Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет101/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   170
Рəбиға Сыздық
ұдайы  зерделеп,  зерттеумен  өз  ғылымдарының  өрісін  ұлғайта  дамы-
тып  келеді.  Сол  еңбектерімен  олар  біздің  егіз-қатар  серігіміз  дейміз. 
Əрдайым  иық  сүйесе,  тізе  қоса  өсетін  еңбектес  сыңарымыз.  Осы 
құрметті  достарымыз – тілшілер  қатарынан  конференция  үстінде  екі 
адамның  атын  арнайы  атап  өтейін.  Бұның  бірі – барлық  Қазақстан -
дағы  тіл  ғалымдарының  ағасы,  үлкен  ұстазы  І.Кеңесбаев,  екіншісі – 
Абай  қарасөздерінің  тіл  ерекшелігін  зерттеп,  кандидаттық  диссерта -
ция  қорғағалы  жүрген  Р.Сыздықова  жолдас.  Рəбиға  Сыздықованың 
сөзіне конференцияға қатысушылар айрықша ырза болды деп санай-
мын.  Оның  сөзіндегі  бір  ерекшелік  тіл  мамандары  мен  əдебиетші-
лерге  қатар  айтар  орынды,  кенеулі  ойы  бар  жəне  сол  ойды  таратып 
айта  аларлық  тіл  құдіреті  мейлінше  жеткілікті  екендігін  аңғартады» 
(«Əдеби  мұра  жəне  оны  зерттеу».  Алматы:  Ғылым, 1961,  351  бет). 
Міне,  Абай  мұрасын  зерттеу  үстінде  бір  сəт  жолдары  тоғысқан 
тұста  ғұлама  жазушы  осылайша  əлі  кандидаттық  диссертация-
сын  қорғамаған  жас  талаптың  тұсауын  кесіп,  əрі  бүкіл  алқа  топтың 
алдында  тұлпарды  құлынынан  танып-ақ  еді-ау!  Таныған  емей  не-
мене,  егер  жүздеген  ғалым  арасынан  екі-ақ  зерттеушінің  аты  аталса, 
олардың  бірі – академик,  екіншісі  аспирант  дəрежесінде  ғана  болса 
жəне  таразы  басына  тең  тартылса...  Айтылмаса  сөздің  атасы  өледі. 
Бүгінде  кішігірім  бір  ғылыми-зерттеу  институты  атқарар  шаруаның 
жамбасын жерге тигізген ғұлама ғалымымыздың тек əттең, əлі күнге 
академик  атағына  ие  болмағанына  өкінеміз...  Соғыстан  соң  көппен 
бірге медальға ие болғанын айтқанбыз. 1971 жылы «Құрмет белгісі» 
орденімен наградталды. Бір орден, бір медаль. Аз ба, көп пе?.. Əрине, 
халық үшін өткен еңбек, төккен тер ештеңемен өлшенбесі анық. Де-
сек  те,  кей  кезде  топырағынан  талай  алаш  ардақтылары  жаратылған 
Ақтөбе  облысының  əкім-қаралары,  елге  еңбегі  сіңген  азаматта-
рын  електеп  отыратын  қоғамдық  ұйымдар  бар  жақсы  мен  жайсаңын 
маңына  жинап  алған  алыстағы  астанаға  өз  пікір-ұсыныстарын  жол -
дап  отырғандары  да  жөн-ау.  Шынында,  бұл  бүгін  үшін,  өлілер  мен 
көзі тірілер үшін емес, келер ұрпақ абыройы үшін қажет-ақ!..
Рəбиға  Сəтіғалиқызы  сол 1959 жылы  «Абай  қарасөздерінің  не -
гізгі  морфологиялық  ерекшеліктері»  деген  тақырыпта  кандидаттық, 
1971  жылы  «Абай  шығармаларының  тілі»  деген  тақырыпта  доктор-
лық  диссертация  қорғады. 1979 жылы  Ұлттық  ғылым  академия -
сының  корреспондент  мүшесі  болып  сайланды. 1989 жылы  түркі 
тілдері  мамандығы  бойынша  профессор  атағын  алды. 1984 жылы 
оған Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы 
берілді.
Профессор  Рəбиға  Сыздықованың  қаламынан  туындаған  зерттеу 
еңбектер  сан-салалы.  Олардың  бəрін  таратып  айтып,  талдап  шығу 


221
Тіл-ғұмыр
бір  мақалада  мүмкін  де  емес.  Сондықтан  біз  ғалым  өзі  қазақ  тіл 
білімінде  көшбасшы  болып  келе  жатқан  үш  саланы,  оған  қосқан 
үлесін қысқаша ғана шолып өтпекпіз. Атап айтар болсақ, олар: қазақ 
əдеби тілінің тарихы, тіл мəдениеті, қазақ тіл білімінің тарихы. 
Өткен  жылдың  соңы,  биылғы  жылдың  басында  көпшілік  қауым-
ның  қолына  профессор  Р.Сыздықованың  «Қазақ  əдеби  тілінің  тари-
хы»  атты  көлемді  еңбегі  тиді.  Бұл  іргелі  зерттеу  ғалымның  қырық 
жылдық ғылыми ізденісінің түйіні, қорытындысы. Əр кезде жеке-же-
ке  кітап  болып  жарияланған  монографияларындағы  ғылыми  концеп-
циялар  онда  бір  нысанға  тоғыстырылған,  сөйтіп  о  баста  алға  қойған 
мақсатты идея жүзеге асқан. Мысалға жүгінер болсақ, мəселен, Абай 
шығармаларының  тілін  ұңғыл-шұңғылына  дейін  зерттеген,  осы  та-
қырыпта  көлемді  үш  кітап  жазған  ғалым  «Қазақ  əдеби  тілінің  тари-
хында»  Абайдың  қазақ  ұлттық  жазба  əдеби  тілін  қалыптастырудағы 
рөлі туралы түйінді ойларын 24 ақ бетке сыйғызған!...
Көзі қарақты оқырман, өзін өрелі, тілге, мəдениетке жанашыр са-
найтын  əр  адам  профессор  Р.Сыздыкованың XII ғасырдағы  руха-
ни  мұрамыз – Қожа  Ахмет  Ясауидің  «Хикмет»  кітабынан  бастап, 
ХVІ  ғасырдағы  Қадырғали  бидің  «Жамиғ-ат-тауарихы»,  жыраулар 
мен  ақындар  мектебі,  Абай  мен  Шəкəрім  шығармашылығы,  күні 
бүгінгі  поэзия  мен  проза  тіліне  қатысты  ойлы  да  өрнекті  кітапта -
рын,  мақалаларын  оқымағаны  жоқ  шығар.  Оларды  оқып  отырып, 
əрине,  кез  келген  оқырман  ғалымның  қаншама  көз  майын  тауысқа-
нын, əсіресе «Хикмет», «Жамиғ-ат-тауарих», Абай шығармаларының 
түрлі қолжазбалардан сарыла отырып салыстырылғанын, мүлде жаңа 
текстологиясы  жасалғанын  байыптай  бермейді.  Əділін  айтар  болсақ, 
мұның əрқайсысы бір ғұмырға жетерлік ауыр еңбек. Қазақтың əдеби 
тілі  атты  тұтас,  құйрық-жалы  бүтінделген,  төл  концепциясын  түйін -
деу  үшін  автор,  бір  қызығы,  беріден  əріге,  яки  алып  Абайдан  сұпы 
ақын  Ахмет  Ясауиге  дейін  жүріп  отырады.  Халық  қазынасын  толық 
қамту  үшін  ғасыр-ғасырлап,  саты-сатылап  еңбектен  ерінбеген 
Еңсепше  шыңырау  қазады.  Еңбегі  еш  болған  Еңсептен  ерекшелігі – 
қазақ  əдеби  тілінің  қайнар-көздерін  ашты,  нəр  аларбастау-тұмала -
рын айқындап берді...
Ұлы  Мұхаң  баға  берсе – бергендей,  Рəкең  беткеұстар  абайтану-
шыларымыздың  бірегейі.  Оның  ертеректе  жарық  көрген  «Абай 
шығармаларының  тілі» (1968 жыл), «Абай  өлеңдерінің  синтаксисі» 
(1970)  атты  күрделі  еңбектеріне  қосымша  «Абай»  энциклопедия-
сына  жазған  жаңа  мазмұнды  мақалалары  мен  «Абайдың  сөз  өрнегі» 
/өндірісте/  атты  зерттеу  кітабы  ұлы  ақынның 150 жылдық  торқалы 
тойына  шашылған  шашу  болмақ.  Сондай-ақ  еңбекқор  ғалым  ауыз 


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет