Т. Жанұзақ
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының бас ғылыми
қызметкері, филол.ғ.д., профессор
ЕРЕН ЕҢБЕК – ЕРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
Академик Р.С.Сыздық қазақ тіл білімін дамытып көркейту бары-
сында орасан қызмет жасап, зор табыстарға қол жеткізіп, ауыз тол-
тырып айтарлықтай бай да мол үлес қосты, өз тарапынан көптеген
жаңалықтар ашты.
Ғалымның студенттік, өсе келе қаламдас əрі əріптесі ретінде, сонау
1947 жылдан күні бүгінге дейін, яғни 67 жыл бойы мəнді де маңыз -
ды ғұмырының нақты куəгері де айғағы ретінде, үнемі тілектес те
жақтас, мейлінше разы жанның бірі болып келе жатқаныма мақтанып
та масаттанамын.
Ғалымның қазақ тіл біліміне қосқан сүбелі үлесі мен əйгілі жа-
ңалықтарын санамалар болсақ, мына төмендегідей нəтижелерге көз
жеткіземіз. Олар:
1. Тарихи-филологиялық тұрғыдан Абай тілін тұңғыш рет кең
аумақта зерттеген ғалым ретінде тың да соны зерттеу жұмыс жасап,
көптеген жаңалық ашты. Олар: «Абай тілінің морфологиялық ерек-
шеліктері» (1959). «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлең-
дерінің синтаксистік құрылысы» (1970), «Язык произведений Абая»
(1971), «Абайдың сөз өрнегі» (1995), «Абай жəне қазақтың ұлттық
əдеби тілі» (2004) т.б.
2. ХІІ ғасырдың жазба ескерткіші – Ясауи «Хикметтерінің» тілін,
поэтикалық мұрасын талдап, жан-жақты зерделеген жеке мо-
нографиялық зерттеулер қазақ тілінде болмаған еді. Академик
Р.С. Сыздықтың бұл күрделі де қиюы қиын, өте ауыр да салмақты
жұмысты – Ясауи «Хикметтерінің» лексикасы мен морфологиялық
құрылымын, оның фонетикалық жүйесін, стильдік ерекшеліктері мен
көркемдік сипатын талдап зерттеуі де аса батылдық болды. Сол игі
істің нəтижесінде ғалым 2004 жылы «Ясауи «Хикметтерінің» тілі»
109
Тіл-ғұмыр
атты көлемді де мазмұнды монографияны жарыққа шығарып, қазақ
тіл біліміне ғана емес, күллі түркітану ғылымына сүбелі үлес қосты.
Бұл əлемге əйгілі еңбектің қоғамда алатын орны аса ерекше болған-
дықтан тарих, мəдениет, əдебиет, философия, дін тарихын зерттеуші
ғалымдар үшін маңызы зор еді. Сондықтан бұл монографияның құны
да бағасы да аса жоғары, ерекше бағаланады.
3. Кейінгі орта ғасырларға (ХVІ–ХVІІ ғғ.) тəн түркі жазба ескерт-
кіштерінің бірі – қазақтың жалайыр ру-тайпасының биі Қадырғали
Қасымұлының «Жамиғ-ат тауарих» атты жылнамасын ХІХ–ХХ ға-
сырларда орыс ғалымдары мен татар ғалымдары, бізден алғаш
рет Ш.Уəлиханов, кейінірек Ə.Марғұлан, М.Əуезов т.б. ғалымдар
қарастырғанымен, академик Р.С. Сыздық бұл ескерткішті қолға алып,
мұқият зерттеп, араб əліпбиімен жазылған осы еңбектің мəтінін көз
майын тауыса, шұқшия отырып, табанды түрде транскрипциясын
жасап шығып, 1989 жылы орыс тілінде «Язык «Жами-ат тауарих»
Жалаири» атты көлемі 240 беттік маңызы зор монография жазып,
жарыққа шығарды... Автор зерттеу нəтижесінде ескерткіш тілінің
негізінен қыпшақ тіліне тəн екендігін анықтап берді. Əсіресе «Жами-
ат тауарих» мəтінінің транскрипциясын толық көрсетуі – өте орынды
да сəтті шықты.
4. Қазақ əдеби тілінің тарихы жайлы М.Əуезов, Ə.Марғұлан,
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Қ.Жұмалиев, А.Ысқақов,
М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Өмірəлиев, Ш.Сарыбаев, С.Исаев, Е.Жан-
пейісов, Ə.Құрышжанов, М.Томанов, Е.Жұбанов, Б.Əбілқасымов
сын ды ғалымдардың еңбектері жеке мақала болмаса кітаптарда ай-
тылғанмен, академик Р.С.Сыздықтың жаңа зерттеулерінде тың
пікірлер басым да толық əрі тиянақты болғанын анық көреміз.
Ғалымның «Қазақ əдеби тілінің тарихы» 1968 жылы (М.Балақаев,
Е.Жанпейісовпен бірлесіп жазған), «ХVІІІ–ХІХ ғғ. қазақ əдебиетінің
тарихы» 1984), «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты 1993 жарық көрген
(320 б.) университеттер мен педагогикалық институттардың филоло-
гия факультеттері студенттеріне арналған оқулығы жарық көріп, күні
бүгінге дейін қолданыс табуда. Бұл жұмыс – ғұлама ғалым, ұлағатты
ұстаз Р.С. Сыздықтың көптеген жылдар бойы ізденістерінің тамаша
жемісі еді. Санғасырлық тарихы бар қазақ тілінің өсіп даму тарихын
танып білу үшін бұл оқулық – ЖОО студенттеріне ғана емес, өз ана
тілін қадірлеп қастерлейтін қалың қауым үшін де аса пайдалы еңбек
екені сөзсіз.
Академик Р.С. Сыздықтың ерекше көңіл бөліп, ден қойған аса
қажетті де кезінде айтарлықтай дау тудырып жүрген күрделі де қиын
мəселенің бірі – қазақ əдеби тілінің бір нормаға түсіру, жүйеге салу-
110
Достарыңызбен бөлісу: |