əдеби тiлiне сiңiрген еңбегi, даму барысындағы орны, салған жол -
дары мен көрсеткен үлгiлерi деген мəселелердiң сөз болуы əбден
қисынды» [1, 9]. Осы мəселелер, əрине, терең де кең зерттеуге ай -
налуы керек. Ғалымның көздегенi де – сол!
Одан əрi ғалым-зерттеушi Əуезов əлемiнiң əсемдiгiн жалаң əс-
петтеп, жалпы тұжырыммен шектемейдi. Ұлы суреткер көркем дү-
ниенi жасауда қандай амал-тəсiлге барды, олар қалайша көркем? –
дегенге байлаулы пiкiр, тiлдiк талдаумен жауап берген. Талдаудың
негiзгi арқауы – М.Əуезовтiң 20-30-жылдардағы əңгiме-повесте-
рiнiң тiлi, жазушының сөз таңдауы, сөз қолданысы, сөз əрлеуi
немесе шығарманың композициясын құрайтын кейiпкер сөзi мен
автор сөзi деген жəне т.б. мəселелер (Бұл мəселелер əрi қарайғы
зерттеудiң өзегi болуын нұсқайды).
Бұларды стильдiк категория ретiнде талдап-танудың мəнi – Əуе-
зовтей сөз зергерiнiң тiлiн тану арқылы айқындала түсерi анық.
Сондай-ақ автордың көрсетуiнше, осы мəселелер сөз зергерiнiң тiл -
дiк-стильдiк феноменiне байланысты ойлар мен ұсыныстардың бiр
парасы ғана. Болашақта «Əуезов тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi», «Фра-
зеологиялық сөздiгi» т.б. ұланғайыр зерттеу нысаналары күтуде.
Əуезовтану ғылымы жалғаса беруi қажет деген ой-тамызық тас -
талады.
Əрбiр қаламгердi халық өкiлi десек, ол өз шығармалары арқылы
халқының тiл байлығын ғана көрсетпейдi, сонымен бiрге халықтың
268
Рəбиға Сыздық
елдiк дəрежесiн, ой-таным көкжиегiн де қоса танытатынын ғалым
Р.Сыздықова қажеттi тұстарда, талдау барысында егiз өрiм етiп,
қанаттастырып отырады. Шығармалары сөз болған авторлардың
бəрi – сөзiнiң сымбаты үшiн ғана емес, танымының тереңдiгi, бiлiм-
бiлiгiнiң кемелдiгi тұрғысынан да ғалым назарына iлiгiп отыр. Əде-
биетiмiздiң бүгiнгi биiк талғам-таразысына Ə.Кекiлбаев, Ш.Мұртаза,
О.Бөкеев шығармашылығы сай келiп жатса, оны осы сапалары ай-
ғақтап берерi аян. (Жаңа зерттеумен толығу керек).
Көркем шығармаға тiлдiк талдау жасаған зерттеушiлер жазу-
шы шеберлiгiн көбiнесе оның тiлiнен iздейтiнi белгiлi. Ал тiлшi-
ғалым Р.Сыздықованың кең масштабты (кең тынысты) зерттеулерiне
тəн ерекшелiк: ғалым шеберлiктi тек тiлге ғана тiремейдi. Көркем
шығарманың негiзгi үш тiнiн бiрлiкте алып қарастырады: яғни ой-
идея, тiл жəне образдың (кейiпкер) бiрiге кiрiккен тұтастығынан, осы
үшеуiнiң одағынан шеберлiк iздеу – Р.Сыздықова межесiнiң биiк -
тiгiн танытса керек [1, 83-84; 11-112; 135].
Бұл – когнитивтi лингвистика деген жаңа арнаға бұру деген сөз.
80-жылдың ортасында Европада Дж. Лакофф, Ф.Унгеред жəне
Х.И. Шмидт атты ғалымдар бастаған жаңа сала орыс ғалымдары
Н.Д. Арутюнова, Ю.С. Степанов, В.А. Маслова еңбектерiмен жал-
ғасуда. Қазақ лингвистикасы өз табиғатына сай бұл арнаны кеңей -
терi сөзсiз.
Еңбектiң 2-бөлiмi тiл бiлiмiнiң аса күрделi саласы – стилистика
мəселелерiне арналған. Қай тiлде болмасын, оның iшiнде қазақ тiл
бiлiмiнде де, шешiмiн күткен немесе кең де терең талдауды қажет ет-
кен мəселелер ұшан-теңiз. Осы тарауда автор функционалдық стиль
мəселесiне тоқталып, оның айырым белгiлерi мен анықтамасын
қазақ тiл бiлiмi тұрғысынан сипаттайды, сонымен қатар қазақ сти-
листикасы аясында шешуiн күтiп тұрған мəселелердi жүйелеп бередi.
Бiздiң тiл бiлiмiнде стиль мəселесiнiң бiрiзге түспеген терминдерi -
нен бастап, мүлде сөз етiлмеген тың зерттеу объектiлерi молынан
бары белгiлi.
Автор функционалдық стильдердi жiктеуде тiлдiң əлеуметтiк
қызмет түрiн ескерудiң мəнi барын да назарға алады [1, 163].
Еңбектiң назар аударар тағы бiр тұсы қазiргi көптеген əдеби
тiлдердiң функционалдық стильдер жүйесiнде ұқсастықтар болуы-
мен бiрге, əрбiр ұлттық əдеби тiлдiң белгiлi бiр стиль жүйесiнде
экстралингвистикалық факторларға қарай өзiндiк ерекшелiгi де бо -
луы мүмкiндiгiн ескертедi (Бұл көп жағдайда зерттеудi орыс тiл
бiлiмiнiң қалыбына салып жiберуден сақтандыратыны хақ. Яғни
əр тiлдiң типологиялық, ұлттық т.б. ерекшелiгiн назарда ұстау –
дұрыс ғылыми пайымға жетелерi дау туғызбасы анық).
269
Достарыңызбен бөлісу: |