Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет49/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   170
Амангелді,  Төрегелді,  Күсепқали,  Қарагөз,  Ботагөз,  Аққыз,  Айғыз). 
Араб, парсы тілдерінен енген кісі аттарының жазылуы да бірқалыпқа 
келтірілді.
Ал  -ов/-ев  жалғауларымен  жазылатын  фамилияларға  қазақ  тілі 
қосымшаларының  түбірдің  соңғы  буынына  жуан  не  жіңішке  жалға -
нуы жайында бұрынғы ереже жаңаша өңделіп қосылды.


112
Рəбиға Сыздық
3. Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк сияқты дауыс-
сыздар  тізбегі  мен  ог,  уг  болып  келетін  орыс  тілінен  енген  сөздерге 
қазақ тілі қосымшалары жіңішке түрде қолданылатыны туралы жеке 
параграф  енгізілді.  Бұрын  педагогтер  –  педагогтар,  округке  –  ок -
ругқа деп екі түрлі жазылып жүрген сөздер енді тек жіңішке қосым-
шалармен айтылып, жазылатын болды.
4. Сөздерді тасымалдауға қатысты бұрын ескерілмей қалған жайт-
тар ескеріліп, енді бір параграф, бір ескерту қосылды. Ол екі дауыс-
ты дыбыстың ортасында келген үнді и мен у дыбыстары бар сөздерді 
тасымалдау (да-уыс, құ-йын, қа-йық).
5.  Кейбір  ережелер  толықтырылды.  Араларында  немесе  соңында 
дауысты дыбыс əріптері тұрған қысқарған сөздерге қосымшаның сол 
дыбысқа  үндесіп  жалғанатындығы  жайлы  ереже  берілді  (БАМ-ға, 
ТАСС-тың, ЗИС-те, ЮНЕСКО-ның).
6. Бірқатар параграфтарға редакциялық түзетулер жүргізіліп, кей-
бір ережелердің мысалдары толықтырылды. 
7.  Емле  ережелеріне  көп  қатысы  жоқ  төрт  параграф  алынып  тас-
талды  (бұрынғы §9, 36, 42, 44), жаңадан  бес  параграф  қосылып, 
параграфтардың рет саны жаңаша көрсетілді. 
1957  жылы  қабылданып  бекітілген  ережелердің  негізі  өзгеріл -
мей, бастапқы күйінде қалдырылып, тек ішінара толықтыру, айқындай 
түсу сияқты түзетулер жасалды.
Бұл 1983 жылы  толықтырылып,  өңделіп,  түзетілген,  Үкімет  қау-
лысымен бекітілген Ереже басшылыққа алынғанмен, оны орындау, іс 
жүзінде меңгеру барысында кемшіліктер болмай қалмады. Ол мəселе 
туралы  Р.С.  Сыздық 1993 жылы 5 наурызда  «Егемен  Қазақстан» 
газетінде «Тағы да бүгінгі емлеміз жайында» атты мақаласын арнаса, 
С.Исаев, Н.Уəлиев «Сауатты жазғымыз келсе» атты мақалаларын жа-
риялады. 
Ал  ғалымның  қазақ  тілі  пунктуациясын  жетілдіру,  іргесін  ны -
ғайту  саласындағы  еңбектері  де  орасан  зор.  Олардың  басты  да  не -
гізгілері: «Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анық-
тағыш». Алматы, 1959. – 224 б., «Қазақ пунктуациясының ережелері». 
Алматы, 1961. – 90 б., «Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жа-
йында  анықтағыш».  Алматы, 1974. – 272 б., «Емле  жəне  тыныс 
белгілері». Алматы, 1994. – 285 б., «Қазақ тілінің анықтағышы». Аста-
на, 2001. – 526 б.
Əлбетте,  бұл  құнды  еңбектерінің  бəрінің  де  білім  беру  ісінде, 
мыңдаған  адамның  сауаттылығын  арттыруда  мəн-маңызы  айрықша 
жоғары болды. Алайда олардың таралым данасының аздығынан дүйім 
жұрттың  қолына  жаппай  жете  бермегені  де  өкінішті  болғаны  бар. 
Қазақ  тілі  орфографиялық  ережелері  күні  бүгінге  дейін  қалың  оқу-


113
Тіл-ғұмыр
шы  қолына  жетпей  жатқаны  айдан  анық.  Сондықтан  жыл  сайын 
болмағанмен,  əрбір  үш  жылда  орфографиялық  ережені  де,  қазақ 
пунктуациясының  ережелерін  де  қайыра  басып,  көп  тиражбен  тара -
тып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Академик  Р.С.  Сыздықтың  ғылымды  дамытудағы  көп  қырының 
бірі – қазақ тіл білімінің жаңа саласы «Тіл мəдениеті», Тіл мəдениеті 
бөлімін  дамытып,  күш-қайратын  аямай  еңбек  етуі.  Бұл  салада  жас 
ғалымдарды  баулып  тəрбиелеу,  ғылым  шыңына  шығара  жүріп,  тіл 
мəдениеті  бөлімінің  жұмысын  өрге  бастырып  қана  қоймай,  баспасөз 
беттерінде  толып  жатқан  мақалаларымен  қатар  мəнді  де  маңызды 
еңбектерін  де  жариялады.  Олардың  санатында  «Сөйлеу  мəдениеті» 
(1973), «Дұрыс  сөйлеу  мəдениеті» (1974), «Сахнадан  естілер  сөз  жа-
йында» (1974), «Сөзді  орнымен  қолдана  білейік» (1974), «Өнер 
алды – қызыл  тіл» (1976), «Сөз  сазы» (1983), «Сөз  мəдениетінің 
мəселелері» (1985), «Тіл  жəне  оның  мəдениеті» (1985), «Тіл  мəде-
ниеті» (1985), «Қазақ тілі мəдениетінің проблемалары» (1994), «Сөз-
дер сөйлейді» (1994), «Тіл мəдениеті бұзылар деп қорқамын» (1994), 
«Қазақ  тіл  мəдениетінің  бүгінгі  проблемалары» (1997), «Тілге  құр-
мет – елге  құрмет» (1998), «Сөз  құдіреті» (1997), «Мəдениетті  тіл 
ғана мəртебелі» (2000), «Мəдениеттілік тілден байқалады» (2002) т.б. 
Академик  Р.С.  Сыздықтың  тіл  мəдениеті  бойынша  жазған  бұл 
ғаламат  еңбектерін  талдаудан  шығатын  қорытынды – қазақ  тіл  білі-
мінің  жаңа  саласын  қалыптастырып,  өсіп  көркейтіп,  қалыптастыру 
барысындағы  ұшан-теңіз  еңбектің  дүниеге  келуі.  Лайым,  Тіл  мə-
дениеті бөлімін басқарып отырған жастарға бұл игі бастама, зор үлгі 
əрі жұғысты дəстүр болсын.
Тілші  мамандар  арасында  «тіл  мамандарының  ең  мықты  да  қара 
нарлары – сөздікшілер»  деген  пікір  қалыптасқан.  Оған  ХІ  ғасырда 
өмір  сүріп,  күллі  түркі  халқына  мəңгілік  ескерткіш  ретінде  «Диуани 
лұғат  ат-түрк»  атты  үлкен  де  өміршең  сөздік  қалдырып,  күні  бүгін 
де  маңызын  жоймаған  Махмұд  Қашғари  есімін  асқақтатса, XVII ғ. 
В.В. Радлов, Л.Будагов сынды ғалымдар барын, ал орыс ғалымдары-
нан атақты Даль, С.Ожегов сөздіктерін тілге тиек ету бар.
Қазақ  тіл  білімпаздарынан  өткен  ғасырдың 50-жылдарында  тұң-
ғыш  рет  үлкен  «Орысша-қазақша  сөздікті»  шығарған  академик 
Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтар аталса, қазақ тіл білімінде, 
жалпы  түркітану  ілімінде  тұңғыш  рет 10 томдық  «Қазақ  тілінің  тү-
сіндірме  сөздігін»  дүниеге  əкелген  академик  А.Ысқақов  есімі  əспет-
теледі.
Тіл  біліміндегі  өзекті  де  күрделі,  тұғыры  мықты  лексикография 
жұмысына  белсене  сыбана,  маңдай  терін  төгіп,  жемісті  еңбек  еткен 


114
Рəбиға Сыздық
ғалымның бірі – Р.С. Сыздық екені тілші қауымға да, жалпы халық-
қа да айдан анық. Солардың бəрін көріп, басы-қасында бірге жүрген 
адамның мен де бірімін.
1959–1961  жылдары  тұңғыш  рет  жарық  көрген 2 томдық  «Қазақ 
тілі  түсіндірме  сөздігін»  жасау  барысында  қайнап  пісіп,  шымырлай 
шыныққандардың бірі болдық. Əмбебап ғалым, терең білімді Рəбиға 
Сəтіғалиқызы редколлегия мүшесінің бірі ретінде екі томды да тұтас 
оқып  шығып,  түзетулер  мен  толықтыру  жұмысын  атқарғаны  əлі 
есімде.  Осы  екі  томдық  сөздікті  шығарған  соң  біздер  проф.  А.Ысқа-
қовтың басшылығымен «Абай тілі сөздігін» жасауға кірістік. Ол кез-
де Мұхтар Омарханұлы Əуезовтің ақыл-кеңесімен Абай тілін зерттеп 
жүрген  Р.С.  Сыздық  бұл  сөздікке  белсене  қатысып,  оның  редакция -
лық алқа мүшесі ретінде көп іс атқарды. 1974–1986 жылдары жарық 
көрген 10 томдық  «Қазақ  тілі  түсіндірме  сөздігін»  жасау,  жарыққа 
шығару кезінде де Рəбиға Сыздық ұлағатты да абыройлы істің басы-
қасында болып, редакциялық алқа мүшесі ретінде ұлан-ғайыр іс тын-
дырды.
Ал 15 томдық  «Қазақ  əдеби  тілінің  сөздігі»  бойынша  атқарған 
қыруар  еңбегі – өз  алдына  бір  əңгіме.  Өйткені 15 томды  тұтастай 
аударыстырып  оқып  шығу  мығым  жұмыс  болса,  өңдеу,  түзету,  сөз 
қосу,  мағыналарын  саралау,  жіктеу  жұмысы  бойынша  байқаған  ол-
қылықтар  мен  кемшіліктерді  айта  отырып,  əрбір  автормен  жұмыс 
жасау қаншама уақыт алары – əркімге бесенеден белгілі жайт. Рəбиға 
Сыздық  бұлардан  басқа  да  сөздіктерді  құрастыруға,  баспаға  дайын-
дау жұмысына, əсіресе орфографиялық сөздіктердің 1963 жылғы ба-
сылымынан  бастап, 2010 жылғы  жаңа  басылымына  дейін  (барлығы 
он  сөздіктен  аса)  үнемі  бас-көз  болып,  алғы  сөздерін  жазып,  жауап-
ты  редакторлық  қызметін  қоса  атқарып,  жарыққа  шығару  ісінен  бір 
тайған  емес. 2001 жылы  баспадан  шыққан  үлкен  қазақша-орысша 
сөздіктің  жəне  орысша-қазақша  сөздіктердің  редакторының  бірі  ре-
тінде (екінші редактор – К.Ш. Хұсайын) өнімді де сапалы істің айқын 
өнегесін көрсетті.
Осыншама  ұшан-теңіз  шығармашылық  қызметінен  басқа  ғалым-
ның шəкірттер баулу, оларды тəрбилеу ісінде де шаршап-шалдықпай 
абыроймен  еңбек  етуі  көпті  таңдандырып  та  тамсандырды.  Көптің 
көңілін  бөліп,  қызықтыратын  тұстары  аз  емес.  Одан  басқа  Одақтық, 
Республикалық  ғылыми  конференцияларға  үзбей  қатысып,  баянда-
ма  үстіне  баяндама  жасау  қаншама  ауыр  жұмыс.  Рəкеңнің  осынша-
ма  қыруар  жұмысты  атқара  жүріп,  бəрін  ойдағыдай  орындауының 
жұмбақ сыры неде? – деп таңырқаушылық та бар. Оның негізі – өзінің 


115
Тіл-ғұмыр
еңбек сүйгіштігі, рухани кісілік зор болмыс-бейнесі болар деп қарау -
мен  қатар,  ерен  дарыны  мен  еңбекке  деген  батыл  ерлігінің  басым-
дылығы деп білесіз.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет