Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет70/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   170
Тіл-ғұмыр
мамандары, Мəулен Балақаев, Ғайнетдин Мұсабаев сияқты əкеміздің 
үміт  артқан  шəкірттері  болатын.  Сөйтіп, «қазақ  тілі – тек  белді  аза-
маттарға  ғана  лайық  пəн»  деген  ұғым-түсінік  əбден  баураған  мені 
педучилище  оқытушыларының  ішінде  басқа  бір  некен-саяқ  дəрісті 
емес, тап қазақ тілінің өзін жасы əлі жиырмаларға толып үлгермеген, 
дөңгелек жүзді, қой көзді, аққұбадан гөрі қоңырқайлау өңі бар, бой-
басына көрген жанның көңілі сүйсінетін, он екіде бір гүлі ашылмаған 
жас қазақ қызы оқытады екен дегенде, əрі қайран қалдым, əрі ойыма 
қобалжу түсті…
Көп  ұзамай  сабақ  та  басталды,  мен  шəкірт  хақында  мұғалима 
Рəбиғадан  қазақ  тілінің  практикалық  грамматикасын  үйрене  баста-
дым…  Соғыс  кезінің  балалары  балалығын  ерте  ұмытып,  тезірек 
«есейетіні»  бар  емес  пе; «азамат»  болғанның  белгісі  сол  деп  біліп, 
өзімізден  бірер  жас  үлкендермен  де  қатар  болғымыз  келіп  тұрады. 
Содан ба, жоқ əлде басқа бір іркіліс бар ма, əйтеуір Рəбиға Сəтіғали-
қызын  баттитып  «апай»  деп  атауға  менің  де  аузым  жуысыңқырамай 
жүрді. Алайда менің бұл жолғы оқуым ұзаққа бармады, үйді сағынып, 
елге қайтып кеттім…
Арада бір-екі жыл өтті. Соғыс бітті. Тағы да оқу іздеп, 1945 жыл-
дың  күзінде  Ақтөбеге  келдім.  Н.Байғанин  атындағы  мұғалімдік 
институттың  бір  жылдық  даярлық  курсына  түстім.  Бас-аяғы  бір  оқу 
жылы  ішінде  «толық»  орта  білімге  ие  болып,  қолыма  институттың 
қазақ  тілі  мен  əдебиеті  бөлімшесіне  қабылданды  деген  қағаз  ал-
дым.  Жəне  бір  есітіп-білгенім – содан  бір  жыл  бұрын (1944) Рəбиға 
Құтқожина  екі  жылдық  мұғалімдік  институтты  үздік  бітіріп,  білімін 
одан əрі жалғастыруға Алматыға жүріп кетіпті...
Ақтөбеден  Алматыға  бірден  жол  түсе  қоймай,  мен 1947 жылдың 
қыргүйегінде  ғана  астанаға  келіп,  ҚазПИ-дің  қазақ  тілі  мен  əдебиеті 
факультетіне  түстім.  Ақтөбе  институтының  жолдамасы  бойынша 
қарт  ҚазПИ-дің  сол  кездегі  директоры  (ол  кезеңде  ректор  деп  ата-
майды)  С.Толыбеков  мені  əрі  стипендияға,  əрі  жатақханаға  тіркеп, 
бірінші курсқа емтихансыз қабылдады. Факультет деканы – педагоги-
ка ғылымдарының кандидаты, доцент Дəулет Əлімжанов деген абзал 
ағамыз екен.
Институттың  табалдырығын  аттағанда  көзіме  ең  бірінші  «жарқ 
ете  қалған»  адам – Рəбиға  Құтқожина  болды.  Бұл  оқу  орны  маған, 
тіпті,  сəби  шағымнан  таныс  еді.  Бұнда  есімдері  республикаға  мəлім 
Ү.Балқашов,  Х.Əділгереев,  М.Сильченко  тəрізді  ғалымдар,  Виктор 
Матвеевич  Зимин  атты  физкультура  кафедрасының  меңгерушісі,  до-
цент т.б. ұстаздар сабақ оқытатын. Бəрі де біздің əкемізбен дос бола-
тын…


156
Рəбиға Сыздық
Əйтсе де менің осылайша екінші рет кездесуім тұсындағы Рəбиға 
маған  ерекше  жарық  та  жарқын  көрінді.  Əдетте  солғын  адамдардың 
жайын  тəптіштеп  түсіндіруге  болғанымен,  бірегей  тұлғаларды  көп 
əңгімелеп,  бажайлап  айту  қиын  ғой…  Ол  аспирантураның  бірінші 
жылын жаңа бастаған екен. Ол көзіме оттай басылды.
Менің ағам Ахмет Жұбанов біздер оқуға түсерде: «Сен институт -
қа  тек  диплом  алу  үшін  түспе,  оның  ар  жағында  аспирантура  деген 
болады, соны көздеп түс», – деп ақыл айтатын. Біз ол кезде «əй, аға 
да айта береді-ау!» деп, қоя салатынбыз. Бірақ ой артында ой, мақсат 
артында  мақсат  жатпаса,  адам  дүниеден  тұл  өтеді  емес  пе…  Мен 
аспирант  Рəбиғадан  осы  мақсатшылдықты  үйрендім.  Сол  кездегі 
менің  түсінігім  бойынша,  оның  «қағанағы  қарқ,  сағанағы  сарқ» 
көрінетін.  Бірақ  ол  іздене  беретін.  Шынымды  айтсам, «осыған  не 
жетпейді» деген пиғыл кейде менің басыма да келіп қалатын.
Алайда  менің  «жақсы  көретін»  Рəбиғам  адалдықтың,  əсемдіктің, 
ғылымға  деген  қиянатсыздықтың  перзенті  болатын.  Ол  шынында 
да  сондай  еді.  Рəбиға  аспирант  кезінде  комсомол-жастардың  көсемі 
болды.  Ауылдан  жаңа  келген  қара  борбай  қазақ  балаларына  қамқор 
еді. Кейбіреулер оны қатаң, тəкаппар санайтын. Бірақ, шын мəнінде, 
ол: «етік  кисең,  галстук  тағуға  болмайтынын,  желкеңді  ұстарамен 
қырғызудың  əбестігін»  мəймөңкелемей,  комсомол  жиналысында 
ашық айтатын. Жалаң сөзуарлық емес, Рəбиға ғылыми баяндама, ха-
барламаларымен  де,  əр  алуан  семинар,  конференцияларда  шығып 
сөйлеген  сөздерімен  де  студент-жастарды  тəлімді  мінез-құлыққа, 
абыройға,  адамгершілікке  шақырды.  Аспирантураның  соңғы  үшінші 
жылында  Рəбиға  апай  қаладағы  Қыздар  пединститутында  салғас-
тырмалы грамматикадан (грамматиканың «сравнительная», «сопоста-
вительная»  деген  түрлерінің  соңғысын  біз  шартты  түрде  осылай  деп 
атадық)  лекция  оқыған  екен.  Мен  соның  бірер  тақырыбына  қатысты 
конспектіні сол кездегі студент-замандастарынан қолға түсіріп алған 
едім.  Соған  көпке  дейін  қуанушы  едім.  Аспирантураның  теориялық 
курсын  аяқтап,  Рəбиға  тұрақты  қызметке  республиканың  оқу-пе-
дагогика  баспасына  орналасты.  Неге  екенін  білмеймін,  əйтеуір  ол 
оқуды бітірген кезеңде кандидаттық қорғамады. Біз жоғары курстың 
студенті болып жүргенімізде əдебиет кафедрасының меңгерушісі ака-
демик Қажым Жұмалиев бір сөзінде Рəбиғаға курстық жұмыс ретін-
де  Абайдың  «Ғақлияларын» (қарасөздерін)  талдауды  тапсырғанын 
айтушы еді. Жəне бір түрлі оған үміт арта сөйлейтін. Бұл тақырыпқа 
Рəбиға  Сəтіғалиқызы  кейін  оралды.  Ал  аспирант  кезінде  ол  тіл  ка-
федрасында болды. Ғылыми жетекшісі – С.Аманжолов еді.
Оқу-педагогика («Мектеп») баспасында жүріп Рəбиға көп жұмыс-
тар  істеді.  Міндетті  өндірістік  тапсырмаларын  атамағанның  өзінде 


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет