Тіл-ғұмыр раланады. Семантикалық топтардың бəрі де нақты мысалдармен
көрсетіліп, байыппен талданады.
Осы кітаптың «Абай шығармалары тілінің грамматикалық сипа -
ты» деген үшінші тарауында Р.Ғ. Сыздықова бұрыннан өзі зерттеп
жүрген, паш етілуге тиісті деректерін көптен бері жинап, теріп, көп
толғанып түйген мəселелерді ортаға салады. Бұрынғы толғамдарын
түбегейлі түйіні есепті бұл тараудағы автордың талдаулары да бас-
аяғы жинақы дəл, дау-дамайсыз. Дегенмен, осы тарауды «Абай шы-
ғармалары тілінің грамматикалық ерекшеліктері» деп атаған жөн
болар еді деп ойлаймыз, өйткені мұнда грамматикалық белгілерді
жалпы сипаттаудан гөрі, олардың ерекшеліктері туралы əңгімеге
молырақ орын беріліп, баса назар аударылған.
Биылғы шыққан «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы»
атты кітап өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан осы біз сөз етіп
отырған ұлы ақын шығармаларының тілі жайлы еңбектің төртінші
тарауы болып табылады. Зерттеуді қазақ тіл біліміндегі айтулы жа-
ңалықтардың бірі деп есептеуіміз қажет. Əңгіме мынада: Абай шы-
ғармаларының лексикалық қоры мен грамматикалық тұлғалары (не-
месе категориялары) жайында бұрыннан-ақ əңгіме қозғалып жүретін.
Тіпті, аталған автордың өзі де Абай шығармалары тіліндегі кейбір
грамматикалық форманттардың қолданылуы жайында диссертация -
лық еңбек (1959) жазып, абайтану ғылымын осы салаға байланысты
біраз өрбітіп тастаған-ды. Ал енді Абай өлеңдерінің синтаксистік
құрылысы мен сөйлем жүйесіне, шумақтардың конструкциялық
ерекшелігі мен сөз тіркесін жасау талғамына байланысты бұрын
ешкім қалам тартқан жоқ. Р.Ғ. Сыздықованың еңбегі арқылы мəселе-
нің бұл жағы да өз шешімін тауып, оқушы қауым қолына жетіп отыр.
Абай тілінің сөздік құрамын əңгіме еткенде кейбіреулер оп-оңай
ұрына кететін қателіктерден Сыздықованың зерттеулері құлан-таза.
Əдетте зерттеушілердің дені-ақ Абай шығармаларындағы бөгде тіл-
дерден енген элементтерді түгелдей варваризмдер қатарына қосады
да, олардың тілге сіңісу тарихына көз жүгіртіп жатпайды. Ал
Р.Ғ. Сыздықова шет сөздерді басты-басты екі топқа бөледі: а) жалпы
халықтық тілде қолданылатын, лексикамызға Абай дəуіріне дейін-ақ
енген сөздер; ə) сөздік қорға Абай тұсында енген, Абайдың өзі ғана
қолданған сөздер (1-кітаптың 109-беті). Шын мəнінде, Абай лексика-
сындағы орыс сөздері деп біз осы соңғы топтағы сөздерді ғана ата -
уымыз керек. Бірінші топтағы сөздерді Абай орыс тілінен емес,
қазақтың халықтық тілінен алған, яғни ондай сөздер халық тіліне
бұрыннан еніп, етене болып қалыптасып кеткен. Мысалы: стара- шын, болыс, сияз, шар, партия, ояз, шен, майыр, орыс, солдат, рас-
162
Рəбиға Сыздық ход (рысқұт), закон (зəкүн), сот, шіркеу, кірес, басқыт, самаурын, по- рым, пар сияқты сөздер осындай. Қалың көпшілік тіпті болыс, шар, шен, сот, барқыт, самаурын, порым сөздерін қазірге шейін орыстікі
деп ұқпайды. Ал, соңғы топқа мына тəріздес сөздер жатады: адвокат (атпакет) доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, танк, номер, химия, трагедия, единица, ноль, обра- зование, назначение, посредник, здравомыслящий т.б. Р.Ғ. Сыздықова
мұндай көшпелі сөздердің тек түп-төркіні мен ауысу жолдары ғана
емес, сонымен бірге олардың лексикалық-семантикалық ерекшелік-
тері, стильдік мəні жəне қолданылу тəсілдері туралы да толып
жатқан деректер келтіреді, оларды жан-жақты суреттеп, түгел тəп-
тіштеп жазады. Осымен байланысты мынадай жағдайды айта кет-
кен жөн: араб-парсы тілдері мен моңғол тілінен енген бағзы бір
сөздер біздің халықтық тілімізге барынша сіңісіп кеткен. Мысалы,