проблемалары қандай деген мəселелерде оқырмандардың бəрінің
жауаптары негізінен бір сипатта болады да, ал зерттеу нысанына
алынған мəселе қалай талданған, өзге зерттеушілерден өзгешелігі
неде типтес сұрақтарда оқырмандар жауабында алшақтықтар болуы
əбден мүмкін. Осы ортақтыққа мүмкіндік беретін – дискурсқа қойы-
латын жалпы шарттар. Нақты атасақ, ортақ тақырыптың болуы,
тілдік бірліктің не грамматикалық кодтың жəне оның пропозиция-
лы құрылымдарының ақпараттық мазмұны жағынан тең түсуі мен
олардың дискурста қабылданатын мəтіндегі қайталанулары т.б.
Мысалы, «Абайдың сөз өрнегі» монографиясын қабылдаушы (оқыр-
ман) «сөз басынан-ақ» автордың өзіне арналған «үнін», өзіне қарата
арнайы айтылған сөзін естиді. Мəтіннен үзінді келтірсек: «Бұл ең-
бекпен танысу үстінде оқырманнан мына ескертпелерімізге құлақ
асуларын өтінер едік... Егер Абайдың классикалық биіктен көрінген
тілі жайында жалпылай айтылған мадақ сөз емес, талдап-тарат-
қан ғылым сөзі керек болса, оқырман қауымнан осы еңбекті соның
бір үзігі деп қабылдауын қалаймыз» [5, 7;8]. Автор мəтінінің креа-
тивтік нұсқасын анықтауда қайталанатын құрылымдар мен ақпарат-
тық мазмұндар рецептивтік нұсқада да ортақ көңіл аудартатын
сипатта болады. Бұған мынадай мысалдарды атауға болады. Р.Сыз-
дық өзінің оқырманына образдың эстетикалық өрісін (зонасын)
түсіндіруде Абай шығармаларының мəтіні арқылы ақынның мəтін
түзудегі креативтік нұсқасын анықтаған, бұған дəлел ретінде ғалым-
ның төмендегідей тұжырымдарын келтіруге болады: «Абай өлеңнің
«іші алтын, сырты күміс» болуын қалағанда, ол поэзияның терең
(көп) мəнді, аз сөзді болуын көздейді (біздің айырықшалауымыз –
К.С.), сондықтан сырттай əсерлі көрінетін қызыл сөздерден аулақ
болу принципін ұстайды (біздің айырықшалауымыз – К.С.). Осы се-
бептен де дəстүрлі эпитеттерге əрдайым иек арту өзінің айтпақ ойы -
333
Тіл-ғұмыр
на сай келмей, көп сөзділікке апаратынын Абай жақсы сезген
(біздің айырықшалауымыз – К.С.). Абай соны эпитеттерді молырақ
ұсынады жəне ол эпитеттердің көркемдігі, əсерлілігі бұрынғылардан
артық болмаса, кем еместігін біле тұрғанмен, кəнігі түрлеріне құлағы
үйренген оқырманға жаңа эпитеттердің шу дегенде əсерлі болып
естілмейтінін де сезеді. Сондықтан «көкірегі сезімді» оқырманға –
«өлеңі бар өнерлі інілеріне» – өз поэзиясын «əсіре қызыл емес деп
жиренбеңіз, түбі терең сөз артық, бір байқарсыз», – дейді [5, 33].
Бұл тұстағы айырықшаланған бірліктер ақын санасын зерттеушінің
мəтін арқылы болжауын көрсеткенін айқындайды. Яғни ақын осылай
ойлап, соған сай бірлік қолданған деген ой берілген. Абай ақынның
сөз өрнегін ғалым ақын туындыларының мазмұны мен таңдалған
тіл бірлігінің сəйкестігін анықтаумен айқындаса, кейінгі дискурста
ғалым түзген мəтінді оқырман ретінде біз интерпретациялаудамыз.
Біз ғалымның тіл бірліктерін таңдауда автордың оны шартты
түрде таңдамайтындығымен қандай жағдайда да туындының оқыр-
манын ескеріп құрылатындығын тұрақты еске салып отыратын
қайталауларынан байқаймыз. Бұл зерттеу мəтінінің құрылымындағы
қайталау оқырманның автормен байланысын қамтамасыз етіп оты-
рады. Бұл қайталаулар қатарына мыналар жатады: «...Сірə, ақындар
өлең жазғанда (не бұрын ауызша толғағанда) етістіктерді ұйқасқа
шығарайын ба, жоқ па деп ойламайды, бұл талғамды өлеңнің маз -
мұны мен ойды ұсыну мəнері шешеді» [5, 55] немесе ...Абай бұл
құбылыстың теориясын да, текст түзудің амалдарын да оқып
білген емес, тіпті бұндай поэтикалық категорияның бар-жоғынан
білім жүзінде бейхабар [5, 82], ...оның үстіне оқырманның (тыңдау-
шының) символды түсінетін дəрежесімен де санасу керек. Ол үшін
ақын қолданатын символдар халық санасында орныққан, көпшілік
оқырманның құлағына қанық образдар болуы керек [5, 94]. Келті -
рілген үзінділер ғалымның өзіндік дискурстық тəжірибесінен кө -
рініс береді.
Ғылыми дискурста ғалым Абайдың сөз өрнегін тіл білімі тұр -
ғысынан талдағанда, оның мəнмəтіні өткенді келешекпен сабақтас-
тырудан көрініс тауып тұр. Дəлірек айтсақ, мəтін сапасында Абай
туындылары кең ұғымда түсінуге келеді, ал дискурс сол мəтінді
коммуникативтік жағдаяты мен мақсат-міндетіне сай нақты адре-
сант пен адресат аралығында тұйықтайды, бұл тұйықталған кесінді
студент пен оқушы аралығындағы сабақ дискурсында, ғалымдар
арасындағы ғылыми дискурста не көркем дискурста болуы мүмкін.
Қай жағдайда да дискурстық тəжірибе М.Бахтиннің [6, 234] мəндік
байланыс, яғни «факт – образ – үн» тізбегіне сай да көрінеді. Мұндағы
334
Рəбиға Сыздық
факт, біздіңше, Абай өзгеше мағына арқалатқан тіл бірлігі болса, об-
раз сол сөздердің өзара əсерінен көрінеді, ғалым сөзімен келтірсек:
...ерекше мағына немесе «мағыналық обертондар» сөздердің бір-
бірімен арақатынасынан біріне-бірінің тигізетін əсерінен пайда
болады да, жазушының (ақынның) айтпақ ойының үдесінен шыға -
ды [5, 23]. Үн – Абай шығармаларындағы ақын өмір сүрген дəуірдегі
замана дауысы мен оны сөз етуші ғалымның зерттеу жүргізіп
отырған тұстағы қоғам мен ондағы идеологияға сай үні, сонымен
бірге əр оқырман үні.
Енді жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдайық:
1) «Абайдың сөз өрнегі» – ғылыми дискурстың нəтижесінде
туған мəтін, оның түзілуі көркем туынды мəтін мағынасының
арнайы кəсіби маман санасында қабылданып, белгілі бір мақсатқа сай
талдау нысанына айналып, қайта түзілген түрі деуге болады.
2) «Абайдың сөз өрнегі» зерттеуі – Абайдың дискурстық тəжі-
рибесін де, ғалым Р.Сыздықтың ғылыми дискурстық тəжірибесін де
бейнелейтін мəтін. Сондықтан да ол өткенді келешекке тасымалдай-
тын, келесі айналымда дискурс түзуге мүмкіндік беретін материал.
3) «Абайдың сөз өрнегі» зерттеуінде ғалымның өзіндік ой-топ-
шылаулары ақын шығармаларындағы тіл бірліктері арқылы немесе
Абайдың дискурстық тəжірибесі арқылы оның сөз өрнегін тоқудағы
креативтік нұсқасын анықтауға қол жеткізіп, соның барысында сол
мəтіннің рецептивтік нұсқасын түзген.
4) Р.Сыздық зерттеу мəтініндегі дискурстық тəжірибе Абайдың
дискурстық тəжірибесімен өріле отырып, Абайдың сөз қолданысын
түсінуге ғана емес, оны бағалауға да мүмкіндік береді, дискурстық
талдау жасауға үлгі немесе із бола алады. Оған нысанаға алынған
мəтіндегі мəтін талдау үлгілері, автордың, ғалым-зерттеушінің, оқыр-
манның ойларының осы мəтінде бір сəтте өзектелуі жағдай жасайды.
Əдебиеттер:
1. Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: Филология ғылым. докт.
дисс. автореф. Алматы, 2007. 49-б.
2. Кибрик А.А. Анализ дискурса в когнитивной перспективе: Дисс. докт.филол.
наук. М.: ИЯ РАН, 2003.
3. Залевская А.А. Введение в психолингвистику. М., 1999. С. 73.
4. Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. –
Алматы, 2001. – 215-б.
5. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 2004. – 208-б.
335
Тіл-ғұмыр
Достарыңызбен бөлісу: |