Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет96/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   170
Рəбиға Сыздық
келеді.  Кенеулі  ойды  да  көрікті,  əсерлі  етіп  айтпаққа  талпынады… 
Жазушының  көркем  əдебиеттегі  тілі  тек  жабайы,  жұпыны  ұғымның 
тілі  болып  қоя  алмайды.  Ұғым,  түсінікпен  қатар,  ой  мен  сезімге  де 
бірдей əсер етерлік айшықты тілмен сөйлеу шарт» (9-б.).
М.Əуезов  шығармаларының  тіліне  талдау  жасау  арқылы  Р.Сыз-
дық  қаламгердің  сөз  таңдау,  қолдану,  əрлеу  шеберлігінің  тереңде 
жатқан  сырлы  тұстарын  ашып  көрсетеді.  М.Əуезовтің  алғашқы 
шығармаларында-ақ  синонимдерді  қолдану  ерекшелігі,  синонимдік 
қатардан  эстетикалық  объектіні  бейнелеуге  қажет  сөздерді  дəл  та -
уып, əрлей қолдана білуі сауатты оқырманды қайран қалдырады. 
Қазақ əдебиеті ерекшелігінің бірі – табиғат көріністерін бейнелеу-
де  теңеулерге  жиі  бару.  Осы  дəстүрді  М.Əуезов  шығармашылықпен 
қуатты  көркемдік  жүйеге  айналдыра  білген. «М.Əуезовтің  алғашқы 
əңгімелеріндегі  теңеулердің  дені  қазақтың  айналасын  қоршаған 
табиғат  көріністерінен,  күнделікті  зат,  бұйымдарынан,  тұрмыс-сал-
тынан, мал бағу, көшіп-қону тіршілік əрекеттерінен алынады», – деп 
атап  көрсете  отыра,  зерттеуші  жазушы  қолданатын  теңеулер  ішінде 
қазақ  халық  əдебиеті  үшін  кəнігі  емес,  профессионалдық  жазба  əде-
биетке тəн күрделі үлгілердің қолданылуын да айқындай көрсетеді. 
Зерттеуде  талданатын  шығармалар  мен  қаламгерлер  шығарма-
шылығы  кездейсоқ  алынбаған.  Р.Сыздық  еңбегінің  əр  тарауы  көр-
кемдігі  бірден  көзге  түссе  де,  əлі  шындап  қолға  алынбаған  жұмбақ 
үндестіктің  құпиясын,  құдіретін  ашып  көрсетуге  арналды.  Қазіргі 
əдеби  тілде  өтіп  жатқан  қуатты,  ағынды,  иірімді,  жұмбағы  мол  құ -
былыстарға  талдау  жасалады.  Оның  теориялық  негізі  мен  заңды-
лықтары,  даму  бағыт-бағдарына  топшылаулар  айтылады. «…көркем 
əдебиеттің  қызу  қарқынды  өтіп  жатқан  жанды  процесінде  оның 
қазақ  əдеби  тілінің  қазіргі  кезеңдегі  дамуына  жақсы  əсер  етіп  отыр -
ған жағымды жақтармен қатар, тілдік-эстетикалық талғам шарттары-
на  сай  келмейтін  жағымсыз  сəттерін  көрсетіп,  оны  түзейтін  ғылыми 
негізде  ұсыныстар  жасау  қажеттігі  де  даусыз».  Осы  мақсатты  да 
алға  қойған  зерттеуші  еңбегінің  бірінші  бөлімінде  М.Əуезов  жəне 
Ш.Мұртаза,  Ə.Кекілбаев,  М.Мағауин,  О.Бөкеев,  С.Бердіқұлов,  А.Сү-
лейменовтердің  əртүрлі  көркемдік  идеяларды  басшылыққа  алған 
шығармаларына  жан-жақты  талдау  жасау  арқылы  жазушы  тіл  мен 
оның көркемдік əлемі арасындағы жалғастықты ашып көрсетеді. 
Еңбектің  екінші  бөлімі  əдеби  тіліміздің  қызмет  (функционалды) 
стильдері  мен  терминдері  арасындағы  айырма  ерекшеліктерді  түсін-
діруден  бастап,  əдеби  жəне  көркем  əдебиет  тілінің  толығу,  баю,  ке-
мелдену  арналары  туралы  мəселелерге  арналған.  Соған  негізделетін 
тұжырымдарға  құралады.  Мұнда  зерттеушілерге  ғана  емес,  қалам-
герлерге де бағыт боларлық байламдар мол. Бір айта кететін жай, зерт-


211
Тіл-ғұмыр
теуде қазақтың əдеби тілі, көркем əдебиет тілі, поэтика мен стилисти-
каға  қатысты  қазақ  филологиясы  алдында  тұрған  келелі  мəселелер 
үнемі  аталып,  зерттеудің  бағдарлары  да  көрсетіліп  отырады.  Соның 
бірі  қазақ  филологиясында  əлі  шындап  қолға  алынбаған  жанр  сти-
листикасы,  нақты  жағдайда  проза  стилистикасы.  Бұл  əдебиеттану 
мықты  дамыған  елдерде  де  ерте  басталғанмен,  əлі  күнге  дейін 
шешілмеген. Осы объектіге арналған іргелі, жүйелі, терең, жан-жақты 
еңбектер аз. 
Көркем  əдебиеттің  əдеби  тілдің  дамуына  қосары  мол.  Бүгінгі 
таңда да өзге қызмет (функционалды) стильдермен қатар əдеби тілдің 
қалыптасып  дамуына  қазақ  əдебиеті  өлшеусіз  үлес  қосып  келеді. 
Көркем əдебиетте сөз құдіреті ерекше көрінеді. Р.Сыздық осы нұрлы 
əлемнің  практикадағы  көрінісі  мен  теориялық  қисындарына  нақты 
əдеби деректер арқылы талдаулар жасап, оның тарихи мен дамуы ту-
ралы  батыл  байлам,  тұжырымдар  айтады.  Тұрақтанған,  қалыптасқан 
тəрізді көркем, əдеби нормалардың өзгеру, жаңару, толығу, өсу жол -
дарын  əдеби  деректер  арқылы  дəйектейді. «Халықтың  рухани-эс-
тетикалық  қажетін  толығынан  өтеп,  ұлттық  ұйымдастырушылық 
қызметін  атқарып  отырған»  көркем  əдебиет  тілінің  əдеби  тіліміздің 
дамуына əсері жан-жақты тексеріледі. 
Қорыта  айтқанда,  əдебиет  пен  тілді  сүйер  қауымның  көкейінде 
тұрса  да,  сөзбен  айқындыққа  көше  қоймаған  талай  жұмбақтарына 
бағдарлы  жауап  бере  алатын  ойлы  зерттеу  кітап  дүниеге  келген. 
Еңбектің  қазақ  филологиясының  дамуына  қосар  үлесі,  қозғау  салар, 
түрткі болар қуаты орасан зор. Бүгінгі таңдағы қоғамдық гуманитар-
лық  мəселелерге  көз  тігіп  отырған  барша  оқырманға  ой  салары 
даусыз деп білеміз. 
«Егемен Қазақстан» газеті, 1998, 16 қазан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет