Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет98/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   170
Рəбиға Сыздық
таңба,  белгіден  тысқары,  яғни  тілден  тысқары  өмір  сүре  алмай-
ды.  Адамды  түгелдей  дерлік  таңбалық  əлем  қоршаған,  сондықтан 
адам  болмысының  өзі  таңбалық,  тілдік  болмыс.  Осымен  байланыс-
ты  лингвомəдениеттану  тұрғысынан  тілші-ғалым  Р.Сыздықтың  зерт-
теуінің  нəтижесінде  тілдің  тек  денотаттық  коммуникация  құрал 
ретіндегі  қызметін  ғана  емес,  сонымен  бірге  коннотаттық  мəнін  де 
анықтайды.  Бұл  арада  сөз  көркем  мəтіндегі  сөздердің  өзіндік  қолда-
нысы хақында екені түсінікті болар. Ал мəтіннің əрқашан біреулерге 
(оқушыға) бағытталатыны белгілі. Жəне ол сонысымен де ерекше.
Мəтін  авторының  ішкі  дүниесімен  қатар  өзіндік  көзқарасы,  дү-
ниетаным  кеңістігі  жеке  сөз,  ия  сөйлем  аясында  емес,  мəтіндік  тал-
дау арқылы ғана ашылады. Осымен байланысты мəтінді жете түсіну 
үшін  мəтін  авторының  тілдік  тұлғасына,  дүниетанымына,  оны  қор-
шаған  əлеуметтік  орта  көзқарасына  назар  аударып,  осы  мəтін  соған 
жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресатты да білу қажет. Осы үрдіс-
тегі  зерттеу  талабынан  шығатын  ғалым  өз  еңбегінде  мəтіндегі  ав-
тор  айтам  дегеннен  де  кең  мағынаны  тауып  көрсетеді.  Мысалы,  ала 
сөзінің  көпке  белгілі,  қалыптасқан  түске  қатысты  мағынасына  қоса 
«ұрыс», «соғыс», «қырып-жою», «бүліншілік»  жəне  «бейберекет», 
«тəртіпсіз», «ретсіз», «анық  емес»  деген  мағыналары  анықталған. 
Осымен байланысты зерттеушінің: ала балта – жай балта емес соғыс 
құралы, «ұрыс  балтасы»,  немесе  ала  ту  деген  тіркес  о  баста  тудың 
түсіне қатысты емес, ұрыста ұстайтын ту деген ұғымда туған тəрізді. 
Ол  ала  тудың  түсі  жасыл,  ақ,  көк  т.б.  болуы  мүмкін»  деген  тұжы -
рымдары  тіл  мен  мəдениет  сабақтастығын  зерттейтін  лингвомəде-
ниеттану  деңгейінде  бағаланса,  ала  сөзінің  морфосемантикалық 
жүйеде  жасалған  лингвистикалық  реконструкциясы  (ала<алапат, 
аламан,  алай-түлей,  ала  сапыран,  ала  топалаң,  ала  қырғын)  мəдени 
реконструкциямен  де  сабақтасады  деп  санаймыз.  Ал,  сөздік  қол-
даныстың  конноттық  сипаттағы  көрінісі  «көркемдік  əлем»  деп  ата -
лып жүрген лингвопоэтика деңгейінде анықталған. 
Яғни  тілдік  таңба – қарым-қатынас  барысы,  қолданыс  өрісі,  шы-
ғармашылық  аясындағы  өзгермелі  жүйе.  Айталық,  адамдар  қарым-
қатынасының  əмбебап  құралы  ретінде  тілдік  белгі  түгелдей  дерлік 
қоғаммен,  əлеуметпен  қатынасты  қоғамдық-əлеуметтік  сипатқа  ие. 
Тілдегі  оның  ортақ  белгісінің  уақыттың,  əр  тарихи  кезеңнің  мəде -
ни-тілдік  контексіне  сəйкес  түрлі  социолектерге  бөлініп  кететіндігін 
мəтін  негізінде  талданған  тілдік  деректер  дəйектейді.  Мысалы:  аға, 
азамат,  аламан,  алаш,  алғаным,  алдияр,  жігіт,  кішілік,  қарашы, 
қарындас, сұрқылтай, төбе би т.б. 


215
Тіл-ғұмыр
Көріп  отырғанымыздай,  бұл  мəдени  атаулардың  қолданысы  бел-
гілі  бір  тарихи  кезеңнің  қоғамдық  өмірінде  қалыптасқан  нормаларға 
сай  құндылықтар  ретіндегі  тілдік  коммуникация  түрі – дискурста 
қарастырылады.  Зерттеуші  өзінің  өмір  сүріп  отырған  уақытынан, 
оның  негізгі  əлеуметтік-мəдени  контексінен  ешқашан  асып  кете  ал-
майды.  Өйткені  адамдардың  белгілі  бір  мəдени-əлеуметтік  кезеңге 
сай өзіндік психологиялық, танымдық стандарттары болады. Мысалы, 
Р.Сыздық  азамат  сөзінің  «Айман – Шолпан»  жыры  мен  Махамбет 
өлеңдеріндегі  т.б.  қолданыстарға  байланысты, «жасақшы», «жауын -
гер»  мағынасын  көрсетеді.  Немесе  жігіт  сөзінің  орта  ғасыр  ескерт-
кіштері  кезеңінде  терминдік  сипатқа  ие  болғанын («жігіт  (йігіт) – 
феодалдық  жалдамалы  атты  əскерінің  жауынгері  немесе  олжа 
табу  үшін  феодалға  жақындасқан  жауынгер, «кезбе  рыцарь»)  айта -
ды (17-18-б.).
Осы  арада  зерттеудегі  сөздердің  қолданыс  тарихын  дискурстық 
сипатта  анықтаудың  бір  қызықты  үлгісі  ретінде  «Алпамыс»  жы-
рында,  Асанқайғы  толғауы  мен  Махамбет  өлеңдеріндегі  «Əйелім», 
«Жарым», «Қосағым»  мағынасындағы  қолданылған  «Алғаным» 
сөзінің  қолданысы  арқылы  дəйектелген  анықтамасы (37 б.).  Осы 
сияқты  амандасу,  астана,  жетім,  кішілік,  қарындас,  майдан  т.б. 
қазіргі  тілдегіден  ерекше  қолданыстардың  талдануын  осы  қатарға 
кіргізуге болады. 
Кітап  мазмұнын  құрайтын  осы  тектес  талдаулар,  біздің  ойымыз-
ша,  автордың  өзі  алғысөзінде  көрсеткендей, «көне  өлең-жырларда 
кездесетін,  қазіргі  көпшілік  оқырманға  түсініксіз  бірқатар  бейтаныс 
сөздерді»  түсіндіру  деген  практикалық  талап  деңгейінің  шеңберіне 
сыймайды.  Нақты  айтқанда,  жоғарыда  көрсетілген  теориялық  маз -
мұнына  сай  жасалған  аталмыш  зерттеу  еңбегі  лингвопоэтика  дең-
гейінде  тіл  мен  мəдениет  сабақтастығын,  мəдени  метатілдің  комму-
никативтік  қызметін  кешенді  түрде  қараудың  перспективасы  зор 
екенін дəлелдейді.
Əдебиеттер: 
1. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997.
2. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат, 1994.
3. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1986.
4. Лосев А.Ф. Диалектика творческого акто//контекст М., 1981.
5. Караулов Ю. Русский язык и языковая личность. М.: Наука. 1987.
6.  Өмірəлиев  Қ.  ХV–ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясының  тілі.  Алматы: 
Ғылым, 1976.


216
Рəбиға Сыздық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет