Термогенез (thermos-жылу,genesis -туу, пайда болу) - жылуды түзу процесi. 
Субфебрильдi қызба- температураның Цельсий бойынша 38 градусқа дейiн 
көтерiлуi. 
Орташа қызба- температураның Цельсий бойынша 38-39 градусқа дейiн 
көтерiлуi. 
Жоғары қызба - температураның Цельсий бойынша 39-40 градусқа дейiн 
көтерiлуi. 
Гиперпиретикалық қызба- температураның Цельсий бойынша 41 градустан 
жоғары көтерiлуi. 
Ұстамалы қызба (febris intermittens) - дене температурасы тәулiк бойы үлкен 
тербелу өрiсiмен сипатталанатын және таң ата қалпына келiп немесе 
төмендеуiмен ерекшеленетiн қызбаның түрi. 
Әлсiрететiн қызба (febris hecticа)- дене температурасының тәулiктiк өзгеруiнiң 
Цельсий бойынша 3-5 градусқа жетуi. 
Қайтымды қызба (febris recurrens)- қызбалық және қызбалық емес кезеңдердiң 
алмасуымен ерекшеленетiн қызба. 
Босаңситын қызба (febris remittens) - тәулiктiк дене температурасының тербелiсi 
1 градустан жоғары болады, бiрақ қайта қалпына келмейдi. 
Атипиялық қызба (febris athypica) - дене температурасының тәулiк бойы 
бiрнеше рет өзгеруi; циркадты ырғақтың толық өзгеруiмен ерекшеленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет