Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет62/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   170
Тіл-ғұмыр
қалаларында  радиодан  да  сан  рет  хабарлар  ұйымдастырған.  Осы 
өңірден  өрбіген,  кейін  республикаға  кең  танымал  болған  Бəкір 
Тəжібаев,  марқұм  Ізтай  Мəмбетов  сияқты  ақындар  осы  үйірмелер -
дің  белсенді  мүшелері  болған.  Мұның  барлығы – неміс  басқыншы-
ларға  қарсы  күресте  жауды  жеңу  үшін  тылда  ел  ішінде  жүргізілген 
ізгілікті іс еді. 
Рəбиға Ғалиқызы жоғары дəрежелі ғылыми қадрлар даярлау ісіне 
де  белсене  қатысып  келеді.  Оның  тікелей  ғылыми  жетекшілігімен 
кандидаттық  диссертация  қорғаған  филология  ғылымының  кан-
дидаттары  С.Төлекова – Қарағанды  Мемлекеттік  университетінің, 
Қ.Жидебаев – Ташкенттегі  Орыс  тілі  институтының  доценттері. 
Саитов – Өзбек  ССР  Ғылым  академиясының  Нөкүс  қаласындағы 
Қарақалпақ  филиалында  ғылыми  жұмыс  атқарады.  Ол  жолдама  бер -
ген докторлық диссертациялар қаншама?
Рəбиға  Сыздықова  тіл  білімінің  жетістіктерін  кеңінен  насихат-
тау  ісіне  де  белгілі  дəрежеде  араласып  отырады.  Оның  профессор 
Құдайберген  Жұбановтың  өмірі  мен  творчествосына  арналған  «Ғы-
лым-азамат» (1969) атты  еңбегі  де  кезінде  оқырман  көпшіліктің 
көңілінен шыққан болатын.
Рəбиға Сыздықованың Отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланып, 
«Құрмет  белгісі»  орденімен,  бірнеше  рет  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Со-
ветінің  Құрмет  грамоталарымен  наградталып, 1980 жылы  Қазақ 
ССР-нің  «Құрметті  Алтын  кітабына»  тіркелді.  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының  ғалымдары  оны 1979 жылы  академияның  коррес-
пондент  мүшелігіне  сайлады.  Осы  жылдың  июль  айында  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советінің  Президиумы  оған  «Қазақ  ССР-інің  еңбек  сіңір -
ген ғылым қайраткері» деген құрметті атақ тағайындады. 
Бұл  күнде  ұлағатты  ұстаз  Рəбиға  Сыздықова  əбден  кемелденген 
шағында.  Өзі  еңбек  етіп  жүрген  қазақ  тіл  білімінің  қара  шаңырағы 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  білімі  институтының  құр -
метті  мүшесі,  жастарға  ұстаз,  ұстазға  тірек,  кішіпейіл,  парасатты 
азамат. Өз шаңырағында əдепті жар, ардақты ана, қамқоры мол, сүй-
кімді əже.
«Қаншама  еңбек  жаздыңыз,  оның  сыртында  сіз  атқарып  отырған 
міндет өте үлкен. Соның барлығын қалай үлгересіз? Заманымыздағы 
ең  тапшы – уақыт  болса,  сіз  уақытты  қалай  пайдаланасыз?» – деген 
кісіге  ол: «Менің  жанымды  да  ең  бір  қинайтын  нəрсе – осы  уақыт. 
Сөз  жоқ,  уақыт  жетпейді.  Өйткені  менде  атқаратын  жұмыс  түрі  де 
көптеу.  Тіл  мəдениеті,  əдеби  тіл  тарихы,  лексикографиялық  жұмыс-
тар,  оның  сыртында  сан-салалы  қоғамдық  жұмыстар.  Бірақ  əйтеуір, 
мүмкіндігінше  осы  уақыттың  əрбір  сəтін  пайдалануға  тырысамын. 


142
Рəбиға Сыздық
Шынымды  айтсам,  кейде  «демалыс»  дегенді  білмей,  жұмыс  істеуге 
тура  келеді.  Себебі  ғылым  кеңсе  қызметі  сияқты  емес.  Сенбі,  жек -
сенбі  былай  тұрсын,  кейде  келіп  қалған  екі-үш  күндік  мерекенің  де 
кейбір  сағаттарын  соған  арнаймын», – деді.  Иə,  Рəбиға  Ғалиқызын 
жақын  біліп,  еңбектерімен  таныс  адам  дарынды  ойшыл  да  шыншыл 
ақын Қасым Аманжоловтың: 
...Болар ем күнде бір жасағандай, 
 Көп туса қазақ дəл сіздей қызды... – 
деген  жолдарының  кезінде  аса  бір  көрегендікпен  айтылғанын  еске 
алып, іштей риза болады.
«Ұстаздық  еткен  жалықпас»  дегендей,  Рəбиға  Ғалиқызының  əлі 
де  талай  асуларға  көтеріліп,  өзінің  дарындылығын  одан  əрі  дамыта 
берері  сөзсіз.  Үлкен  міндет  биігінде  заманымыздың  ұлы  адамдары -
ның бірі бола береді.
 «Ойыл» газеті, 1984, 23 август.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет