Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет129/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   170
Тіл-ғұмыр
Еңбек – қазақ  көркем  əдебиетi  функционалдық  стилiне  арналып, 
оның  байырғы  көздерi,  қалыптасу  кезеңдерi,  өзге  стильдермен  қа -
рым-қатынасы  тiлге  тиек  етiледi: «Көркем  əдебиет  стилистикасы – 
негiзiнен  сөз  қолданыс  шеберлiгiн,  сөз  эстетикасын,  сөздердiң  кон-
текстегi «қылығын»  зерттейтiн  ғылым  саласы», – деген  қысқа  да 
нақты  тұжырым  жасайды [1, 175]. Одан  əрi,  күн  тəртiбiнде  тұрған 
арнайы  зерттеу  мəселелерiне  де  назар  аудартады.  Олар: 1) көркем 
əдебиет тiлiнiң өзге функционалдық стильдермен өзара байланысы; 
2)  тiл  құралдарын  эстетикалық  қызметте  жұмсау  принциптерiн 
айқындау; 3) жеке  қаламгердiң  ұлттық  əдеби  тiл  тарихындағы 
рөлi сияқты мəселелер. «Сөз құдiретiнiң» ең бiр маңыздылығы – бо-
лашақ  зерттеу  нысанасын  белгiлеп,  зерттеушiнi  таным  объектiсiне 
жетелеуiнде.
Бiрнеше  ондаған  сұрақтардың  iшiнде  жалпы  тiл  бiлiмiнде  зертте-
лiп  жүрген,  бiрақ  бiзде  терең  сөз  етiле  қоймағаны  да,  тек  қазақ  тiлi 
табиғатына  тəн  мəселелер  де  қозғалады.  Мəселен, (қазақ  ментали -
тетiне  тəн)  шешендiк  сөздер  мен  ата-тегiн  тарату  үлгiлерiн  функ-
ционалдық стиль дəрежесiнде сөз ету қажеттiлiгi [1, 145]; Шежiренi 
өз  алдына  стиль  жүйесiнде  қарастыру [1, 169] тəрiздi  тiкелей  қазақ 
табиғатына  тəн  мəселелер  немесе  өзге  тiлдерде  бiрнеше  зерттеудiң 
өзегiне  айналғанымен,  қазақ  тiлiнде  лингвостилистиканың  қарасты-
рыла  қоймаған  фраза  құру,  автор  образы,  ұлттық  көркемсөз  нор-
малары  сияқты  зерттеу  нысандарының  барына,  маңызының  зорына 
нұсқайды. Тек нұсқап қана қоймайды, əрi мəселенi iштей саралап, əр 
саласын  жiктеп,  даралап  көрсетiп  отырады.  Мысалы:  қазақ  көркем 
əдебиетi тiлiн зерттеудi өз iшiнен 1) көркем поэзия; 2) көркем проза; 
3)  драматургия; 4) көркем  публицистика  деп  бөлу  керектiгiн  ескер -
тедi жəне олардың пайда болу, əрi қарайғы дамуының тарихи кезең-
дерiн  де  қарастыру  қажеттiлiгiн  атап  көрсетедi [1, 176]. Тағы  бiр 
мысал:  стилизация  мəселелерiн  сөз  ету  керек  болса,  оның  өз  iшiнде 
интеллектуализация,  интимизация,  фольклоризация  сипаты  бар  шы-
ғармаларын iздестiру керектiгiн айтады [1, 186].
Еңбектiң  əр  бетiнен  дерлiк  шешiлуге  тиiстi  түйiндер  ұшы  көрсе -
тiлiп  отырады.  Сүбелi  зерттеулерге  айналуы  тиiс  қадау-қадау  мə-
селелер тайға таңба басқандай айқын да нақты берiлген: мəселен, пар-
целляция құбылысы [1, 45]; синтаксистiк қайталамалар [1, 49]; дiни-
теологиялық  стиль [1, 166]; əрбiр  стильдi  жеке-жеке  арнайы  зерт-
теу [1, 1171]; қала, ауыл тiлi, ұлттық көркемсөз нормалары [1, 181]; 
50-60  жылдармен 70-80 жылдар  кейiпкерлерi  тiлiнiң  арасындағы 
айырмашылық [1, 181] т.б. зерттеу объектiлерi.
Егер  ғалым  Р.Сыздықова  нұсқаған  мəселелер  нақты  зерттеу 
нысанасына  iлiгер  болса,  қазақ  лингвистикасы  одан  əрi  белеске  кө-


270
Рəбиға Сыздық
терiлiп,  қазақ  тiл  бiлiмiнiң  лингвостилистика  саласы  əрi  қарай  ше -
шiмiн  тауып,  толық  ғылыми  кемерiне  келер  едi.  Бүтiндей  бiр  зерт-
теу  бөлiмi  атқаруға  тиiстi  үлкен  iстi «Сөз  құдiретi»  кiтабының  ав-
торы  ғылыми  тұрғыда  жүйелеп,  ғылыми  зерттеу  тақырыптарының 
атын атап, түсiн түстеп дайын «рецепт» (нұсқау), бағдарлама-жоспар 
ұсынып  отыр. (Қазақ  тiлi  ендi  ғана  мемлекет  назарына  iлiге  берген-
де, қаржы тапшылығынан ғылым да қыспаққа түсiп қалды, дей тұрсақ 
та,  талап  пен  талант  болған  жерде  тiлге  тағзым  тұсалмасы  ақиқат. 
Қазiргi  уақытта  көптеген  iрi  жоғары  оқу  орындарында  аспирантура 
мен  диссертация  қорғайтын  арнайы,  ғылыми  кеңестер  ашылып  жат-
қанда,  жас  зерттеушiлер  өз  ғылыми  бағытын  осы  мəселелер  төңiре-
гiнде орайластырса ше!).
Қаламгердiң  «жiбек  жiп-сөзбен  жыр  кестесiн»  қалай  төгiлдiр -
генiн  (Дулат  ақын)  көрсету  үшiн  немесе  көркемсөзге  деген  шеберлi -
гiне  ғылыми  топшылау  жасау  үшiн  зерттеушi-ғалымға  асқан  бiлiм 
биiгi де қажет. Олай болса, ғалым Р.Сыздықованың тiл қуаты, шебер-
лiк  шеңберi  сол  сөз  өнерiн  машық  еткендермен  теңесiп  жатқанына 
көз жеткiзуге болады. Сонымен қатар, шығармада сөз болып отырған 
iрiлi-ұсақты  қоғамдық-əлеуметтiк  мəселелер  жөнiнде  таным-түсiнiгi 
де терең.
Қазақ  халқының  бастан  кешкен  тарихи  оқиғаларын  сөз  ет-
кен  «Аласапыран», «Үркер», «Елең-алаң»  шығармалары  ма,  əлде 
спорт  тақырыбы  мен  рухани  əлем  «құпиясы»  сөз  болатын  «Үшiншi 
подъезд», «Қайдасың қасқа құлыным», «Мұзтау» шығармалары ма – 
бəрi-бəрiнде  жанрына  орай  стильдiк-тiлдiк  ерекшелiгiн  талдай  бiлу 
ғана  емес,  суреттелген  оқиғаларды  терең  бiлетiн  тарихи  пайымы, 
жалпы  таным  көкжиегi  қоса  аңғарылып  отырады.  Сөйтiп,  тiл,  оқиға, 
«ғалым-зерттеушi  образы»  дегендер  диалектикалық  бiрлiкте  сабақ-
тасып, аса бiр əдемi үндестiк тапқан шығарма – «Сөз құдiретi».
«Сөз  құдіретi»  еңбегiнiң  өз  баяндау  тiлi  қандай  дегенге  тоқтал -
сақ,  оның  авторы – стилист-ғалым  Р.Сыздықованың  тiл  шеберлiгi 
туралы сөз қозғау оңай шаруа емес. Талай шығарма тiлiн аса жоғары 
деңгейде  саралап  жүрген  стилист-ғалымның  тiлiн  сөз  етудi,  ой-
пiкiрiмiздi бiлдiрудi мақсат еттiк.
Оқырманның  бəрiнiң  филологиялық  даярлығы  болмауы  мүмкiн 
екенiн ескерген автор бастан-аяқ ғылыми стилизацияға бой ұрмайды. 
Қалың  оқырманның  түрлi  аудиториясын  ескере  отырып,  түсiнiксiз 
терминдер  мағынасын  бiрде  ұғыныңқы  тiлмен  қарапайым  мəндес 
сөздер  арқылы  бередi,  ал  бiрде  орыс  тiлiндегi  балама  нұсқасын  қоса 
көрсетедi.
Өзiнiң  ой-пiкiрiн  қайтсе  мойындатуды  емес,  өзгенiң  ойына  ой 
қосу, пiкiрiн ұштауға бағыттап отырады.


271
Тіл-ғұмыр
Үнемi  дəлелге  жүгiнедi  де,  дəйексiз  дəлел,  айғақсыз  айқындама 
берудi мақсат тұтпайды.
Ғылым  академиясының  академигi,  филология  ғылымдарының 
докторы,  белгiлi  лингвист-ғалым  Рəбиға  Сəтiғалиқызы  Сыздықова-
ның «Сөз құдiретi» атты еңбегiнде мына мəселелерге көңiл бөлiнген 
жəне  бiрнеше  мiндеттер  қоса  шешiлген:  бiрiншiден,  əдебиетiмiзде 
биiк  дəрежелi  шығармалар  қатарының  аз  еместiгi,  əрi  олардың  тiлiн 
зерттей  түсу  қажеттiгi;  екiншiден,  жан-жақты  лингвистикалық-ғы-
лыми  зерттеу  жасау  үшiн  қажеттi,  бiрақ  əзiрге  олқы  жатқан  теория-
лық  тұстарды  терең  де  тиянақты  зерттеуге  айналдыру.  Бұл  ойлар -
дың  орайласар  тұсы  мына  мiндеттер  төңiрегiнен  табылады  деуге 
негiз  бар.  Шығарма  тiлiн  талдау:  əуелi,  əдеби  тiл  өресiн  танытады; 
одан  кейiн  тiл  байлығына  тамсантады;  сонан  соң  тiл  тазалығы  мен 
сұлулығына  сұқтандырады;  ең  бастысы,  тiлдi – ұрпаққа  сыры  мен 
сынын (келбетiн) бұзбай жеткiзе бiлуге үндейдi.
Еңбектiң  тағылымы  қандай  дейтiн  болсақ,  бұл  тəрiздi  тiлдiк-
стильдiк  талдаулар  шығарманы  түсiнiп  оқудың  жоғары  мəдениетiн 
қалыптастырады  (əсiресе,  филологтар  назарға  алуы  керек).  Екiншi-
ден,  оқырманның  жалпы  тiлдiк  мəдениетiн  көтередi.  Үшiншiден, 
шығарманы ой көзiмен, көкiрек көзiмен қабылдай бiлуге, сөйтiп, өнер 
туындысы деп бағалауға жетелейдi.
Олай болса, «Сөз құдiретi» – қазақ сөзiн қастерлей бiлетiн барша 
қауымға қажеттi құрал, болашақ филолог-ғалымға – қару.
«Əркiмге  бiрдей  нəрсе  бермес  базар,  əркiмнiң  өзi iздеген  нəрсесi 
бар» (Абай) дегендей, тiл теңiзiне бет қойған болсаңыз, өз қажетiңiздi 
табуға, «маржан  дүние  сүзуге»  сəулесi  бар  ой  иесiн  шақырады,  ой-
ландырады.
ҚР  ҰҒА-ның  академигi,  филология  ғылымдарының  докторы 
Р.С.  Сыздық – қазақ  тiл  бiлiмi  саласына  салмақты  ойы,  салиқалы 
пiкiрi  бар  сүбелi  еңбектерiмен  өз  үлесiн  қосып  келе  жатқан  зерттеу -
шi-ғалым.  Ұлттың  рухани  өмiрiнде  өзiне  лайық  орнын  мол  дүние-
лерiмен  ойып  алған  Р.С.  Сыздық  ғылыми  кадрлар  даярлауда  да, 
ғылыми  жаңа  мəселелердi  шешуде  де  үлкен  iс  атқарып  келе  жат-
қаны  мəлiм.  Зерттеу  нысанына  жаңа  қырынан  келу,  уақыт  талабы -
на  сай  өзгерiстердi  қабылдай  бiлу,  əлемдiк  тiл  ғылымындағы  «жаңа-
лықтардан»  қалмау  сияқты  мiндет-мақсаттар  əр  еңбектiң  бойынан 
табылуы  керек  деген  талап  қояды.  Солай  еткенде  ғана,  қазiргi  қазақ 
тiл  бiлiмi  əлемдегi  өзге  тiлдермен  тең  дəрежеде  дами  алады.  Ғалым -
ның көздегенi – осы биiк.
Академик Р.Сыздық жəне қазақ тіл білімі мəселелері. 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 
Алматы: Арыс, 2004. 


272
Рəбиға Сыздық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет