Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет100/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   170
Рəбиға Сыздық
медалі əлі күнге сақтаулы. Осы жеңісті жыл шынында да Рəкеңе көп 
шапағатын тигізіпті. Облыс мұғалімдер арасынан үлгілі ұстаз ретінде 
астанаға  жол  тартып,  дəстүрлі  республикалық  тамыз  конференция-
сына  қатысады.  Тəжірибелерін  ортаға  салады,  белсенділігі  көзге  ша-
лынып,  белгілі  тілші-ғалымдар  көңіл  қояды.  Солардың  қалауымен 
бірден ҚазПИ-дің үшінші курсына қабылданады.
Іргетассыз  үй  салынбасы,  керегесіз  тігілмесі  белгілі  ғой.  Міне, 
бүгінде  Ғылым  атты  киелі  орданың  төрінен  ойып  орын  алған  апа-
мыздың  биіктен  биікке  өрмелер  баспалдақтары  алты  жыл  бойы  осы 
ҚазПИ,  бүгінгі  Алматы  мемлекеттік  университетінің  қабырғасында 
қаланып еді. Үш жылғы студенттік, одан соңғы аспиранттық кезеңдер 
бал  арасынша  білім  жинаумен  үрдісті  өркенниеттерден  үлгі-өнеге 
алып,  жаңа  жол,  соны  соқпақтар  іздеумен  өтті.  Тырнақалды  мақала-
лар жазылды. Талап таудай болғанмен тау қопарып тастау оңай емес 
екен.  Жазасың,  сызасың.  Бүгін  жазғаның – ерекше  бір  дүние.  Ертең 
қайталап оқысаң, көңілің толмайды, тіптен өзің ұяласың. Жан-жағыңа 
қараңқырайсың, қарайлайсың. Еліктейсің, солықтайсың... «Ерінбеген 
етікші, ұялмаған əнші болады». Бірақ қашан да текті жүйріктер бабы 
келмей  шаппайды.  Көпшілігі  маңдайы  жарқырар  күнін  тосып-тосып 
жүріп,  додаға  түсуден  айнып  қалса,  бірен-сараны  ғана  күндердің 
күнінде  жанартауша  атылады.  Сондықтан  да  қашанда  атылған  жа-
нартаулардан  атылмағандары,  от-сəулесін  шашпағандары  қауіпті!.. 
Міне,  осылайша  Рəкең  ғылым  додасына  көңілі  шапқанмен,  аламан 
бəйгеден  именіп  қасиетті  де  киелі  санайтын  жұмбақ  əлемге  алты 
жыл  қимас  көзбен  сырттай  қызыға  қарайлап  жүрді.  Бірақ  та  Қазақ -
тың  оқу-педагогикалық  баспасында («Мектеп», «Рауан»)  редактор, 
редакция  меңгерушісі  болған  ол  жылдарға  еш  өкпесі  жоқ,  қайта 
олқының  орнын  толтырып,  барды  базарлай  түсті.  Алдыңа  келген 
қолжазба «өз ішіңнен шыққан шұбар жылан» емес. Аласың да түзей -
сің, қырасың, жонасың. Жетпесе қосасың – «қайран сөзім қор болды» 
тірлік. Бірақ осы жылдар кейіннен жыл сайын дүниеге бір кітап əке-
лер ұшқыр ойды, жүйрік қаламды, көрікті кестені қалыптастырды. Өз 
жазғаныңа,  дайын  қолжазбаңа  өз  көзіңмен  емес,  өзге  бір  редактор-
дың көзімен қарауға үйретті. Машинка басу, қатені түзеу, желімдеу-
жасқауға  дейінгі  сырт  көзге  еленбейтін  азабы  мол  ауыр  еңбекті 
ешкімге  сенбей  өзі  атқаруға  дағдыландырды.  Міне,  сондықтан  да 
Рəкеңнің  қаламынан  туып,  тасқа  басып  ұсынған  дүниесінен  бір  кір -
піш  суыра  алмайсыз,  сылап-сипамайсыз,  дайын  өнім.  Бұл  айтқаны-
мызды  Рəкеңнің  ондаған  кітабын  басып  шығарған  баспагерлер  де, 
жүздеген  мақалаларын  жариялаған  газет-журнал  қызметкерлері  де 
қолдап-қоштары сөзсіз.


