М. Арынов
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
пединститутының ректоры, профессор;
Ғ. Əнес
«Арыс» қорының президенті
«КӨП ТУСА ҚАЗАҚ ДƏЛ СІЗДЕЙ ҚЫЗДЫ!»
Дəуірден дəуірге дəуренін асырған, ғасырдан ғасырға ғұламалы-
ғын арттырған ата-бабамыздан сөз қалған ба?! Азаматқа айрықша
сүйсінген сəтте «Шіркін, сегіз қырлы, бір сырлы» екен десіп жата-
ды. Тектілікпен қарапайымдылық, дарындылық пен еңбекқорлық,
ұстаздық пен ізденімпаздық, турашылдық пен ақкөңілділік бір жан -
ның бойынан табылса, қашан көрсеңіз де жайдары жүзді, кіршіксіз
көңілді сындарлы қалпынан айнымаса, қалайша сүйсінбессіз! Жыр
дауылпазы Қасым аға (Аманжолов) осы асыл, өзгермес қасиетті ерте
сезгендей Рəбиға атты балғын қызға:
Тіліңіз тəтті, ойыңыз қандай!
Тыңдадым, ұқтым жан күйіңізді.
Болар ем күнде бір жасағандай,
Көп туса қазақ дəл Сіздей қызды, –
деген жыр жолдарын арнаса, Рəбиға Сəтіғалиқызы Сыздықова бү -
гінде осы үдеден шығып отыр. Аты байтақ жұртқа машһүр Ғалым.
Өзіндік мектебі, ізін қуған шəкірттері бар Ұстаз. Ана тілінің абыройы
үшін қаламын қолдан түсірмей күресіп келе жатқан Азамат. Сегіз
қырлы, бір сырлы жан...
Қымбатшылық! Жоқшылық! Күнкөріс қиындығы!.. Жиырма бі-
рінші ғасырға иек артқан бүгінгі таңда да аузымыздан түспейтін
осы бір сөздер Рəкең дүниеге келген 1924 жылдары, ол қара танып,
білім алған 1931–38 жылдары Ойыл қалашығында ғана емес, жалпақ
Ақтөбе өңірінде айтылмады, ел-жұрт тұрмыс-тіршілігіне риза, мамы-
ражай өмір кешті деп, сірə, ешкім айта алмас. Нені де көзбен көрген,
бастан кешкен біледі. Қайта Рəкеңнің отбастарындағы күнкөріс
құдайға мың шүкір-тұғын. Шешесі Жеміс Қалуқызы оқымаса да
зерделі, дастарқаны таза, қолы ашық адам еді. Ал əкесі Сəтіғали
Құтқожин Ұлы төңкеріске дейін оқыған аз қазақтың бірі, Ақтөбе
өңірінде Кеңес өкіметін орнату, жаңа өмірге көшу жолында құл -
шына еңбек еткен жан болатын. Қашанда қазақ «қонақ таңдап қо -
нады» демей ме, шешесі əрдайым елдің небір сыйлы азаматтары-
ның – Кеңес өкіметіне о бастан бүйрегі бұрған ағайынды Қаратаев-
тардың, Күнбатыс Алашордасының көсемдері Жанша мен Халел
217
Тіл-ғұмыр
Досмұхамедовтардың өз əкесімен таныс, сырлас болғанын, дастарқан-
дарынан талай дəм татқандарын айтып отырушы еді. Қанша қиын
заман туса да, балаларын оқыту керек деп білген əке-шеше тəлім-
тəрбиесі шығар, əрі тумысында зерек, кеудесінде таудай талап,
титімдей талант ұшқыны бар отты қыз бірден төртінші класқа қа-
былданды, озат оқыды. Бірақ өмірдің өз соққысы алдында екен. 1937-
нің қанды қасабына Темірде аудандық пошта бастығы боп жүрген
көзі ашық əкесі алдымен ұшырады, сол ұсталып кеткенінен оралма-
ды. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына күйінем»
дегендей, əкесіне жабысқан «халық жауы» деген қара күйе ендігі
жерде Рəкеңнің алдынан талай жерде жолын тосты, бұйырған енші-
үлесінен қақты. Əкесінің «халық жауы», өзінің «халық жауының
қызы» емес екендігін дəлелдеу үшін алдымен мектепті озат бітіру,
одан əрі шындық үшін күресу қажет екенін қайсар, намысқой қыз
іштей сезінді. Тырысты, тырбанды, алған бетінен қайтпады. Əлі
есінде, 1938–40 жылдары Темір қаласында педучилищеде оқыған
кезде жаттап жүріп, жанын қинап, орыс тілін меңгеріп алды. Онысы
өмір бойы кəдесіне асты да. Əйтеуір ағасы Хамитке сүйене жүріп,
қатарға ілесті, еңбекке араласты. Алға стансысына бастауыш клас -
тың мұғалімі болып орналасқаны, алғашқы рет сабақ жүргізгені ұмы-
тылмақ емес. Он алтыға енді толған жап-жас қыздың алдында өзінен
үш-төрт жас кіші жеткіншектер отырушы еді. Кейін ол шəкірттері -
нің бірі ғалым, ірі шаруашылық басшысы, енді бірі Бəкір Тəжібаев
пен Ізтай Мəмбетов сынды белгілі ақындарымыз болды.
Əйтсе де қиындықтың бəрі алда екен. Соғыс басталды. Шаңырақ-
ты шайқалтпай отырған арқасүйер ағасы Хамит майданға аттанды.
Ол кездің бір ерекшелігі – ел басына қандай қысталаң күн туса да
мектептер, оқу орындары өз жұмысын тоқтатпап еді. Əрине, тəжіри-
белі кадр жоқ, оқулық жоқ, отын жоқ... Бірақ бала-шаға білім алып,
мамандар даярланып жатты. Рəбиға атты жас қыздың да бұғанасы
бекіп, қызметі жыл сайын өсе бастады. 1942 жылы Темір қаласын-
дағы орта мектептің мұғалімі, келер жылы осындағы педучилищенің
оқытушысы, ал 1944 жылы Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектептің
оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды. Өзі де уақыт тауып
оқыды, тоқыды. Екі жылдық Ақтөбе мұғалімдер институтын жедел
/экстерн/ бітіріп алды.
Өткен күнді еске алғанда ойға ең алдымен ащы да тəтті Жеңіс
күні оралады. Бес жыл бойы бел жазбаған ел «уһ» деп тыныс алды,
майданнан ағасы аман-сау оралды, дүркін-дүркін дүние арзандап
жатты. Сол күндердің белгісіндей болып, 1945 жылы кеудеге таққан
«1941–45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбегі үшін»
218
Достарыңызбен бөлісу: |