158
Рəбиға Сыздық
Рəбиға Сыздықованың қоғам игілігі үшін атқарып жүрген аса бір
сүбелі жұмыстары – ғылым-білімді көпшілікке насихаттау. Бұл ретте
оның профессор Құдайберген Жұбановтың творчестволық өмірбая -
нын түсіндіретін мақалалар сериясы мен «Ғалым-азамат» атты
кітабын, «Қазақ əдебиеті» газетінің жүлдесін алған «Сөздер сөйлейді»
(1980) жəне «Сөз сазы» (1983) атты ғылыми-публицистикалық моно-
графияларын атап өтуге болады.
Кейінгі жылдарда Рəбиға тағы да бір күрделі зерттеуін аяқтап,
кітап етіп шығарды. Ол «Қазақ əдеби тілінің тарихы» деп атала-
ды. Ғалым Рəбиға бұл еңбегінде көне тарихты көзбен шола отырып,
қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған небір мəнерлі сөзқолданыстарын
талдайды, тарихтайды. Ал ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толуы
құрметіне 1995 жылы жарық көрген «Абай» атты энциклопедияны
шығаруға қосқан қомақты үлесі үшін Рəбиға Сыздықоваға Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Міне, енді 75 жас мүшелтойын атап отырған, омырауына «Құр-
мет белгісі», «Парасат» ордендерін тағынған, əлденеше рет Респуб -
лика Жоғарғы Советінің, тағы басқа ресми орындардың сыйлықта-
рымен, Құрмет грамоталарымен наградталған, есімі Қазақстан
Республикасының құрметті «Алтын кітабына» жазылған, қазақ қыз-
дарының ішінен тұңғыш рет тілші-ғалым ретінде Республика Ғылым
академиясының құрамына корреспондент-мүше болып сайланған ар-
дақты апамыздың азаматтық əрі ғылыми-творчестволық түр-келбеті
осындай.
«Ақтөбе» газеті, 1999, 17 тамыз, №207.
Достарыңызбен бөлісу: