224
Рəбиға Сыздық
сертация қорғалды. Көптеген шəкірті қазақ тіл білімінің бір-бір уығы
боп, жас мемлекетіміздің əр жерінде жемісті еңбек етіп жүр. Оның
жауапты редакторлығымен ондаған монография, ғылыми еңбектер,
сөздіктер жарық көрді. Бірнеше рет бүкілодақтық, халықаралық ға-
лымдар басқосуында сөз алып, қазақ тілінің түрлі мəселелері жө -
нінде байыпты ойларын айтты. Сол себепті түркітанушылар оны
Түркияның негізін Ататүрік қалаған атақты «Діл құрымы» атты
лингвистикалық коғамына корреспондент мүше дəрежесіне ұсынып
отыр.
Сондай-ақ, Рəкең Шахан Мусин ағамыздай Халық əртісінің жары,
отбасының ұйтқысы, балаларға ана, немерелерге сүйікті əже. «Мен
ең алдымен анамын, əйелмін. Содан кейін ғана ғалыммын. Əйел
адамның басты парызы – отбасының қамын жеу...» – деген Рəкеңнің
өмірлік кредосы жалаң сөз емес екенін ол үйдің отбасымен арала -
сып жүрген жандар жақсы біледі.
Ғалымы бар ел – өскен ел, өркениет жолына түскен ел. Бірақ
«Білімің болса-дағы ұшан-теңіз, Пайдасы жоқ халқына қызмет ет-
пей», – деп Шал ақын сынды бабаларымыз баяғыда-ақ түйіп айтып
кеткен ғой. Бір кезде өзі қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ғұлама
ғалым Құдайберген Жұбанов туралы «Ғалым-азамат» деп тебірене
сөз қозғаса, бұл күндері сол бір салмақты да салауатты түйінді са-
налы ғұмырын Ана Тіліне қызмет ету жолына жұмсап келе жатқан,
халқының адал перзенті Рəбиға Сəтіғалиқызы Сыздықоваға бағыш -
тай арнап айтсақ, өте орынды болмақ. Өйткені Ол – Ғалым. Өйткені
Ол – Ұстаз. Өйткені Ол – Азамат. Сегіз қырлы, бір сырлы жан.
Ғылым-ғұмыр. – Алматы, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: