Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет59/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   170
Рəбиға Сыздық
«Құдайберген 20-жылдар  ішінде...  Павлов,  Бехтерев  сияқты  орыс 
ғалымдарының  еңбектерін  дамылсыз  оқыды» – деп  жазады  М.Əуе-
зов  пен I.Кеңесбаев («Қазақ  əдебиеті»  газетінің 1957 жылғы 5 жел-
тоқсанындағы  нөмірін  қараңыз).  Осы  ғылымның  барлығы  оның  тек 
білімін  емес,  жан  дүниесін,  яғни  дүниені,  құбылыстарды  тануын 
байытқанға, толықтырғанға ұқсайды. Құдайберген Жұбановтың екін-
ші бір əдемі қасиеті – оның ақындық, журналистік, тіпті жазушылық 
талантының болғандығы» – деп таңғала айтады [6, 44-45]. 
Осы  аталғандар  ішінде  айтылмай  қалған  тағы  бір  ғылым  сала-
сы – саясаттану саласы екендігін біз Құдайберген Жұбановтың темір 
тордың  ар  жағындағы  өмірінің  соңғы  күндеріне  қатысты  кейбір  де -
ректерден байқауымызға болады. 
Қ.Қ.  Жұбановтың  табандылығы  мен  алған  бетінен  қайтпайтын-
дығын  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің 
(ҰҚК)  мұрағатында  сақтаулы  «РСФСР  ҚК 58-бабының 2, 8, 9 жəне 
11-тармақтарына сəйкес айыптау бойынша №11020 істе» келтірілген 
мəліметтерден  көруге  болады.  Онда «1937 жылы 19 қарашада  бас-
талған» жəне «1937 жылы 23 желтоқсанда аяқталды», – деп көрсетіл-
ген «№9555387 мұрағаттық-тергеу ісі» бар [7, 102-107].
«Тергеу  хаттамасында»  профессор  Қ.Қ.  Жұбановтың  мына  сөзде-
рінің  астарында  терең  ой  жатқандығын  аңғарамыз: «Наши  руково-
дители  кричали  о  вражеских  кознях  баев,  о  сопротивлении  байства 
Социалистическому переустройству Казахстана, науськивали на бай-
ство и без того ретивых активистов. Забывали при этом о том, что бай-
ство – цвет и сила казахского народа, что не беднота и голытьба кор-
мили страну, а те же «презренные» баи давали государству скот, мясо, 
шерсть, кожу и хлеб. А теперь когда конфисковали байство, пустили 
по  ветру  неисчислимые  богатства  нашей  страны,  развалили  веками 
сложившееся  хозяйство  Казахстана,  теперь  оставшись  «у  разбитого 
корыта», мы начали кричать о перегибах, об их последствиях, о необ-
ходимости их исправления и т.п.».
Ғалымның  «Голощекин  кезеңіндегі»  асыра  сілтеушілікке  қаты-
сты  ойлары,  біздіңше,  өте  батыл  əрі  қисынды  айтылған.  Мəселен, 
оқырманның  ғалымның  мына  ойларымен  келіспеуі  мүмкін  емес: 
«Вот и мы говорим, что были перегибы при Голощекине. Что значит 
эти перегибы? – Это значит – смерть значительной части казахского 
народа, и только казахского народа. Это лишение его единственного 
богатства – скота,  посредством  непосильных  поборов,  так  называе -
мой  скотозаготовки.  В  результате  была  массовая  гибель  казахского 
народа. Русские в Казахстане не голодали и не умирали...».
Қ.Жұбановтың  бүкіл  қазақ  халқының  тауқыметті  тағдырының 
себебін іздегендігі мына сөздерінен де көрінеді: «...Сейчас исправляя 


135
Тіл-ғұмыр
перегибы, опять судим тех же казахских работников. Получается что 
и  так,  и  эдак  погибают  казахские  работники.  При  таком  положении 
вымирание  казахского  народа  неизбежно...  За  растранжирование 
денег – людей  судят,  а  почему  же  растранжирование  нации,  целого 
народа  не  считается  преступлением?  Конечно,  это  дело  не  одного 
Голощекина. Все это происходит на глазах Советской власти, тем не 
менее  она  не  обращает  на  это  никакого  внимания.  Это  потому,  что 
она строит социализм и социализм она будет строить, если даже неиз-
бежно  жертвовать  отдельными  народами.  Таким  образом,  казахский 
народ  и  явился  жертвой  Социализма.  Наша  задача  должна  заклю -
чаться в том, чтобы защищать казахский народ от вымирания, от того, 
чтобы он не стал жертвой социализма...».
Біздің  ойымызша,  Қ.Қ.  Жұбановтың  жазаланар  (атылар)  алдында 
айтқан  мына  сөзі  ешкімді  де  бейжай  қалдырмасы  анық: «... при  Со-
ветской власти, и наша культура не может быть национальной, а неиз-
бежно будет русифицирована. Если мы хотим, чтобы казахский народ 
не был жертвой социализма, то надо освободить его от этого социа -
лизма; а этого мы можем добиться только путем создания независи-
мого  буржуазно-демократического  государства,  чего  бы  нам  это  не 
стоило». 
Қазақ  лингвистикасының  негізін  қалаушылардың  бірі,  қазақтың 
тұңғыш профессоры Қ.Қ. Жұбановтың 76 жыл бұрын айтқан идеяла-
ры мен пікірлері қазақ халқының қазіргі жағдайымен үндеседі. Кейін 
белгілі  болғандай,  ғалым 58-баптың 2, 8, 9 жəне 11-тармақтары  бо-
йынша  айыпталған.  Қ.Қ.  Жұбановты  алдымен  бірінші  бап (58-2) бо-
 йынша  жапон  жансызы  ретінде  айыптады.  Бұл  айыптауға  оның  жа -
пон тіліне қызығушылығы себеп болған сияқты. Кейін бұл бап (жан-
сыздық)  алынып  тасталды,  алайда  қалған  үшеуі,  əсіресе 58-8 бабы 
(лаңкестік)  өлім  жазасына  кесуге  жеткілікті  еді.  Осылайша  Құдай-
берген  Қуанұлы  Жұбанов 1938 жылы 25 ақпанда  атылады [8]. Бұл 
мұрағаттық  деректер  «Ғалым-азамат»  атты  кітаптың  келесі  басылы-
мында ескеріледі деп сенім білдіремін.
Ғалым Рəбиға Сəтіғалиқызы Сыздықованың ғылымдағы көп жыл-
дық еңбегі мен кадр даярлаудағы қызметі еленіп, ол «Құрмет белгісі», 
«Парасат»  ордендерімен,  Республика  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумы -
ның  грамоталарымен  марапатталды. 1980 жылы  оның  есімі  респуб-
ликаның  «Алтын  кітабына»  жазылып,  оған  «Қазақстан  Республика-
сына еңбегі сіңген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді. Рəбиға 
апамыз – ер мінезді, кемшілік көрсе бетке айтатын турашыл, барын-
ша əділ, сонымен қатар жайсаң жанды, кішіпейіл де қарапайым жан. 
Институттағы  əріптестерінің  үлкені  де,  кішісі  де  Рəкеңді  осы  мінез -


136
Рəбиға Сыздық
дері  үшін  қатты  сыйлайды,  сыйлау  былай  тұрсын,  жасы  апамызға 
еліктейді, жасамысы айрықша қадір тұтады.
«Халық жауы» аталып, аталып емес-ау, атылып кеткен азаматтың 
тұлғасын  тосыннан  сомдап,  жиырма  жыл  бойы  əкеміз  ақталғаннан 
кейін  жалтақ  болған  жұртшылықтың  назарына  «Ғалым-азамат»  атты 
жəдігерлікті  тарту  ету – нағыз  азаматтың,  ғалым-азаматтың  амалы 
демеске болар ма!
Қазақ  халқы  өз  тарихында  іздемпаз,  еңбекқор,  намысшыл,  батыр 
қыздарына кенде болмаған. Сол өршіл рухтың бүгінгі таңдағы айқын 
мысалы – осы мерейтойдың иесі – Рəбиға апамыз. Академик апамыз-
ға алдағы уақытта да ыстық қайрат пен табысты ізденістер тілеймін, 
еліміз осындай қайратты да табанды жандардан арылмасын!
Əдебиеттер: 
1.  Жұбанов  Е.Қ.  Ақтөбеге  хат  келді // Толғауы  тоқсан  қызыл  тіл. – Ақтөбе, 
2010. – 316 б. 
2.  Əбілқасымұлы  Б.  Ана  тілінің  абыз  анасы  (Академик  Рəбиға  Сызды қованың 
туғанына 90 жыл) // Туған тіл. Еларалық қоғамдық-саяси, əдеби-ғылыми альманах. – 
2014. – №1 (20). 
3. Жұбанов Е.Қ. Ізет. Рəбиға апаймен үш кездесу (ой үзіндісі) // Ақтөбе. – 1999. – 
17 тамыз. – №207. 
4. Сыздықова Р. Құдайберген Жұбановтың лингвистикалық мұрасын та нып-көру 
проблемалары // ҚР ҒА Хабарлары. Тіл, əдебиет сериясы. – 1992. – №2.
5.  Сыздықова  Р.  Ғылым  көгінің  жарық  жұлдызы  (Аса  ірі  филолог,  лингвист 
Қ.Қ. Жұбановтың туғанына – 100 жыл) // Егемен Қазақстан. – 1999, 22 желтоқсан.
6. Сыздықова Р. Ғалым-азамат (Профессор Құдайберген Жұбанов туралы). – Ал-
маты: Арыс, 2004. 
7.  Жұбанов  Е.Қ.,  Оралбай  Ə.  Профессор  Құдайберген  Жұбановтың  саяси  пам-
флеттері // Жұбановтану жылнамасынан. – Ақтөбе, 2004. – 186 б.
8. Ашнин Ф.Д., Алпатов В.М., Насилов Д.М. Репрессированная тюркология. – М.: 
Вост. лит., 2002. – 296 с.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет