Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет104/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   170
Тіл-ғұмыр
дің  жазбаға  дейінгі  кезеңіне  жататын  үлгілер  деп  таниды.  Ал  бұл 
кезеңде  қызмет  еткен  тілді  жазба  дəуірге  дейінгі  ауызша  əдеби  тіл 
деп, терминологиялық мазмұн беріп атайды. Сөйтіп, əдеби тіл өзінің 
нормалық  қасиетін  тек  жазу  арқылы  ғана  орнықтырмайды,  ауызша 
сөз  қолданыс  (ауызекі  тараған  өлең-жырлар,  шешендік  сөз  үлгілері, 
ауызша  шежіре  т.б.)  арқылы  бекіте,  жетілдіре  түседі.  Зерттеуші, 
əсіресе,  əдеби  тіл  нормаларын  қалыптастыруда  ақын-жыраулар  шы-
ғармаларын  бұлжытпай  жатқа  айтып,  жұртқа  тарататын  жыршылық, 
мектеп өкілдерінің орнын айрықша бағалайды. Осы еңбекте («XVIIІ–
ХIX ғғ. қазақ əдеби тілінің тарихы») жəне оның көлемі толықтырыл-
ған, мазмұны тереңдетілген екінші басылымы – «Қазақ əдеби тілінің 
тарихы (XV–XIX ғғ.)»  деп  аталатын  кітабында  алғаш  рет,  бір  жағы-
нан, ауызша əдеби тіл үлгілерінің, яғни XV–XVIII ғғ. ақын-жыраулар 
шығармалары  тілінің  фольклор  тілімен  ортақ  белгілерінің  болу  се-
бептері ашылса, екінші жағынан, олардың өзді-өзіне тəн айырмалары 
мен  белгілері  саралана  түседі.  Сондай-ақ  ауызша  əдеби  тілдің  жазба 
тілден  айырмашылығы  мен  ұқсас  тұстары  да  айқындалады.  Тағы  да 
бір айта кететін жайт – ғалым қазақ əдеби тілінің бесғасырлық тари-
хын  баяндайтын  соңғы  басылымда («Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы», 
1993)  қазақ  əдеби  тілі  тарихын  жеке  пəн  түрінде  қазақ  тіл  білімінің 
дербес  саласы  ретінде  бір  жүйеге  салып,  бас-аяғын  бүтіндеп  берді. 
Сөйтіп,  Р.Сыздықтың  бұл  саладағы  іргелі  зерттеулеріндегі  негізгі 
тұжырымдар  мен  пайымдаулар  қазақ  тіл  білімінде  əдеби  тіл,  əдеби 
тіл тарихы бойынша жаңа бағытқа айналып, орныға түсті. 
Академик  Р.Сыздықтың  түркітану  саласындағы  зерттеулері,  бір 
жағынан,  қазақ  тілінің  тарихы,  қазақ  əдеби  тілінің  тарихымен  ұш-
тасып  жатады.  Солардың  ішінде  зерттеушілердің  «Язык  Жами’ат-
тауарих  Жалаири» (1989) деген  монографиясын  ерекше  атауға  бо-
лады.  Тарақ  таңбалы  жалайырдан  шыққан  Қадырғали  бидің  жыл-
намалары  туралы  арғы-бергі  кезеңдердегі  зерттеулерге  сын  көзімен 
қараған  автор  бұл  ескерткіштің  лексика-грамматикалық  құрылы -
мына талдау жасай отырып, алдымен ондағы оғыз, қыпшақ тілдеріне 
ортақ  элементтерді  саралайды,  оны  туыстас  тілдердің  дерегімен  са-
лыстырады.  Ескерткіш  тіліндегі  əртекті  тілдік  белгілерді  талдай 
келіп,  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігіне,  салт-дəстүріне  орай  қа-
лыптасқан, өзге туыстас тілдерде қайталамасы жоқ қазақы сөз өрнек-
терін айқындайды. Олар негізінен тұрақты сөз тіркестері мен бейнелі 
сөз  орамдары  болып  келеді.  Сондай-ақ  ғалым  ескерткіште  қазіргі 
қазақ  тілінде  мүлде  қолданылмайтын,  бірақ XV–XVIII ғғ.  қазақ 
ақын-жырауларының  тілінде  белсенді  жұмсалған  элементтерді  та-
бады.  Сөйтіп,  ғалымның,  бір  жағынан, «Жами’ат-тауарих»  тілінен 


