Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет122/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   170
əдеби тіл терминімен атауды ұсынады.
Ал  қазақ  əдеби  тілінің:  белгілі  бір  нысаны  бар,  қарастыратын 
мəселелері  көп  аспектілі  зерттеу  объектісіне;  əрқайсысы  дербестен-
ген  əрі  бір-бірімен  сабақтасып  жатқан  бағыт-бағдарлары  бар  ғылым 


257
Тіл-ғұмыр
саласына; сондай-ақ əр қырын функционалдық тұрғыдан тану, таны-
тумен  өрістеткен  іргелі  ғылымға  айналуына,  сөйтіп  барып  жеке  пəн 
болып  қалыптасуы  жолында  академик  Р.Сыздықты  сіңірген  еңбегі 
шексіз.  Жан-жақты  ізденістің  нəтижесі  екендігі  айқын  байқалатын 
XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі жəне ХVІІІ–ХІХ ғасырларда, қазақ 
əдеби  тілінің  тарихын  тірілткен  зерттеулері  мен  əдеби  тілдің  стату-
сын  орнықтыру  мақсатында  жазған  ғылыми  мақалалары,  сондай-
ақ  əріптестері,  бүгінгі  таңдағы  белгілі  ғалымдар  Е.Жанпейісов, 
М.Балақаевтармен  бірлесе  отырып  дүниеге  келтірген  «Қазақ  əдеби 
тілінің  тарихы» (1968 ж.)  фундаменталды  зерттеулер  болып  та -
былады.
Орыс  тілінде  аса  білімпаз  ғалымдарға  қаратыла  айтылатын 
«энциклопедичность»  дейтін  термин  бар,  қазақшалағанда  дəл  ұғы-
мын  беру  үшін  білім  сөзін  тіркемесе,  мағынасы  ашылыңқырамайды. 
Ондағы  айтайық  дегеніміз,  академик  Р.Сыздықтың  энциклопедия -
лық  білім  иесі  екендігі.  Өйткені  ол  араласпаған,  дəйекті  тұжырым-
дарын  айтпаған  қазақ  тіл  білімінің  саласы  жоқтың  қасы.  Сондықтан 
еңбектері негізінде (монографиясының саны – 28) ғалым қалам тарт-
қан қазақ тіл білімінің аспектілерін былайша топтастыруға болады: 
1. Қазақ тілінің грамматикасы мəселелері;
2. Тіл тарихы: а) оның ішінде орта түркі жазба мұраларының тілі 
(Ясауи  мұралары  мен  Қадырғали  бидің  Жами-ат  тауарих  шежіре-
сі,  т.б.);  ə)  қазақ  əдеби  тілінің  теориялық  аспектілері  (ауызша  əдеби 
тіл мен жазбаша əдеби тіл; функционалдық стильдік тармақтар, қазақ 
əдеби  тілін  дəуірлеу,  т.  б.);  б)  қазақ  əдеби  тілінің  əлеуметтілігі  мен 
кодификациялануы туралы; 
3. тіл мəдениетінің проблемалары;
4. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясының проблемалары;
5. Мəтіннің лингвистикасы, т.б. 
Р.Сыздық  қазақ  əдеби  тілі  теориясының:  а)  жалпыхалықтық  тіл 
мен  əдеби  тіл  турасында:  ə)  қазақ  əдеби  тілін  дəуірлеудің  уəждеме -
сін жасауда; б) қазақ əдеби тілі мен оның құрамы, түрлері мен сипат-
ты  белгілерін  айқындайтын  принциптерін  орнықтыруда;  в)  функ -
ционалды стильдер туралы түсінікті қалыптастыруда; оларды ажыра-
татын композициялық тұтастықтар мен тілдік амалдарды белгілеуде; 
г)  əр  дəуірдің  стильдік  айырмашылықтары  мен  сөзжасамдық  амал-
дарын  саралауда;  д)  кітаби  тіл  мен  ауызекі  сөйлеу  тілі  сфералары-
ның  аясын  тарихи  мəселелерді  ескере  отырып,  анықтауда;  ж)  əдеби 
тілді  дамытудағы  индивидуалды-сөйленіс  пен  шығармашылық  фак-
торлардың  орнын  анықтауда;  з)  көне  жазба  мұралар  тілінің  əдеби 
тілді дамытудағы рөлін нақтылауда; и) əдеби тіл стратификациясының 


258
Рəбиға Сыздық
рөлі  мен  сипатын  анықтауда;  й)  мемлекеттік  тіл  мəртебесі  принцип-
терін  дамытуда;  к)  қазақ  əдеби  тілінің  репрессияланған  кезеңіндегі 
тұлғалар еңбегін жарыққа шығаруда, т.б. көп еңбек сіңірді.
Рəбиға  Ғалиқызының  ғылыми  шығармашылығы  көпқырлы,  жан-
жақты,  сан-салалы,  бірақ,  біздің  ойымызша,  ғылыми  ізденістерінің 
түпқазығы,  алтын  діңгегі – қазақ  əдеби  тілінің  тарихы  жөніндегі 
зерттеулері.
Қазіргі  қазақ  тіл  білімінің  көшбасыларының  бірі  ретінде  ел  ба-
ғалаған  Рəбиға  апайымызды  мерейтойымен  құттықтаймыз,  ғылыми 
шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Əдебиеттер:
1.  Виноградов  В.В.  Избранные  труды.  История  русского  литературного  языка. – 
М., 1978.
2. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993.
ҚазҰУ Хабаршысы. – Филология сериясы, 2004, №5(77).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет