Б. Əбілқасымов,
Ə. Құрышжанов,
Е. Жұбанов
ІЗДЕНІС МҰРАТЫ
Осы үстіміздегі жылдың басында «Ғылым» баспасы ақсұр мұқа -
балы бір кітап шығарды. Кітаптың аты – «Абай өлеңдерінің синтак-
систік құрылысы», авторы – Рəбиға Ғалиқызы Сыздықова. Алайда,
сырт көлемі шағындау көрінетін бұл кітапты сөз етпес бұрын,
оқырманға мына бір жайды ескерткен жөн. Филология ғылымдары -
ның кандидаты Рəбиға Сыздықованың жаңа кітабы, бас-аяғы жинақ-
талған дербес еңбек болғанымен, томаға-тұйық үзік ойдың көрінісі
емес. Ол автордың талай жылдар бойы зерттеп келе жатқан тақыры-
159
Тіл-ғұмыр
бының тағы бір түйіні, дəлірек айтканда, осыдан бірер жыл бұрын
жарық көрген «Абай шығармаларының тілі» атты монографияның
жалғасы.
Бұл екі кітапты бөлмей, тұтас қарап, ұлы ақын Абай өлеңдері -
нің лексикасын монографиялық жəне синтаксистік құрылысын паш
ететін бірегей зерттеу ретінде бағаламай болмайды.
Абай шығармаларының тілі ұлттық əдеби тіліміздің жаңа белесі,
үлгі тұтар өнегесі болды. Сол қазақтың жазба əдеби тілін қалып-
тастырудағы Абайдың рөлін алғаш рет атап көрсеткен профессор
Құдайберген Жұбанов еді. Кейінгі кезде аға ғалымдарымыз М.Əуезов,
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Сильченко, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев
жəне басқа зерттеушілер өз еңбектерінде Абай тілінің сан-сала жақ-
тарын кеңінен сөз етті. Өлең тану тұрғысынан Қ.Жұмалиевтің «Абай
поэзиясының тілі» атты кітабы ақынның поэтикалық тіл өрнегін
егжей-тегжейлі таныстырды. Алайда, осы уақытқа дейін Абай шы -
ғармаларының тілі нақ лингвистика тұрғысынан монография түрін-
де зерттелген емес-ті. Атап айтқанда, бұл кезге дейін қоғамдық
пəндерді зерттеушілердің көңіл бөлгені Абайдың көзқарастары мен
философиялық дүниетанымы, оның ақындық шығармаларының
əдеби дəрежесі мен көркемдік қасиеттері т.б. болды. Ал мəселенің
күн тəртібінен түспей келе жатқан жағы – Абай шығармаларының
тілі, негізінен жазба əдебиетіміз бен əдеби тілдің қалыптасуы, даму
тарихы, ерекшеліктері деген мəселеге байланысты ғана əңгімеленіп
келді. Əйтсе де күні бүгін ғылымда орын тепкен «Абай – қазақтың
жаңа сапалы əдебиеті мен жазба əдеби тілінің негізін қалаушы»
деген қорытынды осындай зерттеулер мен əр алуан болжамдар
негізінде туған болатын.
Ақынның «тіл ұстартып, өнер шашу» ішіндегі ізгі қадамдарын
осыған дейінгі зерттеушілер басқа түрлі мəселелермен бірге қарап,
бірге талдады, яғни олар Абай шығармаларын комплексті түрде зерт-
теді, жалпы қазақ мəдениетінің, қоғамдық ой-пікірдің халық ағарту
жүйесінің, оның ішінде қазақ əдсбиетінің даму тарихымен астарлас
алып, аралас қарастырды. Алайда өскелең талап Абай творчествосын
түгел қамтып, толық меңгеру мақсатын алға қойды да, соған орай ақын
туындыларының тілін лингвистика мен стилистика тұрғысынан да
жеріне жете зерттеу қажеттігі туды. Абай шығармалары тілінің жалпы
филологиялық сыпатта тексерілуге тиісті ғылыми-зерттеу объектісі
болып танылуы, міне, осы мақсатқа байланысты еді. Демек, зерттеу
тақырыбының актуальдылығы күнделікті өмір талабымен өлшеніп отыр.
Еңбектің мазмұн құрылысы құптарлық қалыпта. Əр тарау өз ор -
нында, рет-ретімен өзара өзектесіп, ішкі бірлікке негізделген. Автор-
160
Рəбиға Сыздық
дың ойларын əр тарау əр жағынан дəлелдеп, үлкен диапазонды
толғамдарын кең өріске меңзейді. Алғашқы кітапта үш тарау бар.
Оның біріншісі «Абай – қазіргі қазақ жазба əдеби тілінің негізін
қалаушы» деп аталады. Бұнда автордың зерттеу объектісіне деген
қатынасы баяндалады. Яғни Абай өмір сүрген дəуір мен ортаны, Абай
дəуіріндегі əдеби тіл мен «кітаби тілді» біліп алмай, Абайдың жаңа
сапалы жазба əдеби тілдің негізін салудағы рөлін тану да мүмкін
емес, сондықтан да автор қазақ əдеби тілі тарихының шырқау биігіне
көтеріліп, шоқтығы ерекше биік тұрған. Абай тілінің шынайы таза
əуезін арғы-бергі замандарда жасаған ақындармен салыстыра тексе -
реді. Бұл тараудың материалдары бай, талдаулары байсалды, тұжы-
рымдары сындарлы. Автордың ойы ұтымды, сөзі дəлелді, қорытын-
дысы даусыз. Абай шығармалары тілінің негізгі арналары халықтың
ауызекі сөйлеу тілі мен ауыз əдебиетінің, сонымен бірге Абайға дейін
жазып, хатқа түскен, тасқа басылған азды-көпті жазба əдебиеттік
тілі болды деп қарайтын болсақ, Абай заманы мен Абайға дейін өмір
сүрген ақын-жыраулардың шығармаларына жасалған шолудың да
табиғи талаптан туғаны, ғылым үшін қажеттігі сөзсіз.
Əдеби тілдің негізін салған Абай шығармалары тілі алуан түрлі
лексикалық элементтерден тұрады. Кітаптың «Абай шығармалары
тілінің лексикасы» деп аталатын екінші тарауында автор сол эле -
менттерді жеке-жеке саралап, жік-жікке бөледі. Абай шығармалары-
ның лексикалық сөз байлығын Р.Ғ. Сыздыкова тап бір зер қадірін
білетін зергерше таниды. Əр сөздің мəнерін сипаттап, мағыналық
ерекшеліктерін талдағанда, санаға сəл-сəл ілігетін сөз реңкі мен ма-
ғына нышандарының өзін қалт жібермей, дəл тауып нұсқап, тап басып
айтады. Жай кезде шалынар-шалынбас, жалпы жұрт түсіне бермейтін
өрнектерді орны-орнына қоя біліп, жете талдау – Р.Ғ. Сыздықова
жұмысының басты бір ерекшелігі деп білеміз. Абай тілі сөздігінің
құрамы мен лексикалық-стильдік қабаттары туралы авторға дау айту
қиын, өйткені мұнда айтылар нəрсенің бəрі айтылып, айтысарға сөз
қалмаған тəрізді. Зерттеуші Абайдың аузынан шыққан «араб-пар-
сы сөздері» мен «орыс сөздерін» түгел теріп берген де, қазақтың
тіл сөздерін «көне сөздер» (архаизмдер) мен «жаңа сөздер» (не-
ологизмдер) деп дəуірлей қараған. Сөздерді бұлайша бөлу ақын
лексикасының белгілі бір стильдік мақсаттағы қолданылу аясына сай
келеді. Кітапта сондай-ақ сөздердің семантикалық топтары да өз ал-
дына дербес сұрыпталған, яғни олар қоғамның əлеуметтік құрылысы
мен əкімгершілік системасына қатысты сөздер; азаматтық істеріне
қатысты, экономикалық қарым-қатынасқа қатысты сөздер; азаматтық
сипаттағы, оқу-ағарту мен ғылым-білімге қатысты сөздер болып са-
161
Достарыңызбен бөлісу: |