228
Рəбиға Сыздық
қазіргі  қазақ  тіліне  үндес  белгілерді  көрсетуі,  екінші  жағынан, XV–
XVIII  ғғ.  қазақ  ақын-жыраулары  тілі  мен  осы  ескерткіш  тіліне  тəн 
ортақ белгілерді, жарыспалы құбылыстарды ашуы аталмыш зерттеу -
дің  аса  бір  бағалы  жағы  деуге  болады.  Сонымен,  бұл  еңбекте 
Қадырғали  Жалайыридың  «Жами’ат-тауарихы»  тілдік  жағынан  да, 
рухани  мəдениет  жағынан  да  қазақ  халқының  байырғы  дəуірінен 
қалған мұра екені ғылым тұрғыдан жан-жақты дəлелденеді.
Сондай-ақ  Р.Сыздықтың  тарихшы-ғалым  М.Қойгелдиевпен  бірге 
жазған  «Қадырғали  би  Қосымұлы  жəне  оның  жылнамалар  жинағы» 
(1991)  деген  кітабы  жарық  көрді.  Студенттер  мен  аспиранттардың, 
ізденушілердің  пайдалануына  лайықтап  жазылған  бұл  еңбекте 
XVI  ғасырдағы  қазақ  авторының  шығармасы  тарихи  жəне  тілдік 
тұрғыдан  кеңінен  баяндалады.  Екі  кітаптың  екеуінде  де  ескерткіш 
мəтіні  араб  жазуынан  қазіргі  қазақ  жазуына  көшіріліп  берілуін  де 
ерекше  бағалау  қажет.  Бұл – ескерткіштің 14 жылдан  кейін  екінші 
рет жарық көруі болды (алғаш рет 1854 жылы ескерткіштің бір ғана 
қолжазба  нұсқасын  Қазан  университетінің  профессоры  И.Н.  Березин 
жариялаған  болатын).  Р.Сыздық  Березин  нұсқасын  кейін  табылған 
екінші қолжазба тексімен салыстырып берген.
Р.Сыздық  түркі  тілдерінің,  оның  ішінде  қазақ  тілінің  тарихы-
на  хронологиялық  тұрғыдан  əрі  қарай  жылжып,  Қожа  Ахмет  Ясауи 
(XII  ғ.)  мұрасының  «Самарқанд  немесе  Залеман  нұсқасы»  деп  ата-
латын  қолжазбасы  бойынша  оның  тілін  лексика-грамматикалық, 
көркемдік  жəне  текстологиялық  талдау  тұрғысынан  зерттеп  шықты. 
Əлеуметтік  мəнділігі  аса  жоғары  бұл  еңбек  Ақпарат  жəне  қоғамдық 
келісім  министрлігінің  қолдауымен 2004 жылы  қыргүйек  айында 
«Ясауи Хикметтерінің тілі» деген атпен жарық көрді.
Р.Сыздық  əдеби  тіл  тарихын,  ортағасырлық  жазба  ескерткіштер 
тілін  зерттеумен  қатар,  тарихи  лексика  мəселелерін  де  арнайы  қа-
растырды.  Ғалымның  «Сөздер  сөйлейді» (1980, 1994) деген  еңбегі – 
осы  саладағы  ізденістің  нəтижесі.  Тарихи  лексикология  бойынша 
бірден-бір  оқу  құралы  болған  бұл  еңбек 1994 жылы  толықтырылып, 
өңделіп,  екінші  рет  жарық  көрді.  Кітапта  тарихи,  лиро-эпостық 
жырларда,  ақын-жыраулар  тілінде,  тұрақты  тіркестер  құрамында 
мақал-мəтелдерде  кездесетін  көне  сөздердің  байырғы  мағыналары, 
түп-төркіні  ашылып,  семантикалық  өзгерістеріне  талдау  жасалады. 
Сондықтан  аталмыш  еңбек  тек  тіл  мамандары  ғана  емес,  байырғы 
көркем  мұраларды  сүйсіне  оқитын  былайғы  жұртшылық  үшін  де 
бағалы зерттеудің бірі болды.
Р.Сыздық  лингводидактика  саласындағы  жұмыстарға  ерте  кез-
ден араласып, оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, бағдарламалар 


229


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет