Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет103/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   170
Н.М. Уəли 
А.Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының 
бас ғылыми қызметкері, 
 филол.ғ.д., профессор
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒИБРАТЫ
Академик  Р.Сыздық  жан-жақты  жəне  ауқымы  мол  ғылыми-зерт -
теу  еңбектерінің  негізгі  арқауы  қазақ  тілінің,  түркітану  ғылымының 
өзекті мəселелері болып табылады. Əсіресе, солардың ішінде ғалым-
ның  ұзақ  жылдар  бойы  үзбей  қалам  тартып,  жете  зерттеген  саласы 
қазақ əдеби тілі тарихының мəселелері деуге болады.


225
Тіл-ғұмыр
Əрине, əдеби тілді, оның тарихын зерттеуде бұл нысананы əртүрлі 
қырынан  қарастыруға  болады.  Қазақ  тіл  біліміндеі  əдеби  тілдің 
тарихы  жекелеген  əдеби  үлгілерді  зерттеуден,  олардың  лексика-
грамматикалық ерекшеліктерін ашудан басталған деуге болады. Бұл, 
бір жағынан, сол үлгіні жасаушы қаламгердің тілін зерттеу болып та-
былса, екінші жағынан, қаламгер өмір сүрген сол кезеңдегі, дəуірдегі 
əдеби тілдің өзін де зерттеу болып саналады.
Міне,  сондықтан  академик  Р.Сыздықтың  «Абай  шығармалары -
ның  тілі» (1968) деген  көлемді  ғылыми  монографиясы – ұлы  ақын-
ның  тілін  лингвистикалық  тұрғыдан  қарастырған  еңбек  қана  емес, 
сондай-ақ  сол  кезеңдегі  синхрондық  бөліктегі  əдеби  тілдің  негізгі 
ерекшеліктері мен басты сипаттарын айқындаған іргелі зерттеу. Осы 
еңбегі  үшін  ғалымға  ҚР  Ғылым  академиясының  Шоқан  Уəлиханов 
атындағы сыйлығы берілгені белгілі (1995).
Ғалым қазақ əдеби тілін қалыптастыру мен дамытудағы ұлы ақын-
ның  қосқан  үлесі  мен  орнын  айқындай  отырып,  лексика-морфоло-
гиялық  ерекшелігін  жан-жақты  терең  зерттей  келе, XIX ғасырдың 
екінші жартысындағы қазақ əдеби тілінің жай-күйін ашады. Оны ақын 
шығармаларының  тілімен  сабақтастыра,  байланыстыра  отырып,  су-
реткер  қолданған  қазақтың  төл  сөздері  мен  түрлі  лексика-граммати -
калық қаттау-қабаттарға талдау жасайды. Ұлы ақынның тыңнан қос-
қан, ескіні жандандырған қолданыстарын, олардың жұмсалу себептері 
мен  дəлелдерін  көрсетеді. «Абай – қазақтың  қазіргі  ұлттық  жазба 
əдеби тілінің негізін қалаушы» деген тұжырым қазақ филологиясын-
да  бұрыннан  да  бар  болатын.  Бұл  пікірді  Р.Сыздық  та  қостайды. 
Бірақ  осы  тұжырымды  ғалым  Абай  шығармаларының  тілін  тұтас, 
жан-жақты  зерттей  отырып  дəлелдеп  береді.  Поэзия  синтаксисіне 
Абай  енгізген  өзгешеліктер  мен  жаңалықтарды  ашқан,  оған  нақты 
талдаулар  жасаған  ғалымның  «Абай  өлеңдерінің  синтаксисі» (1970) 
деп  аталатын  монографиясы  қазақ  тіл  білімінде  өлең  синтаксисін  ең 
алғаш  зерттеген,  оның  құрылым-құрылыстарына  тəн  негізгі  белгі -
лерді көрсеткен бірден-бір жəне бірегей еңбек болды.
Абай  тілін  жүйелі  түрде  зерттеудегі  ғалымның  өзі  белгілеген 
тəртібімен  жоғарыда  көрсетілген  екі  монографиядан  соң, «Абайдың 
сөз  өрнегі»  атты  үшінші  кітабында  ұлы  ақынның  поэтикалық  тілі, 
көркемдік  сипаты,  көріктеу  құралдарының  тілдік  механизмі  сөз  бо-
лып,  ұлы  ақынның  тіл  көркемдігін  танытудың  кілті  бұрынды-соңды 
айтылып  келген  пікірлер  мен  еңбектерден  басқаша  бұраумен  ашы-
лады, қазақ тілінің поэтикасы жөнінде соны талдаулар мен жаңа ой-
тұжырымдар  айтылады.  Аталмыш  еңбек  ұлы  ақынның 150 жылдық 
мерейтойына  орай  «Санат»  баспасынан 1995 жылы  жарық  көрді. 


226
Рəбиға Сыздық
Сондай-ақ «Абай» энциклопедиясында ұлы ақынның тілі мен стиліне 
қатысты  көлемді  ғылыми-теориялық  мақалалар  топтамасын  берді. 
Абай  тілін  жан-жақты  зерттеген  осы  еңбектері  үшін  Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.
Қазақ  əдеби  тілінің  тарихын  ендігі  жерде  жеке  үлгілер  арқылы 
ғана  емес,  біртұтас  түрде  зерттеуді  Р.Сыздық  сонау 1960 жылдар-
дың  өзінде  қолға  алған  болатын.  Осының  нəтижесінде  профес-
сор  М.Балақаев,  Е.Жанпейісовпен  бірлесіп  жазған  «Қазақ  əдеби 
тілінің тарихы» (1968) жарыққа шықты. Осы аталған оқу құралының 
«ХVІІІ–ХІХ    ғасырлардағы  қазақ  əдеби  тілі»  деген  сүбелі  тарауы 
Р.Сыздықтың  қаламынан  шықты.  Дегенмен  алпысыншы  жылдары 
«Қазақ  əдеби  тілінің  тарихын  қай  кезден  бастау  қажет?», «Оның 
алғашқы  өкілдері  кімдер?», «Үлгілері  қандай?», «Қандай  дəуірлер 
мен  кезеңдерге  бөлінеді?»  деген  т.б.  аса  өзекті  мəселелерді  былай 
қойғанда,  тіпті  əдеби  тілдің  мəртебесін  анықтаудың  өзі  əлі  толық 
шешімін  таппаған-ды.  Сол  кездегі  дəстүрлі  көзқарасы  бойынша 
«жазба  тіл  ғана  əдеби  тіл  бола  алады»  деген  пікір  орыс  тіл  білімін -
дегі  тəрізді,  қазақ  филологиясында  да  басым  болатын.  Осымен  бай -
 ланысты  əдеби  тіл  үлгілерінің  алғаш  хатқа  түсе  бастаған  кезі  шама-
мен XVIII ғасырдың  ортасы  деп  танылып,  соған  сəйкес  «Қазақ 
əдеби  тілінің  бастау  алуы  осы  тұсқа  келеді»  деген  тұжырым  үстем 
болды.  Алайда  Р.Сыздық  мұндай  пікірдің  қайшылықтарын  көрсете 
келіп, «ХVІІІ–ХІХ  ғғ.  қазақ  əдеби  тілінің  тарихы» (1984) деген  мо-
нографиясында басқаша бағыт ұстанады.
Шындығында,  əдеби  тіл  мəртебесін  тек  жазу-сызумен  байла -
нысты  деп  білу  тілдік  əрі  уақыт  жағынан  өте  жақын  бір  кезеңде 
туған  үлгілердің  бəрі  хатқа  түскендіктен  əдеби,  ал  екіншісін  ауызша 
тарағандықтан  əдеби  емес  деп  тану,  сондай-ақ  аты-жөні,  шығарма-
лары  ел  жадында  сақталған,  сөз  қолданыста  дербестігі  айқын  көрі-
нетін  суреткер  туындыларын  ауызша  тарағандықтан,  əдеби  тіл  үлгі-
сіне  жатпайды  деп  білу  шындыққа  жанаса  қоймайды.  Сондықтан 
зерттеуші  əдеби  тілдің  негізгі  мəнін  жазу-сызудан  іздемейді.  Тілдің 
əдебилігін  ол  мəдени-рухани  дүниелердің  жасалуында,  қоғамдық 
мəні  бар  іс-қимылдарды  ұйымдастырудың  құралы  болуында,  тілдік 
амал-тəсілдердің  сараланын,  жұмсалуында,  сөйтіп,  тұрақтанған  тіл-
дік  нормалардың  жалпы  жұртшылыққа  ортақ  болуында  деп  біледі. 
Ғалымның  пайымдауынша,  бұл  жерде,  ауызша  тіл  тəрізді,  жазба  тіл 
де əдеби тілдің қызмет етуінің формасы ғана. Міне, мұндай көзқарас 
бойынша əдеби тіл халықтың поэтикалық сөз өнері, əдет-ғұрып, билік 
заңдары тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де қызмет етуі мүмкін.
Сонымен,  Р.Сыздық XV–XVIII ғасырлардағы  ақын-жыраулар -
дың  тілін  арнайы  талдай  келіп,  олардың  шығармаларын  əдеби  тіл-


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет