Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет91/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   170
Тіл-ғұмыр
бейнелі сөздер мен сөз орамдары алдымен ауызға алынады. Мұндай -
да  текстің  тек  теңеу,  бейнелеу,  əсірелеу,  мағына  құбылту  тəрізді 
жерлері  «шұрайлы»  көрініп,  қалған  тұстары  назардан  қағаберіс  қала 
береді.  Əрине,  ондай  айшықты,  əшекейлі  сөздер  алдымен  көзге  ша -
лынып, ерекше əсер ететіні де сөзсіз. Алайда нағыз көркем шығарма – 
іші шымыр, сырты жұмыр бір бүтін, біртұтас дүние. Бүтіннің бөлшек-
тері қалайда тұлғасы, мағынасы, қызметі, реңкі жағынан ұжымдасып, 
жымдасып  жатады.  Демек,  көркемдік  деген  шығарманың  өн  бойына 
тəн  біртұтас  нəрсе.  Оны  үзіктерден  іздемей,  бүтіннің  құрамына  еніп 
тұрған  əр  бөлшектің  мəні,  мағынасы,  қызметінен  жəне  олардың  бір-
бірінен  байланысынан,  басқаша  айтқанда,  уəжділіктен  іздеу  қажет 
екенін  зерттеуші  толық  дəлелдейді.  Сөйтіп,  көркем  тіл  кестесіне  ен-
ген дыбыс, сөз, сөз тұлғалары, ырғақ, əуен көркем ойды көрікті етіп 
берудің құралына айналатынына көзіңізді жеткізеді. 
Жасыратыны  жоқ,  осы  кезге  дейін  ұлы  ақынның  сөз  кестесіндегі 
шумақ  сайын  немесе  жол  сайын  қайталанып  отыратын  сырт  қара -
ғанда  тек  ұйқас  үшін  айтылғандай  болып  көрінетін,  шоғырымен 
жұмсалатын  кейбір  тұлғаларда  пəлендей  бір  шеберлік  бар  деп  еш-
кім  тап  басып  тани  қойған  жоқ  болатын.  Ендігі  жерде  зерттеуші, 
суреткердің тіл кестесіндегі жеке сөзді былай қойғанда, грамматика-
лық тұлғалардың стиль тезіне түсіп, қалайша көркемдіктің жүгін кө-
теріп тұрғанын көрсетіп береді. Атап айтқанда, зерттеушінің пайым-
дауынша, ақынның философиялық ой толғайтын тұстарда, сурет жа-
сайтын  сəттерде  жəне  жай  ғана  баяндайтын  жерлерде  əртүрлі  тұлға -
лар  шоғыр-шоғырымен  қайталанып,  ерекше  мəнге  ие  болады  екен. 
Осылайша  ақын  динаминалық,  статикалық  күйді  беруде  сөз  тұлға-
ларының  ерекшеліктерін  шебер  пайдаланады.  Бұрынғы  ізденістерде 
ұлы  ақынның  сөз  кестесінде  сан  алуан  сипаттағы  сөздердің  кездесе-
тіні  белгілі  болғанмен,  оның  мəні  беймəлім  болатын.  Себебі  тілдің 
небір  інжу-маржаны,  бейнелі,  айшықты  үлгілерінен  басқа  ақын  ті-
лінде  кездесетін  кітаби  (шағатай  тіліне  тəн  сөздер)  реңкі  бейта-
рап,  мазмұны  төмен  қарапайым  сөздердің,  тұрмыстық  сипаттағы 
атаулардың жұмсалу реті мен жүйесі сараланып көрсетілмеген бола-
тын.  Ал  бұлардың  қызметі  мен  көркемдік  жүгін,  стильдік  мəнін  ең 
алдымен текст түзу заңдылығы негізінде тануға болатынын осы зерт -
теуден  аңғарамыз.  Олай  болатыны  ақынның  қаламына  ілінген  əр-
бір  тілдік  элемент  алдымен  тақырыпқа  (ақынның  айтпақ  идеясына) 
бойсұнады  екен:  олар  əуелі  тақырып  жағынан  үндеседі,  мағына  жа-
ғынан үйлеседі, субъективті модальдық, объективті модальдық (ашық 
рай  тұлғалары)  жағынан  шоғырланады,  деректі-дерексіз,  жағымды-
жағымсыз сипаты жағынан жымдасады. 


200
Рəбиға Сыздық
Осының  бəрі  біздің  баяндауымызда  қиындау  ұғылып  тұрғаны-
мен,  айналып  келгенде,  көркем  əдебиет  деген  үлкен  ұғымға  қызмет 
ететін  пайымдаулар.  Абайдың  сөз  өрнегі,  өлең  өрнегі  не  себепті 
əрбір  ақынның  қолынан  келе  бермейтін  қиюын  тауып,  жұмыр  боп 
қалыптасқан  күйде  деген  сұрауға  жауап  беретін  тұжырымдар. 
Р.Сыздықова  зерттеуінің  артықшылығы – əңгіме  əдебиет  жайында, 
молынан  айтсақ,  өнер  жайында  екенін  əсте  естен  шығармауы.  Рас, 
мазмұн  мен  форманың  үйлесімінен  туып  отырған  əдеміліктің  тілдік 
тетігі осы кезге дейін құпия болып келген-ді. Басқаша бұраумен ашы -
латын сол құпияның кілтін, міне, оқырмандарымыз осындай зерттеу -
ден  байқай  алады.  Абайтанушы  ғалым  текст  түзудің  теориялық 
негіздеріне  сүйене  отырып,  ұлы  ақынның  жазба  тілге  тəн  текст  құ-
руының, сөз өрнегін жасауының шарттары мен заңдылықтарын аша-
ды.  Сондықтан  ғалымның  бұл  зерттеуін  ұлы  суреткердің  көркемдік 
əлемін  тереңірек  тануға  мол  септігін  тигізетін  жаңа  бағыттағы  бас -
тама деу қажет. 
«Қазақ əдебиеті» газеті, 1995, 22 тамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет