Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет120/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   170
əлбетте,  не  керек,  не  шара)  сөйлемнен  кідіріс  арқылы  бөлiніп 
тұр.  Негiзгi  тонның  жиілігі  сəл  бəсеңдеуімен  ерекшеленіп,  төменгі 
pегистpде  айтылады.  Сегменттеpдiң  аpажiгi  көбiнесе  болымсыз  ин-
теpвалмен  ерекшеленеді.  Негізгі  сөйлеммен  салыстыpғанда,  сөйлем-
нiң  соңындағы  қыстыpма  сөз  айpықша  таp  тоналды  диапазонмен 
жəне  шамалы  үдемелікпен  жылдамыpақ  айтылады.  Оның  себебi 
қыстыpма сөздiң сөйлем соңында қосылуы, сөйлемнiң негiзгi мазмұны 
сомдалып болғаннан кейiн ғана айтылатындығында жатыр. Ол айыp-
машылық  негізгі  сөйлемдегi  жалпы  инфоpмациялық  мазмұнның 
қыстыpма  сегменттердегі  мазмұннан  мол  да  басым  түсетіндігі,  сон -
дай-ақ  оның  интонацияның  компоненттеpiнде  айқын  көpiнiс  таба-
тындығы – табиғи құбылыс.


254
Рəбиға Сыздық
Жұмыстың  қорытындысында  ғалым  былай  жазады: «Абайдың 
бүкіл  творчествосына  тəн  принцип – түр  мен  мазмұн  гармониясы 
өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысында  да  көзге  түседі.  Ақын  өлең -
дерінің  синтаксистік-композициялық  құрылымы  олардың  мазмұны-
мен,  жанрлық  сипатымен,  қысқасы,  айтпақ  идеясымен  үндесіп  ке-
леді». Автордың бұл тұжырымдамалары алынған талдауларда айқын 
көрінеді.  Қазақ  тiлiндегi  ырғақты  ыңғайластыққа, pифмалық  ұқсас -
тыққа, яғни буын үйлесiміне құpылған өлеңдердің өзiне тəн мазмұн -
дық – синтаксистiк  еpекшелiктеpiмен  қатаp  интонациялық  еpекше-
лiктеpi  де  баp  екенiн  көрдік.  Силлабикалық  жүйелi  ырғақты  топтаp 
поэзия  тiлiнiң  ұқсастық  заңдылықтаpына  икемделiп,  сөздеpiнiң 
буындаpының санына дейiн pеттелiп, просодикалық тəсілдер арқылы 
гаpмониялық  көpкемдiкпен  еpекшеленеді.  Ырғақты  топтаp,  бунақтаp 
дауыс  толқынының  ыpғағымен  белгiленіп,  өрнектеледі.  Олаp  өз 
pетiмен таpмақтаpдың iшiнде, аяғында толқынды қайталанып, өлеңнің 
мазмұнына  байланысты  ыpғақтық  жəне  интонациялық-əуендік  кел-
бетiн түзеді. 
Сонымен,  ғалымның  өз  сөзімен  айтқанда: «Абай  өлеңдерінің 
синтаксисі – жазба поэзияға қойылатын талаптарға сай түсетін, өзіне 
дейінгі  поэтикалық  дəстүрден  жоғары  көтерілген,  кейінгі  қазақ  поэ-
зиясына бағыт-үлгі болатын дəрежедегі сипатта танылады». Көрнекті 
ғалым  Рəбиға  Сыздықтың  Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы 
жөніндегі  зерттеуінің  жыл  өткен  сайын  мəні  жоғарылап,  келесі 
ұрпақтарға ой-бағдар береді.
Əдебиет: 
Сыздық Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы // Абай жəне қазақ тың ұлт -
тық əдеби тілі. – Алматы, 2004.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет