Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


Г. Мұратова филол.ғ.д., профессор Р. СЫЗДЫҚОВА – ҚАЗАҚ ТIЛ БIЛIМIНIҢ



Pdf көрінісі
бет127/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   170
Г. Мұратова
филол.ғ.д., профессор
Р. СЫЗДЫҚОВА – ҚАЗАҚ ТIЛ БIЛIМIНIҢ 
ЛИНГВОСТИЛИСТИКА САЛАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
«Сөз  патшасы,  сөз  сарасы  салтанат  құрған  өнерде  толғауы 
тоқсан қызыл тiлдiң» тегеуiрiндi құдiретiн таныту – оны қолданушы 
қаламгерден  де,  зерттеушi  ғалымнан  да  үлкен  бiлiктiлiктi,  парасат-
пайым мен зерделiктi талап етерi сөзсiз.
Тiлдiң  көркемдiк  күш-қуатын  ақын-жазушы  қандай  шеберлiкпен 
таныта  алса,  қаламгер  тiлiнiң  сол  көркемдiгiн  өз  дəрежесiнде  сара-
лай  бiлу – зерттеушiден  одан  да  асқан  өнерпаздықты  (ұсталықты) 
қажетсiнерi  белгiлi.  Бұндайда,  əрине,  салмақ  зерттеушiге  түсерi  аян. 
Ол  үшiн  зерттеушi-ғалым  жай  ғана  бағалаушы,  сипаттаушы  емес, 
сөз  құдiретiн  де,  қаламгер  қабiлетiн  де  түйсiне  алар  аса  сезiмтал, 
пайым-парасаты  толысқан,  салиқалы  ой  иесi  болуы  керек.  Осындай 
үлкен  мiндеттi  белгiлi  лингвист-ғалым  Р.Сыздықова  əр  зерттеуiнде 
өзiне жүк етiп арқалап алады.
Бiлмекке құмар оқырман мен ғылымға бет қойғандар ғалым еңбе-
гiнен  тапқан  байлығын  «құтысына  көңiлiнiң  құйып  алады»  жəне 
«төгiп алмай дəлдеп құяды» (Дулат ақын) деп есептеймiз.
Ғалым  өзiнiң  ғылыми  бағытын  жəне  бүгiнгi  тiл  бiлiмi  алдында, 
нақты айтқанда, қазақ лингвостилистикасы алдында тұрған маңызды 
мiндеттердi «Сөз құдіретi» атты мəнi терең еңбегiнде саралап, жүйе -
леп  берген. «Сөз  құдiретi» – танымдық-теориялық  құндылықтан  тұ-
 ратын  зерттеу  кешенi (егер  солай  айтуға  болса).  Кiтаптың  сыр-
сипаты  кəдiмгi  зерттеу-талдаудан  өзгеше.  Оның  астарына  үңiлсек, 
талдаудан  гөрi  стилистиканың  мiндетi,  болашақ  зерттеу  нысанда -
рын  айқындау  екендiгiне  көз  жеткiзесiң.  Сол  зерттеулер  қандай 
болу  керек,  ол  қалай  шешiледi  дегенге  жол  салып,  жоспар  құрып 
бередi.  Нақтылай  түсер  болсақ,  бiрiншiден,  ол – маңызы  зор  оқу 
құралы;  екiншiден,  ғылыми  бағдарламалық  нұсқаулық  (жаңа  зерттеу 
тақырыптары); үшiншiден, тiлдiк-лингвостилистикалық талдау.
Кiтап  «Жазушы  тiлi  жəне  оның  көркемдiк  əлемi», «Функционал-
дық  стильдер.  Көркем  əдебиет  стилi»  деген  екi  бөлiмнен  тұрады  да, 
iштей бiрнеше тарауларға бөлiнедi. Бұл еңбекпен танысу барысында 
байқағанымыз – автордың алға қойған мақсаты қаламгердiң сөздердi 
қалай  «сөйлетiп», «оған  жан  бiтiргенiн»  танытумен  ғана  шектел-
мейтiнi.  Ең  бастысы,  ұлттық  əдебиеттiң  бейнелеу  жүйесi – оның 
көркем  ойлауы  мен  таным  тереңдiгiн  қоса  танытатынына  да  баса 


267
Тіл-ғұмыр
назар  аударту.  Зерттеудiң  өн  бойында  осы  идея  желiсi  үзiлмей  тар-
тылып  отырады.  Ойы  орамды,  бояуы  қанық,  эстетикалық  əсерi  мол 
сөз  суреттерi  ғана  сырлы  дүниеге,  рухани  игiлiкке  айналары  белгiлi. 
Олай  болса,  биiк  талап  төрiнен  табылар  туындылар  қазақ  əдебие -
тiнде молынан кездесетiнiн талғамы терең оқырман жақсы бiледi.
Кiтаптың  бiрiншi  бөлiмiне  барлау  жасағанда  байқалғаны:  көркем 
əдебиеттiң  биiк  талғам  дəрежесiне  сай  қызмет  ете  бiлген  қаламгер-
лер:  Ə.Кекiлбаев,  Ш.Мұртаза,  О.Бөкеев,  А.Сүлейменов,  М.Мағауин, 
С.Бердiқұлов  шығармашылығының  шынайы,  көркем  табиғатын 
танытуды  тiлшi-ғалым  Р.Сыздықова  мақсат  етiп  қойған.  Дəлiрек 
айтқанда,  тiл  құралдарының  сыры  мен  сынын  түсiнуде  осы  қалам-
герлердiң  кейбiр  туындыларын  үлгi-нұсқа  ретiнде  алған.  Ал  сөз 
басы М.Əуезов тiлiн танудан («Мұхтар Əуезов – көркем сөздiң пiрi», 
I бөлiм) басталу себебiне Р.Сыздықованың өз сөзi дəлел болатындай.
«...Суреткерлiк  еңбегiн  ұлттық  тiлдiң  тарихына  байланыстыра 
сөз  ететiн  қалам  иелерi  болады...  Тiлдi «анық,  зор  өрiске»  шыға-
рушылардың  топ  басында  М.Əуезовтiң  өзi  тұрады.  Сол  себептен 
М.Əуезов  тiлiнiң  көркемдiк  сипатын  танумен  қатар,  оның  қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет