Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет69/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   170
Е. Жұбанов 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 
университетінің профессоры, филол.ғ.д.
РƏБИҒА АПАЙМЕН ҮШ КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІНГІ 
ОЙ ҮЗІКТЕРІ
Рəбиға Құтқожинаны мен алғаш рет 1943–1944 оқу жылының ба-
сында  көрдім…Сол  кезде  Ақтөбе  облысының  Темір  қаласындағы 
Ақтөбе  педучилищесі  ауыл-ауылға  өкілдер  жіберіп,  жетіжылдық 
мектеп  бітірген  жастарды  оқуға  шақырды.  Соғыс  жылдарының 
ауыртпалығынан ес жиып, еңсесі көтеріле бастаған жұрт енді ертеңгі 
күнін  ойлап,  оқу-білімге  де  талпынды.  Ер-азамат  қан  кешіп,  қатерлі 
жаудың  өтінде  жүрген  сол  кезеңде  əлеуметтік  өмірдің  қай-қай  сала-
сында болмасын маман қызметкер, жұмыскер дегендер жетіспей жа-
татын.  Əсіресе,  бүлдіршін  бөбектерге  қара  танытып,  сауатын  аша-
тын мұғалім кадрлары, тіпті қат болды. Бір ғана жағдайды еске сала 
кетуге  болады:  соғыстан  бұрынғы  қазақ  мектептерінде,  негізінен,  ер 
мұғалімдер қызмет істеді. Осының керісінше, орыс мектептерінде сол 
заманда-ақ  əйел  мұғалімдер  көпшілік  еді.  Ат  жалын  тартып  мінген 
еркек  атаулы  қан  майданға  аттанғанда,  қазақ  мектебінің  бəрінде 
дерлік  майдангерлердің  орнын  басатын  білімдар  ұстаз  табыла  қой-
мады.  Бірлі-жарым  ұстаздық  етіп  жүрген  адамдардың  жоғары  білімі 
де  болмады.  Олардың  кəмелеттік  емтихан  қабылдау  хұқығы  болма-
ғандықтан, орта мектептердің жоғарғы кластары жабылып та жатты. 
Ал  орыс  мектептері  бұндай  таршылықты  аса  көп  көре  қойған  жоқ. 
Осындай  əлеуметтік  хал-жағдайды  дер  кезінде  ескерген  өкіметіміз 
бен халқымыз Ұлы Отан соғысы аяқталмай жатып-ақ Алматыда қазақ 
қыздарына  арнап  пансионды  педагогтық  институт  ашты.  Бұның  өзі 


154
Рəбиға Сыздық
сол кез үшін асқан көрегендіктің ойдағыдай жүзеге асқан тамаша бір 
көрініс еді…
Сөйтіп, 1943 жылдың  күзінде  біз  көршілес  Жұрын  ауданынан 
аттанған  ұлы-қызы  аралас  бес-алты  бала  Темір  қаласына  келдік. 
Темір – облыс əкімшілігіне бағынатын, қала мəртебесіне ертеде-ақ ие 
болған, бір кездері уездің, кейін келе ауданның орталығы саналатын 
елді  мекен  еді.  Ақтөбе  қаласы  уақытша  соғыс  округының  штабына 
айналуы  себепті  бірсыпыра  азаматтық  мекемелер  мен  оқу  орындары 
басқа  жерлерге  көшірілсе  керек.  Біздің: «Ақтөбе  педучилищесі»  деп 
атауымыздың мəні де осында болатын.
Жалпы, Ақтөбе педучилищесі – сол өңірдегі ең бір ескі де елеулі 
оқу орны. Алғашында ол жаңа формациялы мұғалім кадрларын даяр-
лайтын  педкурс  ретінде  Қазан  төңкерісіне  іле-шала  ашылған  да, 
соңынан педтехникумға, одан педучилищеге айналған. Осы ұстаздық 
мектебінің тарихын зерттеушілер оның төлбасы түлектері қатарында 
кейіннен  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясын  құрушы  құрылтайы  ака -
демик болған Ахмет Жұбанов, мүшелері – Сақтаған Бəйішев, Серғали 
Толыбеков,  бертініректе  сайланған  Сайым  Балмұханов,  белгілі 
мəдениет қайраткері Мұса Дінішев, тағы басқа адамдардың болғанын, 
20-жылдары  бұл  оқу  орнына  қазақ  филологиясының  тұңғыш  про-
фессоры,  қазақтың  ұлттық  тіл  білімінің  теориялық  негізін  қалаушы 
Құдайберген Жұбанов сабақ бергенін мақтаныш етеді. 
Сондай-ақ біз шығармашылық өмір жолын таныстырғалы отырған 
Рəбиға  Сəтіғалиқызы  Құтқожина  да  (қазірде  Сыздықова)  осы  пед-
училищені 1941 жылы 17 жасында тəмамдаған екен. Одан арғы білі-
мін  Ақтөбедегі  Н.Байғанин  атындағы  екі  жылдық  мұғалімдер  инс-
титутында  жалғастырып  жүрген  Рəбиға  апай  біз  Темір  қаласына 
келгенде педучилищенің қазақ тілі пəнін жүргізетін оқытушысы еді.
Осы  жəйт  маған  айрықша  əсер  етті.  Өйткені  сол  кездегі  менің 
бала  қиялымның  биігінен  қарағанда,  қандай  да  бір  оқу  орны  болма-
сын,  өтілетін  пəндердің  ішіндегі  ең  іргелісі  де,  ең  сүбелісі  де  қазақ 
тілі  болса  керек  еді.  Сол  кезге  дейін  өзім  көрген  Алматыдағы  №12 
қазақ орта мектебінде, Ақтөбе облысының аудан орталығы – Жұрын 
поселкесіндегі  қазақ  орта  мектебінде,  біздің  ауылдағы  «Қызылжар» 
жетіжылдық  мектебінде  қазақ  тілі  пəнін  мектептің  не  директоры,  не 
оқу ісінің меңгерушісі немесе аса бір қадірменді қарт ұстаз оқытатын. 
Əрі  олар  міндетті  түрде  ер  мұғалімдер  болатын.  Тіпті,  өз  əкем – 
Қ.Жұбанов  қазақ  мектептеріне  арнап  ана  тілі  оқулықтарын  шығару 
ісімен  шұғылданып  жүрген  кездерімде  де  менің  жиі  көретін  адамда-
рым  Шамғали  Сарыбаев,  Ғали  Бегалиев  секілді  тəжірибелі  əдіскер -
лер. Сейіл Жиенбаев, Ісмет Кеңесбаев, Сəрсен Аманжолов тəрізді тіл 


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет