Б. Нұрдəулетова
филол.ғ.д., профессор
Р.СЫЗДЫҚОВА ЗЕРТТЕУЛЕРIНДЕГI
ПОЭТИКА ТIЛI МƏСЕЛЕСI
Поэтика сөз өнерiнiң ғана емес, жалпы өнер атаулының (искус -
ство) көркемдiгiн зерттейтiн ғылымның өте ежелгi түрiнен санала-
ды. В.В. Жирмунский «Поэтика – поэзияны өнер ретiнде зерттейтiн
ғылым» деп атап көрсеткен едi [1.115].
Поэтиканы көркем əдебиеттiң танымы мен тiлiне қатысты ғылым
ретiнде қарастыру Батыста Европа романтизмiнiң өкiлдерi И.Гер-
дер, Ф.Шиллинг, Ф.Ф. Шлегель есiмдерiмен байланысты болса, бұл
мəселеде тың теориялық-лингвистикалық негiздемелер В.Гумбольт,
Штейнталь еңбектерiнде көрiнiс тапты.
Тарихи поэтика мəселелерi Ресейде акад. А.Н. Веселовский ең-
бектерiнен бастау алды (А.Н. Веселовский «Историческая поэтика»)
Поэтиканың теориялық мəселелерiн лингвистикалық тұрғыда сөз ет-
кен А.А. Потебня болды. Өнердi түр мен мазмұнның (форма и содер-
жание) бiрлiгiнен ғана тұрады деп есептейтiн дуализм iлiмiне қарсы
А.А. Потебня «Сөз өнерi теориясы туралы жазбалар» атты еңбегiн-
де поэзияны «образдар жөнiндегi өнер түрi» деп сипаттайды. Ол
ұсынған құрылым бойынша поэтикалық сөйлеудiң жүйесi мен басты
белгiлер: көркем-əдеби шығармалардың құрылымдық ерекшелiк -
терiн айқындаумен тұтас қаралды.
А.А. Потебня тiлдiң сөйлеу қызметiн поэтикалық тiл, прозалық
тiл деп екiге бөлiп қарастырады. Осы теорияны дамыта отырып
Л.П. Якубинский «сөйлеушiнiң қандай тiл материалын таңдауына»
байланысты сөйлеудiң екi түрiн атайды: өзiндiк бағалауыштық
қасиетi жоқ, қатынас құралы дəрежесiндегi «практикалық тiл» жəне
практикалық мақсаттан гөрi бағалауыштық əсерi басымырақ «поэ -
тикалық тiл жүйесi». Тiлдiң екi жүйесi туралы идея кейiн В.М. Жир-
мунскийдiң еңбектерiнде дамытылады. Ол «ғылыми тiл» жəне «поэ-
зия тiлi» түрiндегi екi тiл жүйесiн ажырата сипаттайды. Мəселен,
ғылыми тiлде «барлық денелер құлайды» деген тұжырымды «кез
келген дене құлауға бейiм» немесе «құлау əрекетi барлық денелерге
тəн» деген сөйлемдермен бере аламыз. Сөйлем құрылымы өзгерсе
де, оның негiзгi мазмұнына танылатын қағида өзгерiссiз қалады.
Яғни ғылыми тiлде сөздiң сыртқы формасы рөл ойнамайды, мазмұн
мен мағына ғана басты рөл атқарады. Кейде ғылымда мазмұн сөзбен
емес, арнайы формулалар арқылы да берiледi. Бұған қарама-қарсы
273
Тіл-ғұмыр
поэзия тiлi көркемдiк принципке құрылады, элементтерi эстетикалық
жүйеге бағынып, көркемдiк мағына бередi, синтаксистiк құрылымы
бунақтармен шектелген өлшемнен тұрады.
Поэтиканы əдебиет теориясының бiр саласы ретiнде қарстырған,
белгiлi бiр дəуiр əдебиетiнiң көркемдiгiне немесе жеке автордың
көркемсөз шеберлiгiне арналған немесе тарихи поэтика мəселелерiн
қамтитын өзге еңбектердi былай қойғанда, поэтиканы шын мəнiнде
лингвистикалық iлiм ретiнде негiздеген акад. В.В. Виноградов едi.
Ғалым «Поэтикалық сөйлеу теориясы» деген еңбегiнде коммуника-
тивтiк лингвистиканың құндағында қаралатын поэтикалық сөйлеу
теориясы поэтикалық шығарманы негiзгi тiлдiк материал ретiнде
ала отырып, оның құрылымдық табиғатын, поэтикалық мəн беретiн
құрал түрлерiн зерттеп, поэтикалық шығарманың iшкi эстетикалық
құндылығын ашуға күш салатынын тарата көрсетедi.
Поэтиканы онымен тамырлас өзге ғылым түрлерiнен ажырата
зерттеуде В.В. Виноградовтың «Поэтика жəне оның лингвистика
мен əдебиет теориясына қатысы» атты еңбегiнiң мəнi зор.
Ол «Поэтикалық сөйлеу теориясына» арналған еңбегiнде поэти-
калық сөйлеудi көркемдiк ойлаудың құралы ретiнде алып, оны ғы-
лыми ойлау тiлiмен салыстырады. Жаратылыстың түрлi заңдылық-
тары мен байланыстарын, олардың дамуын, заттар қарым-қатынасы
құбылыстарды түсiндiрiп, адам санасына жеткiзудiң құралы болып
табылатын ғылым тiлi нақтылықты ықшамдылықты қажет етедi.
Онда адами сезiмдер (эмоция) көрiнбейдi. Немесе ғылым тiлiнде
сөздердiң жеке мəнi, құрылымы рөл ойнамайды. Ал сөз өнерiнiң
тiлiн басты құралы етiп жан-жақты шығармашылықпен жымдасты-
рылған, жекелiк болмысының əсерлiлiгiмен адам қабiлетiнiң рухани
бiтiмiне ықпал ете алатындай сөйлеу тiлiн таңдайды.
Тiлдiң екi түрлi сипаты жайындағы бұндай көзқарастар тiлдiң
информативтiк, коммуникативтiк қызметтерiнен де өзге оның ком-
мулятивтiк, экспрессивтiлiк, эстетикалық қасиетiнiң бар екендiгi ту-
ралы тұжырымдарға алғашқы негiздемелер болғаны сөзсiз.
Қазiргi таңда лингвистиканың iргелi саласына айналған когни -
тивтi лингвистиканың бастамасы деп бағалауға болады.
Жалпы поэтикалық тiлдi зерттеу орыс тiл бiлiмiнде, соның iзiмен
қазақ тiл бiлiмiнде, негiзiнен шығарманың көркемдiк құндылығын
зерттеумен байланысты əдебиеттану аясында қарастырылып келдi.
Қазақ батырлық жырларының поэтикасын зерттеген профессор
Ш.Ыбыраев: «Қазiргi кезде «поэтика» терминiнiң өзi нақтылы зерт-
теулерге келгенде екi түрде қолданылып жүр. Бiрiн – поэтиканы сөз
өнерiндегi түрлi көркем формалардың өзара байланысқа түскен
274
Достарыңызбен бөлісу: |