Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет32/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   170
тола ма?
–  Ақын-жазушылардың  шығармаларына,  ұлы  Мұхаңның  туын-
дыларына назар аудардым... Көркем əдебиет тілін зерттеуде бір жүйе 
бар.  Құрғақ  сөзбен  «анау  жақсы,  мынау  жақсы»  деуді  жай  оқырман 
да  біледі.  Жазушы  тіл  байлығын  қандай  тілдік  механизммен  көр-
сеткенін  айтуымыз  керек.  Мұхтар  Мағауиннің,  Əбіш  Кекілбаевтың 
тарихи  шығармаларының  жай  қарапайым  тұрмыстық  айырмашы -
лығы  қандай?  Тілі  несімен  тартады?  Өткен  оқиғаларды  көрсете  ала 
ма?  Кейіпкерлерді  сөйлеткенде: «Бүгінгі  мынадай  мəселені  қарай -


67
Тіл-ғұмыр
мыз», – деп оқырманға қалай жеткізеді? Əр нəрсенің де үйлесімі бар 
екені  бəріне  де  белгілі.  Шерхан  Мұртазаның  «Қызыл  жебе»  деген 
романын  түнге  ұрып  оқып  шықтық.  Оның  тілі  ғаламат,  табиғатты 
сөйлетеді ғой. Үндесіп кеткен. Адам туралы табиғат арқылы айтады. 
Ал Асқар Сүлейменовтің тілі мүлдем бөлек. «Бесін» орыс офицерінің 
аузынан  сөз  шығармайды. «Бөріктер», – дейді.  Əйтеуір  «қа зақ»  деп 
ататтырмайды. Неге? Сол орыс офицерінің қазақты қор еткенін, кем -
сіткенін көрсетеді. Сондай-ақ С.Бердіқұловтың «Подъезінде» велоси-
педшілерді  суреттеп, «Құйрық  тістесіп  келе  жатыр,  үзеңгі  қағысып 
келе  жатыр»  дейді  атпен  шауып  келе  жатқандай.  Бір  қарағанда, 
«велосипедшілер  ме»  деп  қалуы  мүмкін.  Басты  кейіпкері – Тұйғын 
деген,  спорттағы  алымдары  туралы  қазақтың  түсінігімен  береді. 
М.Əуезовтің  «Əдебиет – тілімен  ғана  əдебиет»  деген  сөзі  бар.  Көр-
кем  тіл  ғана  əдебиет  болып  қалады. «Сөз  құдіреті»  деген  кітабым 
шықты. Біраз жазушылардың сөз саптаулары туралы. Поэзияның тілін 
зерттедім. Осы əдеби-көркемдік тілді зерттедім. Сөздерді дұрыс айту, 
белгілеріне қатысты мəселелерді де қозғадым. 
– Жоғары оқу орындарында жұмыс істеп жүргеніңізде сізді «ха-
лық жауының қызы» деп қудалаған көрінеді...
–  Иə,  ол  рас. 1951 жылдары  ЖенПИ-де  жұмыс  істейтінмін. «Ха-
лық  жауының  ұрпағының  шəкірт  тəрбиелеуіне  болмайды»  деген 
сылтаумен мені жұмыстан шығарды. Қандай қиын болса да, мен сол 
халық  жауының  ұрпағы  болып  шəкірт  тəрбиелесем,  Кеңес  өкіметін 
баяғыда-ақ  құлатып  тастар  едім  ғой!» – деп  əзілдейтінмін...  Əкем – 
Құтқожа  Ақтөбеде  байланыс  бөлімінің  бастығы  болған. 1937 жылы 
мен 12-де  едім.  Əкемнің  бейнесі  көз  алдымда,  қалай  ұстап  əкеткені 
де  есімде.  Басты  қояр  кінəлары  да  жоқ.  Тек  алаш  азаматтары  Халел 
Досмұхамедовтармен  жақсы  араласқан.  Х.Досмұхамедовтен  біраз 
жас  кіші  болса  да,  бір  мектепте  оқыған.  Ол  кезде  қылышынан  қан 
тамып тұрған қатал уақыт. Сол кісінің қасынан көрінсе болды, жала 
жауып  ұстай  беретін.  Əйтпесе  əкемнің  кісіге  қиянаты  жоқ.  Қарапа -
йым  адам  еді.  Сол  жылы  жазда  ұстап  əкетті,  күзде  атылды.  Кейін 
Алматыға оқуға келгенімде анкетаға: «Əкемді НКВД ұстап əкетті», – 
деп  ашық  жазатынмын.  Жұмыстан  себепсізден-себепсіз  шығарып 
тастады.  Айтатын  уəждері: «Орын  жоқ!» – дейді.  Бірақ  «желдің 
қайдан соғып жатқанын» сездім. Сол жылдары Бек Сүлейменов, Ер-
махан  Бекмаханов,  Есмағамбет  Ысмайловты 25 жылға  соттап,  жер 
аударған еді. «Екінші 37-жыл» басталды ғой сол 1951 жылдары. Сол 
кездері  «халық  жауының»  ұрпақтарының  саясат,  тəрбие  «майданын-
да» жүргендерінің бəрін жұмыстан қуды. Ол жылдар көзден кетсе де, 
көмескіленіп көңілден кетпей қалды ғой.


68
Рəбиға Сыздық
–  Осы  жасыңызға  дейін  мықты-мықты 30 кітап  шығарып  үл-
геріпсіз.  Ошақ  басындағы  əйелсіз,  осыншама  еңбек  жазуға  қалай 
үлгердіңіз?
–  Студенттермен  кездескенде  мен  қыздарға: «Ең  əуелі  əйел  бо-
лыңдар.  Қонағың  күтулі,  асың  пісулі  болсын.  Еріңнің  жағасы  кір 
боп  жүрмесін.  Баланы  да  жақсылап  тəрбиеле.  Төркінің  мен  қайын 
жұртыңды  табыстырып  отыр.  Осылардың  бəрінен  уақыт  артылып 
жатса  ғана,  одан  кейін  ғалым  боласың  ба,  залым  боласың  ба,  өзің 
біл!» – деймін.  Бұл  сөзіме,  əсіресе  «залым»  дегеніме  бəрі  күледі. 
Расы – сол. Ғылымның жолы – қиын жол. Көп уақытты талап етеді. 
Кітапханаларда,  архивтерде  отырамын.  Соның  өзінде  жолдасымды 
күтіп,  қонаққа  да  барып,  қонақты  да  күтіп,  өмірдің  ағысына  ілесіп 
отырдым.  Осыншама  кітап  жазсам,  ол – уақытты  үнемді  пайдалана 
білуімде.  Негізі  бағалауға  тұрарлық  үлкен  еңбегім 20-ның  үстінде. 
Ал  шəкірттерімнің  есептеуінше, 40-тан  асады  екен.  Оның  ішінде  ең 
үлкені – Ахмет  Байтұрсынов  туралы  монографиялық  еңбегім.  Ол 
кісіні  зерттеп,  ең  алғаш  кітап  етіп  шығарған  мен  едім.  Одан  кейін 
«Сөздер  сөйлейді»  деген  кітап,  керекті  болғаннан  кейін  шығар,  төр-
тінші  рет  басылуда.  Оны  Қытайдағы  қазақ  қандастарымыз  өздерінің 
журналдарына басып шығарып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет