111
Тіл-ғұмыр
қазақ тілі оқулықтары мен орфографиялық анықтағышы да, əртүрлі
методикалық, қолданбалы құралдар да зор септігін тигізген-ді.
Алайда баспадан шығып жатқан басылымдардың беттерінде əлі
де болса ала-құлалықтар бары айқын көріне бастаған кездер болмай
қалмады. Олай болудың да өзіндік түрлі себептері болғаны сөзсіз.
Міне, осындай кемшіліктерге жіті назар аударған Р.С. Сыздық газет-
журнал беттерінде дер кезінде мақалалар жазып, бұл олқылықтар-
дың себеп-салдарын дəлелдеген мақалалар жариялады. Сөйтіп,
емле ережесіне өзгерістер енгізу қажеттігін мəселе етіп көтерді.
Р.С. Сыздықтың осы істің басында тынымсыз да дамылсыз, қажырлы
да жігерлі іс-əрекеті жəне дамылсыз ұйымдастырушылық қимылы-
ның нəтижесінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі инс-
титуты мен Қазақ ССР Оқу министрлігі қоланылып келе жатқан
орфографиялық ережелерге толықтырулар мен түзетулер енгізіп, олар
жөнінде ғылыми мекемелердің, газет-журнал орындарының, баспа-
лар мен жоғары оқу орындары кафедраларының пікірлерімен санаса
отырып, қазақ емле қағидаларының толықтырылған жəне түзетілген
жаңа редакциясы Үкімет орнына ұсынылды. Оны Қазақ ССР Жо-
ғарғы Советінің Президиумы 1983 жылы 25 тамыздағы Указымен
бекітіп, министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, газет-журнал ре-
дакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, оқу орын-
дарына қазақ тілі орфографиялық ережесінің осы жаңа редакциясын
басшылыққа алуды міндеттеді. Бұл жаңа ережеге қосылған елеулі
жаңалықтар мыналар еді:
1. Бірге жазылатын сөздерге қатысты ережелер толықтырылып,
айқындалып берілді. Бұрынғы ережеде бірге жазылатын сөздер жа-
йында төрт параграф болса, енді оған үш ереже (параграф) қосылды.
Əсіресе халықаралық ғылыми терминдердің жазылуы бірізге түсті.
Соған орай
қонақасы, келіссөз, жарыссөз, тілхат, қолхат, сенім -
хат тəрізді сөздер бұрынғыша бөлек жазылмай, бірге жазылатын
болды. Сол сияқты өсімдік, жан-жануарлар аттары, спорт терминдері,
белгілі бір ғылым, техника саласындағы күрделі сөздер бірігіп жазы-
латын болды.
2. Адамдардың аты-жөндерінің жазылуына сай өзгерістер мен
түзетулер енгізілді. Есімдердің екінші сыңары
к, қ дыбыстарынан
басталатын кісі аттары естілуінше жазылатын болды (
Айткелді,
Достарыңызбен бөлісу: