Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет90/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   170
М. Базарбаев
филология ғылымдарының 
докторы, профессор;
Н. Уəлиев
филология ғылымдарының кандидаты 
ТОЛҒАУЛЫ ТОҚСАН ҚЫЗЫЛ ТІЛ
 (Рəбиға Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі». Зерттеу. 1995 ж.)
Абайдың сөз, тіл əлеміне бару оңай емес. Оның сырын ұғып, кілтін 
білмеген  адам  əдемі  құрылған  дүниені  құлатып,  рəсуа  етуі  мүмкін, 
яғни  үлкен  сөз  ұғарлық  дəреже  керек.  Абайдың  өзі  сөз,  тіл  туралы: 
«қисынын  тауып,  тағыны  жетіп  қайырған», «толғауы  тоқсан  қызыл 
тіл», «улы  сия,  ащы  тіл»  немесе  «өткір  тіл  бір  ұялшақ  қыз  болмай 
ма» дейді ғой. Мұндай жағдайда ғажап сөз шеберінің өнер сарайына 
батыл  кіріп,  ғылыми  тұрғыдан  талдау  жасау  даярлықты,  білгірлікті 
қажет етері даусыз. Осы жерде бірден айта кетелік, автор еңбегіндегі: 
сөз – өлеңнің  арқауы,  сөз  таңдау,  сөз  құбылту,  сөз  үндестіру  деген 
кілттері қандай ойға қонымды десеңізші. Əрі қарай: бейнелілік, эсте-
тикалық өріс, өлең жəне сөз, синонимдер, сөз – символ, дыбыс гармо -
ниясы,  түбірлес  сөздер  деген  уəждері  ғалымның  Абай  сөз  өнерін 
жүдетпей,  жүйрік  ой,  епті  қолмен  жазып  отырғанына  көзіңізді 
жеткізеді. 
Жалпы,  Абай  мұрасы  туралы  Р.Сыздықованың  бұл  жазып  отыр-
ғаны  тұңғыш  кітап  емес.  Мұнан  бұрын  да  бірнеше  еңбегі  жарық 
көрген. Əрине, қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы, рухани абызы ту-
ралы  таным-білім  заман  өткен  сайын  биіктей  бермек.  Кейде  ғылым 
ақиқатты ғана айту үшін емес, тану үшін қызмет етеді. Абайтанудың 
да  алғашқы  беттері  ұлы  тұлғаны  алдымен  суреткер  ретінде  тану-
дан  басталған.  Ал  суреткердің  ең  басты  құралы – тіл  екені  белгілі. 
Күндегісін күнде қолданып жүрген кəдімгі тілдің көркемдік құралы-
на  айналу  заңдылығын  ашып  білуде  тіл  мамандарының  айтары  да, 
берері  де  аз  емес.  Кезінде  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  Қ.Жұмалиев 
жəне  басқа  да  ғалымдардан  басталған  абайтанудың  тіл  біліміндегі 
желісі жалғасып келеді. Бұл салада зиялы қауым абайтанушы ретінде 
Р.Сыздықованың  еңбегін  ерекше  атайды.  Ақынның  сөз  шеберлігін, 
тіл кестесін лингвистикалық тұрғыдан біраздан бері зерттеп келе жат-
қан  ғалымның  жаңа  еңбегінде  енді  мəселе  жаңа  қырынан  қойылған. 
Абай  дəуіріндегі  тілдік  нормалар,  оның  жаңару  үрдістері,  қазақ  тіл 
кеңістігіндегі  ақынның  орны  жəне  тағы  басқа  мəселелерді  сара-
лап,  анықтап  алу  бұрыннан-ақ  қажет  болатын.  Зерттеушінің  «Абай 


198
Рəбиға Сыздық
шығармаларының  тілі» (1968) деген  көлемді  еңбегі  алдымен  осын-
дай өзекті мəселелерді шешіп алуды көздеген еді. Осыдан кейін іле-
шала жарық көрген «Абай өлеңдерінің синтаксисі» (1970) деп атала-
тын  еңбегі  қазақ  өлеңінің  синтаксистік  құрылысын  алғаш  сөз  еткен, 
негізгі тілдік белгілерін саралаған бірегей талдаулардың бірі болды. 
Зерттеушінің  бұл  аталған  еңбектерінде  сондай-ақ  Абай  нəр  алған 
бұлақ көздері айтылады, жыраулар поэзиясына тəн элементтер, фоль-
клор  тіліне  тəн  белгілер,  сөйлеу  тілі  мен  кітаби  тілге  тəн  қолданыс-
тар,  болмысы  бөлек  өзге  тілдік  элементтер  жүйе-жүйесімен  талда-
нып, олардың жұмсалу себептері мен уəждері көрсетілген-ді. Əрине, 
мұндай  əр  тұрпатты  элементтердің  суреткер  тілінде  ұшырасып  оты-
руы  түсінікті.  Əдетте,  қазақ  тілін  бір  ғана  тіл  деп  ұққанымызбен, 
оның  өмір  сүру  формалары  (тұрпаты)  бірнеше:  сөйлеу  тілі,  жергі -
лікті  тіл,  фольклор  тілі,  ақын-жыраулар  тілі,  кітаби  тіл.  Бұлардың 
өзегі  бір  болғанымен,  əрқайсысының  заңдылықтары,  өзіне  тəн  эле-
менттері бар. Осылардың бəрі де Абай тілінен табылады екен. Міне, 
зерттеуші  Абай  тілін  қарастыра  отырып,  сол  кездегі  синхрондық 
бөліктегі  əдеби  тілдің  сипаттары  мен  ерекшеліктерін  ашып  көрсетті. 
Бірақ əлі де шешімін таппаған мəселелер бар еді. Себебі əр текті, əр 
тұрпатты элементтерді бір қазанда қайнатып, тілдік бір арнаға салған 
Абай ма əлде ондай арна бұрыннан да бар ма еді? Басқаша айтқанда, 
əдеби тілдің негізін Абай салды ма деген мəселенің басын ашып алу 
да  күн  тəртібінде  тұрды.  Осындай  бағыттағы  ізденістің,  зерттеудің 
барысында  ғалым  «Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы» (1981, 1993) деген 
көлемді  монография  жазып,  Абайға  дейін  де  нормасы  тұрақталған, 
əсері қуатты əдеби тілдің болғанын, ол ауызша түрде қызмет еткенін, 
оның  негізгі  үлгілері  ХV–ХVІІІ  ғасырлардағы  ақын-жыраулар 
поэзиясы  мен  шешендік  сөз  үлгілері  екенін  айқындап,  арнай  терми-
нологиялық  мазмұн  бере  отырып,  оны  ауызша  əдеби  тіл  деп  атады. 
Абай  осы  ауызша  қызмет  еткен  əдеби  тілді  арқау  ете  отырып,  оның 
ұлттық жазба түрдегі негізін салғанын дəлелдеді. 
Суреткердің  сөз  құрамы  мен  сөз  шеберлігі  лингвистикалық  зерт-
теудің  əдіс-тəсілдері  арқылы  ашылмақ.  Абай  шығармаларының  тілін 
сол  кезеңдегі  əдеби  тілдің  үлгісі  ретінде  тексеріп  алмай,  ондағы 
сөздер мен сөз тұлғаларының, синтаксистік құрылымдардың сипатын 
ашып  алмай,  бірден  суреткерлік  шеберлігіне  көшу  қиын  болар  еді. 
Міне, ғалымның жоғарыда айтылған зерттеулерден соң, келесі кезекте 
ақын  тілінің  көркемділігін,  оның  сөз  шеберлігін  талдауға  баруының, 
абайтануға  қайта  оралуының  осындай  себебі  бар. «Абайдың  сөз 
өрнегі» – алдыңғы  екі  кітаптың  заңды  жалғасы  іспетті.  Əдетте  тіл 
көркемдігі  сөз  бола  қалса,  қаламгердің  көріктеуіш  құрал-тəсілдері, 


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет