Б. Шалабай
филол.ғ.д., профессор
СӨЗ ҚҰДІРЕТІН ЗЕРДЕЛЕУ ҮЛГІСІ
Рəбиға Сыздық жазушы тілінің көркемдігі, шеберлігі туралы
мəселені оның мəнері (стилі) деген ұғыммен байланысты алып қа -
райды. Ал, «жазушының тілі» дегенге келсек, ол – қаламгердің жал-
пыға ортақ тіл қазынасынан алып көпшілікке қолданған, көптеген
жазушыға тəн сөздік байлық пен грамматикалық тұлға-тəсілдер, орыс-
ша айтқанда, первоэлемент, яғни жазушы тілінің сүйегі».
Жазушы тілінің көркемдігі, жазушының сөз қолдануындағы ше-
берлігі, мəнері тұрғысынан зерттегенде, «оны классикалық грамма -
тика схемасына салып бұтарлаудың, яғни барша категорияларды
түгендеп шығудың кажеті жоқ».
Ғалым алғашқы еңбектерінде Абайдың шығармашылығын толық
лексика-грамматикалық «сүзгіден» өткізіп, сол арқылы оны стилис-
тикалық тұрғыдан талдаудың алғышарттарын жасайды. Оның себе-
бін өзі былай түсіндіреді: «Зерттеу объектісі мен аспектісін бұлай-
ша талдауымыздың себебі мынада: Абай – дайын тұрған əдеби
тілді пайдаланған қатардағы қаламгер емес. Абай – сол əдеби тілдің
дамуы жолындағы жаңа дəуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің
іргетасын қалаушы адам. Екінші, Абай лингвистикалық талдау үшін
259
Тіл-ғұмыр
үлкен мəні бар екі салада – поэзия мен проза түрінде жазған адам,
оның үстіне поэзиясында да, прозасында да бірнеше жанрлардың
белгілері бар мұраның иесі. Осының барлығынан Абай тілі өз тұ-
сындағы қазақ жазба əдеби тілін белгілі бір шамада толығырақ
көрсететін дəрежеде танылады. Сондықтан Абайдың шеберлік лабо-
раториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен грамматика -
сын таза лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу
қажеттігі сезіледі. Бұл талдаудың материалдары мен нəтижелері, бір
жағынан, қазіргі жазба əдеби тіліміздің XIX ғасырдың 2 жартысын -
дағы – өзінің басталар тұсындағы лексика-грамматикалық сипатын
белгілі бір дəрежеде танып-білуге септігін тигізер болса, екінші
жағынан, ұлы ақынның жазушылық шеберлігі мен өзіне тəн стильдік
тəсілдерін жəне оның қазақ əдеби тіл дамуындағы шоқтығы биік ор-
нын танытуға арналатын «Абайдың тілі» деп аталуға тиісті əдеби-
лингвистикалық зерттеу жұмысына дайындық болар деген мақсатты
көзделік».
Соның өзінде Абай өлеңдерінің грамматикалық құрылысын тал-
дай отырып, Рəбиға Сыздық ақынның образ жасаудағы көркемдік
өлшеуіштеріне тоқтамай өте алмайды. Мысалы, ол былай дейді:
«... Көп сəттерде Абайдың ұйқасқа алынған сөздері мен өлең (не-
месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жатады.
Мысалы, «единица – жақсы, ерген елі бейне нөл, единица кеткенде
не болады өңкей нөл» деген идеяны бір өлеңнің өзегі еткен Абай,
алдымен, орыстың осы сөзін (ноль) образ-стилема етіп қазақ əдеби
тіліне енгізледі, құр енгізіп қоймайды, оған негізгі ой екпінін түсіруді
көздейді, сондықтан да оны екі рет тармақ соңына шығарып, 36 жол-
дық тұтас өлеңнің бастан-аяқ ұйқасын осы сөзге құрады. Сөйтіп, нөл
сөзі ерекше таныла түседі, өлең идеясының өзегін таныта түседі».
Тағы да: «... Абайдың -ып жұрнақты көсемшемен берілген өлең-
дерінде (оның ішінде бұл тұлғаның тиянақты түрде болып келген
сəттерінде ғана екенін атап көрсету керек) белгілі бір эмоциялық
бояу бар екендігі танылады. Мысалы, үздігіп табысқан, жүректері
лүпілдеп, көңілдері шарқ ұрған екі ынтық жастың күйін суретте-
ген өлеңінде (əңгіме Абайдың «Қызарып, сұрланып» өлеңі туралы
болып отыр) Абай баяндауыштарды тек көсемшемен береді... Мұн-
дағы лүпілдеу, үздігу мотивін өлең текстімен қатар, өлшеміде, мор-
фологиялық тұлғасы да қоса білдіреді.
Өткен шақ көсемшеде «асыға», үстемелете жете қабыл орындал -
ған (немесе орындалатын) іс-əрекет, қимыл-қозғалыс семантикасы
бар. Сондықтан асау Теректің ағысын суреттесе де, ала қыстай бұ-
йығып, қыстауға тығылып шыққан елдің көктемдегі аққан селдей
260
Достарыңызбен бөлісу: |