219
Тіл-ғұмыр
Талант  тас  жарады,  шын  тұлпар  түбі  бір  шабады.  Біреулер  үшін 
кешірек,  бірақ  дайынмын  деп  санаған  кезде – 1957 жылы  Рəбиға 
Сəтіғалиқызы  нағыз  ғылым  жолына  түседі,  қара  шаңырақ – Ғылым 
академиясының  Тіл  жəне  əдебиет  институтына  қызметке  орнала -
сады.  Міне,  содан  бері  үш  мүшел  атпал  азаматтың  ғұмырындай 
мерзім өтті, еш жаққа табан аударған емес. 1980 жылдан бері бүгінде 
Ахаң – Ахмет  Байтұрсынов  есімін  иеленген,  дүниежүзіндегі  бірден-
бір  қазақ  тілін  зерттейтін  осы  Тіл  білімі  институтының  қашанда 
желдің  өті,  даудың  ұшында  тұратын  Тіл  мəдениеті  бөлімін  үзіліссіз 
басқарып  келеді. «Ең  соңғы  құлайтын  қамал – тіл»  деп  өзі  жиі  ай-
татындай,  осы  қамалды  құлатпас  үшін,  əрі  оны  шөп-шалам  басып, 
сəн-салтанатына  көлеңке  түспес  үшін  шырылдап  келеді.  Иншалла, 
Рəкеңдей  əрі  сардары,  əрі  сарбазы  бар  кездерде  тіліміздің  мəртебесі 
де, мəдениеті де, мəйегі де ортая қоймас...
Рəкең  институт  қабырғасында  өзіне  дəріс  оқыған  академик 
Қажым  Жұмалиев,  профессор  Сəрсен  Аманжолов  сынды  ғалымдар-
ды  ұстаз  тұтады.  Ғылымның  үлкен  жолында  ақылшы  аға  бола  біл -
ген  І.Кеңесбаев,  М.Балақаев,  А.Ысқақовтарды,  ұлы  қаламгер  М.Əуе-
зовті ерекше құрметтейді. Əсіресе, Мұхаңның талантты тани қоятын, 
тар жерде қолтықтан демеп жіберетін тағылымы естен кетпейді.
Ахмет  пен  Мағжанды  бүгіндер  танып  жатсақ,  кешелер  тіптен 
Абай  мен  Мұхаңдарға  талай  солақай  сынды  жебелердің  кезелгенін 
жастарымыз  қайдан  білсін!  Елуінші  жылдары  «Абай  жолы»  эпопея-
сы да аяусыз талқыға түсіп, талас-тартыс туып, оңды-солды пікірлер 
айтылып жатты. 1953 жыл. Осындай жиындардың бірінде мəжілістің 
тізгінін  ұстап  отырған  философ  Ə.Жаймурзинге  залда  отырған 
Мұхаң  тілдей  қағаз-сəлемдеме  жолдайды.  Онда: «Əбдраһим!  Егер 
Құтқожина  деген  əйел  бала  сөз  сұраса,  берсең  жақсы  болар  еді. 
Ол  бір  өте  ақылды,  мəдениетті  жас.  Мұхтар», – деп  жазылған  екен. 
1978  жылдың  желтоқсанында  ҚазМУ-де  жас  қаламгерлердің  дəс-
түрлі  өткізетін  Əуезов  күнінде  осы  хатты  тəбəріктей  сақтап  жүрген 
Ə.Жаймурзиннің  кеш  қонағы – ғылым  докторы  Рəбиға  Сыздықоваға 
табыстағанына куə болып едік...
Сондай-ақ 1959 жылы  Ғылым  академиясында  «Əдеби  мұра  жəне 
оны  зерттеу»  тақырыпты  ауқымды  ғылыми-теориялық  мəслихат 
өткізілген  еді.  Соның  жабылар  сəтінде  қорытынды  сөз  сөйлеген 
академик  Мұхтар  Əуезов  былайша  толғады: «Əдебиет – тілмен  əде -
биет.  Сол  тіл,  стиль  түрінде  əдебиет  жүйесі  мен  тарихи  көлемінде 
тексерілсе,  осымен  қатар  тілдің  бар  заңы  бойынша  тіл  ғылымының 
оқымыстылары  зерттейтін  дүние  екені  жəне  мəлім.  Біздегі  тіл  ға-
лымдарымыз  қазақ  əдебиетінің  арғы-бергі  мұраларын,  үгілерін 


220


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет