Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор


ЫДЫРЫСОВ  Әбілфайыз Ыдырысұлы



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата01.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#908
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ЫДЫРЫСОВ 
Әбілфайыз Ыдырысұлы 
 
Тарих ғылымдарының кандидаты,  
профессор, 
ҚР еңбегі сіңген қайраткер
1930  ж.  23  ақпанда  Қостанай  облысы,  Амангелді  ауданы 
Бүйректал ауылында дүниеге келген.
1953  ж.  С.М.  Киров  атындағы  ҚазМУ  филология  факульте-
тінің журналистика бөлімін бітірген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1954 ж. бастап ассистенттен, 
аға оқытушы, қазақ журналистикасының тарихы кафедрасының 
доценті, профессорына дейінгі еңбек жолынан өткен.
1986-1988 жж. журналистика факультеті деканының орынба са ры, 
1992 ж. бастап журналистика тарихы кафедрасының профессоры.
1972  ж.  «Роль  КП  Казахстана  в  организации  печати  респу-
блики 1926-1932 гг.» атты тақырыпта кандидаттық диссертация 
қорғады. 1974 ж. доцент атағын, ал 1990 ж. профессор ғылыми 
атағын алды.
Қазақстан журналистар Одағының мүшесі (1959 ж.). 
«Тың және тыңайған жерлерді игергеніміз үшін» медалімен 
марапатталған. 1991 ж. желтоқсанда ҚР Президенті Жарлығымен 
«Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер» 
құрметті  атағына  ие  болды.  «1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2003 
ж. «ҚР еңбегі сіңген қайраткер атағына ие болды.

Аманат
253
МЕНІҢ ӨМІР ДЕРЕГІМ,  
ӨМІР ҚАРЕКЕТІМ...
М
ен  Ыдырысұлы  (Ыдырысов)  Әбіл файыз 
документім  (паспорттық  дерегім)  бой-
ынша 1930 жылы, 23 ақ панда туғанмын. 
«Документім бойынша» деуімде мән бар. Ол былай: 
Мен  он  екі  жасымда  елден  кеттім!  Шынында, 
1942 жылы елден (туған ұямнан) кеттім.
Оның өзі – бір тарих. Ол жайында кейін: «Өмір сүрген ортам» 
деген тақырыпта қысқа еске саламын, нақтырақ айтамын.
Кірешілермен «Ақташы» руы менің нағашы жұртым болды ғой. 
Сол жұрттың со кезден бір үлкені – Ыбырай нағашым, Арғынға-
зы  деген  Сәленнің  інісімен  әуелі  Әулиекөл,  сонсын  Қостанай 
қаласына  жеттім.  Қолымда  ешқандай  құжат  жоқ.  Туу  туралы 
куәлік те, қай класты бітіргенім жайлы анықтама да, түк те жоқ. 
(Оның  себебін:  «Өмір  сүрген  ортамнан»  білесіз).  Паспортты 
маған  Қостанай  қаласындағы  Жамбыл  атындағы  орта  мектеп-
интернат  пансионатты  бітірерде,  дәрігерлік  өлшем-анықтау 
негізінде  тәрбиешім  әперді.  Құжаттың  жазылған,  дайындалған 
(оформить етілген) күні – 23 ақпан болса керек. Әйтеуір, маған 
берілген паспортта: «Идрисов Абилфаиз (әу баста со паспортта 
мұның өзі – Едрисов Абильпаис болатын) 1930 жылы 23 ақпанда, 
Қостанай  облысы,  Аманкелді  ауданы,  Бүйректал  совхозында 
туылған»  деп  жазылған.  Жыл,  сөйтіп,  бойым,  денем  өлшемі 
бойынша айқындалған. Күн құжат берушінің (қазақ па, орыс па, 
әйел ме, қыз ба, еркек пе? – мұны білмеймін) «құзыры» бойынша 
«айқындалған» шамасы.
Паспорт құжатымдағы әлгі дерек (әсіресе, жылы) шын дыққа 
жақындайды.  Өйткені,  мен  бауырында  өскен  Қамзиза  әжем  де, 
нағашы әжем Саршөкен де: «Бұл күшік, байлар кон фес  келегеннен 
кейін  бірер  жылдасын  қыс  аяғында  дүниеге  келген!»  –  деп  оты-
ратынын құлағым шалушы еді. Соған қарағанда, мені «жаңаша 
тудырғандар»  (паспорт  берушілер)  да,  құда ның  қүдіретімен, 
менің қашан дүниеге келгенімді, бір  ша ма шындыққа жақын етіп 
айқындаған сияқты... Соны мен, мен: Ес біліп, етекжиғалы (орта 

Аманат
254
мектеп бітірерден – 1947 жылы) 1930 ж. 23 қарашада туған бо-
1947 жылы) 1930 ж. 23 қарашада туған бо-
лып келем! Сол се беп  пен жетпісті де артқа тастағалы отырмын... 
Қош! Бұл солай!
Ал,  бұл  анық.  Әжем  Қамзиза:  «Мектепке  сегізге  қарағанда 
бардың!»  –  деп  отыратын.  Демек,  мен,  жеті  жастан  мектепке 
барып,  бастауыш  төрт  класты  Бүйректал  бастауыш  мектебінде 
бітірдім. Мұны анық білем. Ойткені, ол мектеп (қазір оның орны 
төмпешік) «Бүйректал» деген колхоздың орталығының да мектебі 
болды. Сол мектеп қасыңдағы темір турникте «ойнаймын» – деп 
қолымды да шығарып алып, біраз қиналғам. Ол мектеп содан есте. 
Оны 1936–1938 жылы бітірсем керек. Бесінші класты № 13 ауыл 
– Дәмді деген жерде сонда директор (орталау, жеті жылдықтың) 
болып  істейтін,  Тасмұрат  дейтін  «Таз»  (ру  аты)  ағайынның 
үйінде жатып оқыдым. Алтыншы, жетінші кластарды 1939–1941 
жылдарда  Қайғы  деген  жерде,  шешем  –  Мәржапияның  туған 
апасы – Шолпан апамның үйінде жатып оқыдым. Қайғыда орта 
мектеп  болды.  Ал,  Қайғы  дегеннің  өзі,  аты  айтып  тұрғандай: 
«Асанқайғы солай атапты!» деген аңыз дабар, «Қайғы» атарлық 
жер. Т.....ыр жоқ. Мидай далада. Бірақ, қалай пайда болғанын кім 
білсін, Қайғының қасында бір үлкен қара суы бар. Мекендеушілер 
соның арғы-бергі бетінде ілдәлалап күн кәреді. Қайғының үстінен 
Қостанайдан Аманкелдіге жол отеді. Қайғыда түратындар отын 
орнына шөп жағып, күн көретін нағашы апам үйінде, қыста суық 
тиіп,  өлімші  боп  ауырайын.  Сүзек.  Ауыр  халде  үйіме  жеткізді. 
Сонсын  қайтып  мектепке  бармадым.  Жетінші  кластың  екінші 
жартысын содан әрі оқи алмадым... Сол екі арада соғыс басталды. 
Әкем, екі ағайым соғысқа кетті. Күзде атам Қалпе қайтты. Кәрі 
әжеміздің  қолына  қарап  қалдық.  Әже  де  дүниеден  өтті.  Жыл 
өтпей Хамит (әкемнің ең кіші інісі) қана сәл ересек, үлкеніміз сол 
болып қалды. Сонымен бізде басқа өмір басталды.
Тіршілік  қиындады.  Соның  теперішімен  мен  он  екіден  он 
үшке  қарағанда:  «Бірдеңеге  қолым  жетер»  –  деп  тырбанып, 
кірешілермен  адда  айтқандай  Қостанай  тарттым.  Құжатсыз, 
дәнеңесіз  сондағы  жетім  балаларды  оқытып-тәрбиелейтін  мек-
теп-пансионат-интернатқа  кеп  сегізінші  класқа  оқуға  түстім... 
Оны  бір  ауыз  орысша  білмейтін  бозөкпе  күймен  кеп,  сол 
пансионат  талқысында  пісіп,  ширап,  жан  салып  1948  жылы 

Аманат
255
медальмен бітірдім. Мектеп-пансионатта: «Алға» деген қабырға 
газетінің  редакторы  болдым  (кейін  журналист,  редактор  да 
боларымды онда қайдан білгем?! Өйткені, сол жолды қуу менің 
ойымда  мүлде  жоқты.  Кластастар  арасындағы  мен  «Күшті  ма-
  Кластастар  арасындағы  мен  «Күшті  ма-
Кластастар  арасындағы  мен  «Күшті  ма-
«Күшті  ма-
тематик»  (дос,  кластастарым  солай  атайтын.  Математик  ұстазым 
–  Шуақаев  ағай  да,  физик  Әлмағанбетов  Ысқақ  ағай  да  солай 
атайтын...)  болатынмын.  Оқушылар  комитетінің  председателі 
ретінде, окушылардың «әкімі» де болдым.
Сондықтан  орта  мектепті  медальмен  тәмамдағаннан  кейін 
МГУ-ді  бітіріп  (ол  кезде  онда  оқиды  деу,  мақтанның  мақтаны 
болатын) «керемет» болғым кеп, документімді соның математика 
факультетіне жібердім де (медальмен бітірген бес бала). Бұлардың 
бәрі  Сақаннан  басқасы  –  қазір  бар.  Бәрі  зейнетте.  Дәуренбек 
Қостанайда.  Сунят  Алматыда.  Еркін  Жамбылда.  Дәуренбек  – 
журналист. Сунят – әдебиетші. Еркін – математик.
Бесеуіміз де мектебіміздің оқу ісі меңгерушісінің ақылымен, 
–  сөйткембіз,  Москва  оқу  орнына  жібергенбіз!)  үш-төрт  жыл 
көрмеген елдегі «үйімді» інімді сағынып, оның үстіне тиын-тебен 
бірдеңе жиып алайын деп елге келдім...
Медалист  болғаңдықтан,  мектеп  бітірген  соң  мені  Қостанай 
радиосынан  сөйлеткен.  Сол  даусымды  елдегілер  де  естіпті. 
Сондықтан: «Едрестің кісі болған пысық баласы!» болып, ауылда 
кәдімгідей сайран сап, сонсын, Семиозер деген аудан орталығына 
кеп, Хамит ағай берген бір тайды сатып ақшалап алып, Мәскеуге 
содан  жүрмекші  боп,  Қостанай  қаласына  келсем,  медальмен 
бітірген  Москваға  документтерін  бірге  жіберген  кластастарым: 
Дәуренбек Ахметбеков, Сунят Бәйкенов (Сәбеңнің кейіпкері Тор-
сан бидің Бәйкенінің баласы), Еркін Махмутов (Ғабит Мүсіреповтің 
Махмут  деген  інісінің  баласы),  Сақан  Сейітова  («СҚ»-ның  сол 
кездегі Қостанайдағы тілшісі Ехсан Есетовтің қарындасы), Сару-
ар (татар, фамилиясын ұмыттым) бәрі сонда жүр. 
Москва: «Құжат Алматы арқылы қабылданады» – деп доку-
менттерімізді  Қостанайға  мектепке  қайтарып  жіберіпті.  Қос та-
найға ертерек келген жаңа атағандостарым, Саруардан басқасы, 
Алматының  өздері  қалаған  оқу  орындарына  құжаттарын 
жіберіпті де: «Қабылдандың» деген шақыруларын алып алыпты... 
Төстері  жайлауда.  Мен  қайттым?!  Москвада  цветметте  оқитын 

Аманат
256
Россельмаш (аты дәл осылай. Ол қазір Москвада тұрады. Үлкен 
ғалым.  Фамилиясын  білмеймін.  Ғылым  Академиясында  болса 
керек)  деген  бала,  екінші  курсында  оқуға  Москваға  қайтіп 
барады екен. Сол кезікті. Сол: «Жүр! Менімен оқы! Медалистерді 
31 августқа дейін ала береді. Қорықпа түсесің!» – деп азғырды. 
Жабысты.
Ал,  мен  болсам,  Дәуренбек  Ахметбековпен  (олгі  бес  меда-
листің  бірі)  төрт  жыл  бойы  бір  төсекте  жатқан,  қара  нанды 
бөлісіп жескен, пансионатың «қызық», «шыжығын» бірге көрген 
досым болатын. Ол документін КазГУ-дің журналистика бөліміне 
жіберіпті де «шақыру» қағазын алыпты. Сол досым да жабысты 
«Әйда, Алматы кеттік. Алманы тепкілеп жүріп жейтін көрінеміз... 
Журналист  деген  ертең  жазушы  болады  екен!  Ана  Сәбит, 
Ғабит  ағалардай  жазушы  боламыз!»  Сенөзіңде  «жазғышсың», 
«Алғаның»  редакторы  болдың...  «Қазақстан  пионерінде»  де 
басылдың.  (Бір  ретте  Нұтфолла  Шәкенов,  Қостанайға  коман-
дировкаға келіп, біздің мектебіміздеболған. Сонда ол менің атым-
нан «Қазақстан пионеріне» материал жазып, бастырыпты... Оны 
мен білмеймін Дәуренбек оқыпты. Сонда мен «журналист болам!» 
– деппін?!).
Сонымен, не керек, Дәукеннің «азғыруы» күшті болды... Билет 
әперу  үшін  шешімімді,  менің  не  дерімді  күтіп  жүрген,  мектеп 
директоры  Иманбеков  ағайға  айттым,  Алматыға  баратынымды. 
Ол кісі: «Жарайды, оңда басқа медалистерді де30.08. күні Алматыға 
ұшырам. Сені де солармен жіберейін» –деді.  Солай  етті.  Сөйтіп, 
«математик»  болатын  мен  Алматыға  «жазушылыққа»  жол 
тарттым, 1947 жылы 30.08. күні «ЛИ – 2» лайнерімен.
31.08.(1948)  сол  жылы  Москваның  техникалық  вуздары-
на  Қазақстан  үкіметі  200  қазақ  жастарын  оқуға  жіберейін  деп 
жатыр  екен.  Мені  сол  кездегі  университеттің  ректоры  Төлеген 
Тәжібайұлы Тәжібаев қабылдауына бес рет кіргізіп, бес рет шы-
ғарды.  Біріншісінде:  «МГУ»-іңе,  математика  факультетіне  бар! 
– деді. Екіншісінде: «МАИ»-ға түс. Авиаконструктор бола сың! –
деді. Үшіншісінде: «Цветметке» бар. Ғажап инженер боласың! – 
деді. Төртіншісінде: «Бауманға» түс! Өндіріс жетекшісі бола сың! 
– деді. Және қай қабылдауында да ол кісі сонша жаны ауырып: 
«Ау,  қазағым-ау,  неге  ғана  сонша  сот  болуға,  прокурор  болуға, 

Аманат
257
мұғалім болуға, журналист болуға үйірсіңдер?! Инженер болмай-
мысың?!  Авиаконструктор  болмаймысың?!  Ондіріс  командирі 
болмаймысың, жазған-ау!»-– деумен болды. «2000 сом ақша ал да, 
ертең тегін пойызбен Москваға тарт! Онда орын дайын. Стипендия 
котеріңкі,  дайын!  Қашан  барсаң  да  қабылдайды!  Қазақстаннан 
200  қазақ  жасын  сонда  оқуға  баруға  таба  алмай  жатырмыз!  Бар 
қалқам! Адам боласың! Ақылды ал!» – деп жалынғандай болды, өр 
кіргенімде. Бесінші рет кіргенімде қайран Толеген аға: «Қалқам, 
ең  болмаса  Алматының  Горный  институтына  түс!  ҚазГУ-дің 
математикасына түссеңші, өзің қалаған! Химфакқа түс» – деп бір 
сағат жалбарынды, мені кабинетінде отырғызып қойып...
Мен Төлеген ағаның қай өтінішіне де: «Аға менің журна лист 
болғым  келеді!»  –  деп  қасарысумен  болдым!..  Ақыр  соңында 
болмаған  соң:  «Принять!  (қабылдансын!)  на  филфак,  журот-
деление!» – деп, өзінің айдақтатып, қолын қойып берді... (Жақша 
ішінде айта кетейін, бір ай оқыған соң, Тәжібаевтың қабылдауына 
қайта бардым: «Мені Москваның анада атаған оқу орындарының 
біріне  жіберуді»  өтіндім.  Секретарынан  менің  фамилиямды 
біліпті  де:  «Едрисов  журналист-жазушы  болсын!»  –  депті  де, 
қабылдаудан бас тартыпты).
Төлеген  ағамен  1961  жылы  жазда  бас  пошта  алдында  кез-
дейсоқ  кездесіп  қалдым.  Ол  кісінің  келе  жатқанын  көре  сап, 
көрінбейін  деп  тайып  басқа  жаққа  бұрылып  бара  жатыр  ем, 
оның: «Едрисов! Тоқта! Қайда қашып барасың?!» – деген даусын 
естідім.  Амалсыздан,  қасына  келіп  амандастым.  Ол  кісі  онда 
сов миннің  председателінің  орынбасары  болатын.  Қол  беріп 
аман дасып: «Қалай, Едрисов, «жазушы» болдың ба? – деді. Мен 
баяғы қабылдануы кезімде, шамасы, сондай да бірдеңе былжыраған 
болуым  керек?!  «Жоқ!..  Пионер  газетінде  редактор  болып  істеп 
жүрмін!» – дедім, не дерімді білмей... «Оған жеткеніңе де тоба!» – 
деді де, ол кісі бұрылып өз жөніне кетті».
Менің өмірбаяныма қосымша: Өзімнен бір ұл, бір қыз. Қызым 
– 1955 жылғы Құралай КазГУ-дің филфагын бітірген. Гауһар, Индира 
атты екі қызы бар. Ұлым Ерлан (Идрисов) дипломат, Москваның 
МГИМО-сын  (Москов.  Гос.  Инст.  гжд.  Отн.)  бітірген.  40-тан 
асты. 1959 жылғы. Екі ұлы – Данияр (келініміз Нұрила қырғыз, 
Шыңғыстың  жиені  болғандықтан  сол  Шәкеңнің  құрметіне  – 

Аманат
258
кейіпкердің атына өзім қойғам) 17-ге қарады. Дипломат болмақ, 
ол  да.  Әйгерім  (әжесі  Заря  қойған)  7-ші  класта.  Әлжан  –  1998 
,  жалғы,  кішісі.  Ол  жайлы  алда  аздап  айтсам  керек.  Демек, 
Еркомның (мен Ерланды – Ерко, Даниярды – Данько, Әйгерімді 
–  Айко  деймін)  екі  ұлы,  бір  қызы  бар.  Шөлейдаң  Қасымның  – 
Ыдырысының – Әбілфайызының жалғасы осылар!
Міне,  мен  сөйтіп,  қаңғалақтап  жүріп,  тағдыр  айдап 
журналистік жолға түстім... Енді, сол жолда қайда істегенімді, жай 
санап қана кетейін (Мұның бәрін, құжатсыз негізде, білгенімше 
айтып  отырмын.  Қолымда  «Листогім»  жоқтықтан.  Ол  ҚазМҰУ-
дың кадр бөлімінде):
1953 жылы бітірісімен «Қазақстан пионері» газеті редакция-
сында үш ай әдеби қызметкер, сонсын бөлім меңгерушісі болдым.
1953 жылдың қазанынан – 1954 жылдың тамызына дейін сол 
газеттің жауапты хатшысы.
1954  жылдың  қыркүйегінен  –  1955-тің  қаңтарына  дейін  Қа-
зақ радиосының бас редакторы (ол радионың ұжымының шағын 
кезі).
1955-тің  қаңтарынан  «Лениншіл  жас»  газетінің  әдеби 
қызметкері.
1956-1958 жылдың қазанына дейін «Лениншіл жастың» бөлім 
меңгерушісі.
1958  қазан  –  1961  маусым  –  «Лениншіл  жастың»  жауапты 
хатшысы.
1961  маусым  –  1965  шілде  «Қазақстан  пионері»  газеті 
редакторы.
1965 шідде – 1993 сәуір. Әл-Фараби атындағы ұлттық универ-
ситеттің (1965 шідде – 1966 шілде ассистент); (1966 тамыз – 1972 
тамыз аға оқытушы); 1972 қараша – 1990 қараша – доцент); 1990 
қазан – 1993 сәуір профессор) ұстазы.
1972  жылдың  қарашасынан  тарих  ғылымдарының  кандида-
да-
ты, доцент болдым. 1990 жылы ұстаздық, ғылыми еңбектерімді 
ескеріп,  докторлық  диссертация  қорғаусыз  Москва  ВАК  маған 
профессор ғылыми атағын берді. Сөйтіп, журналистік-қаламгерлік, 
журналистік-ұстаздық  өмір  жолынан  өтіп,  1993  жылдың  мамы-
рынан сырқаттық себепті республикалық дәрежедегі зейнеткерлік 
тіршілік кешіп келемін.

Аманат
259
Екі  рет  Қазақ  ССР-ның  Грамотасымен  наградталғам  (мара-
патталғам).  Алған  өр  түрлі  грамоталарда  есеп  жоқ.  «Қазақстан 
Республикасының  мәдениетіне  еңбек  сіңірген  қызметкер», 
«Еңбек ардагері» деген атақтар да бар. Ұлы Отан соғысының (За 
трудовые заслуги в ВОВ в 1941-1945 гг.), ВОВ («50-лет Великой 
Отечественной  войне»),  «Тың,  тыңайған  жерлерді  игеру» 
медальдарымен  марапатталғам.  Қазақстан  Республикасының 
қоғамдық  ғылымдар  Академиясының  академигіне  ұсынылдым. 
Әлі Жазушылар одағына мүше емес едім. Енді соған қабылдандым.
Бірақ,  атақ  мансап  үшін  емес!..  Сол  орайдан  «Еңбегімді 
жан дыру  үшін!»  Қазақстан  Журналистер  одағының  Кәкімхан 
Қазыбаев  атындағы  сыйлығының  лауреатымын.  1961  жылғы 
«Егемен  Қазақстан»  газетінің  очеркшілер  конкурсының 
жүлдегерімін... Тағысынтағы осындай жайларым толып жатыр... 
Бұлар  да  өмірлік  дерек  қой.  Сонсын  санап  алып  жатырмын, 
оларды.
Сонымен,  менің  журналист-ғалым  болуымды  бір  Алланың 
өзі  белгілеген.  Мектепте  қабырға  газетінің  редакторы  болуым, 
Нұтфолла  Шәкеновтің  «журналист  боламын!»  деп  сөйлетуі, 
Қостанай  радиосынан  сөйлеуім,  Құдіреттің:  «Сені  журналист 
етемін!» дегенінің көріністері шығар! Солай болудың, сол жолға 
түсудің нышандары шығар?!
Журналист болғаныма өкінбеймін! Тағдырымды соған бағыш-
татқан  құдіретке,  мың  да  бір  рақмет!  Өйткені,  мен  сол  маман-
дығыммен  халқымның  мұңын  мұңдадым,  жоғын  жоқтадым, 
соның атынан сөз сөйледім, ой-пікірін айттым! Соларды жасай-
тын ұрпақ тәрбиеледім. Математик болсам өйте алар ма едім?! 
Ендеше журналист болудан артық не бақыт бар?!
Енді, қазір өмірде сол бастан кешкендерімді, көрген-білгенді, 
түйгенді  ұрпаққа  жеткізу  мақсатымен,  сол  ұрпаққа  рухани 
«азық  беруге»  үлес  қосу  мақсатымен  (Бір  кезде  Төлеген  ағаға 
–  Тәжібаевқа:  «Жазушы  болам!»  деп  айтқан  арманымды  орын-
дайын деп) көркем туындылар «тудыруды» да қолға алыпжатқан 
жайым  бар.  (Мұның  дәлелін  «Не  тудырдым»  тақырыбымнан 
қараңыз).
Осыдан  мен  (белгілі  мінезді,  қасиетті,  дағдылы,  әдетті  т.т.) 
адам болып қалыптастым.

Аманат
260
Мен өмір кешкен орта: Өз елім; оқыған мектеп-пансионатым; 
қызмет  еткен  екі  газет  –  «Қазақстан  пионері»,  «Лениншіл  жас» 
газеттері  редакциялары;  ұстаздық  ұям  –  университет,  оның 
журналистика  факультеті  –  негізінен  төртеу.  Бұларды  неге 
әдейілеп тақырып етіп, санап отырмын?..
Өйткені  менің  адам  –  азамат  болып  қалыптасып,  қазағыма-
халқыма хал-қадірімше қалтқысыз қызмет етуіме осы орталар да 
ықпал етті.
Соларда  менің  мінезім,  қасиетім,  әдет-дағдым,  қылығым, 
әрекетім  қалыптасты.  Мен  сол  орталардан  Әбілфайыз  болып, 
Ыдырысов болып өстім...
Сондықтан, осы орталардың өрқайсысының мен үшін қандай 
мектеп-университет болғанын қысқа-қысқа айта өтейін.
Сонымен...
1. Өз елім – Торғай өңірі... Соның «алты ауда» деп аталатын 
Батпақара – Аманкелдіге, Қостанайға шығар жолы «Мойылды» 
бойы.
«Мойылды» – «Дәмді», «Қызбел», «Наурызым» деп аталатын 
төңіректермен жапсарлас оңір. Тұтас Торғай өңірі келбеті қаңдай 
бейнелі болса – «Мойылды» өңірі келбеті де нақ сондай», адырлы, 
бел-белесті, сары жоңы, ойпаңды, белек-бөлек қара сулы. Ағып 
жатқан өзені де жоқ. Шалқар көлі де жоқ. Жасыл орманы да жоқ. 
Жайнаған алқаптары да жоқ. Тек жатаған қарағаш ұшқатты, талды, 
теректі,  бірен-саран  сай-саласы  болмаса  –  биіктен  қарағанда  да, 
былай жіті қарап аңғарғанда да сұрғылт-сарғыш, бозамық-қоңыр 
құла жүз! Қайнаған тіршілікнысаны аз. Бұйығы. Жабырқау!..
Бұл өңірден Ахмет, Міржақып, Бейімбет, Сырбай шықпа ған-
мен Ғафу шыққан.
Арасы  көбіне  он–он  бес,  әрі  асса  жиырма  шақырым  болып 
келетін өзіндік тылсым тіршілікті торт-бес киіз, көң үйлі ауыл-
дар.  Олардың  әсіресе,  қыста,  өзара  қатынасы  да  аз.  Өздерімен 
өздері.  Жазда  бірге  отырған,  оқшау  отырған  төрт-бес  үйдің  өзі 
қыста әрқайсысы өз көңдеріне «тығылады» да, араластары азайып, 
көзден  ғайып  болады.  Бірге  асық  ойнайтын  балаларыңды  көруге 
зар боламыз.
Жазда  рақат!  Ол  кезде  төрт-бес  емес,  он  бес–жиырма  тіпті, 
қырық-елу киіз үй бірге қонып, жайлайды. Кішкентай қаратабандар 

Аманат
261
суға бірге шомылып, бірге мойыл, долана теріп әбден мәз бола-
мыз!..  Маған  балалық  кезде  ерекше  әсер  еткен  ауыл  өмірі.  Бұл 
кез қызық, көңілді. Қасым, Хасен үйлерінен патефон ойналады. 
Сұмдық!  Темір  жәшік  ішінен  біреу  кәдімгі  адамдай  ән  салады, 
күй шертеді. Жаздағы содан кейінгі  қызық  үлкендердің  қонаққа 
шақырылуы. Ондайда Найзабек шал қашанда ортада – құрметті 
қонақ! Өйткені, ол домбырашы, әнші, қисық табан етік тігетін ше-
бер. Бәрінен оның әнін, айтатын қиссасын айтсаңшы! Күн бойы 
– түн бойы талмай айтуға бар ән мен қиссаны...
Бірақ,  не  керек!  Бұл  қызық  көпке  бармайды!  Тамыздың 
аяғында-ақ әр шағын ауыл «өз» жерлеріне, қоныстарына көше ба-
стайды!  Ұзамай  күз  түседі.  Қыс  келеді.  Ол  біздің  Мойылдыда-
да табаны күректей алты айға созылады... Ол уақыт аралығында 
тамашалайтын қызық шектеулі. Сондықтан көрерің де шектеулі. 
Тағы сол оңаша бұйығы тіршілік. Көзіңе тек өз көңіңнің төңірегі 
ғана түседі.
Мен осындай ортада өстім, енді есім кіре бастағанда. О кез-
де мен сондықтан біздің ауылдан басқа жерде өзгеше өмір бар, 
Найзабек шалдан басқа асқан өнерлі адам бар, патефоннан артық 
керемет бар деп ойлағам жоқ! Сол маған әсер етті. Ештеңені аса 
көп білмей, бұйығылау естім, бұл ортада... Мен тіршілік кешкен 
титтей  өңір  сондай  тынысты  болған  соң  тұтас  Торғай  өңірінде 
ғажаптар барын, бұрын Тархан Жөнібек болғанын, кейін Ахмет, 
Міржақыптар болғанын білгенім жоқ! Бұйығы, ұяңдау, ұялшақтау 
болдым. Бұл ортаның «сыйы» – осы.
2.  Мектеп-пансионатым:  Ол  –  Қостанай  қаласының  қақ 
ортасында.
Бұған келгенде дүниеде қазақтан басқа да, аса көп халық ба-
рын білдім. Қаптаған көк көзді, сары шашты адамдардың (бұлар 
орыстар, татарлар ғой). Оларды бұрын көрмек түгіл естігенім де 
жоқ.  Бұрын  елде  «Мойылдыда»  40-50  киіз  үй  бірге  жайлағаңца 
мен: «Бұдан асқан көп жұрт болмас!» – деп ойлайтынмын. «Қала» 
дегенді, жай естігенім болмаса, не екенін білмейтінмін.
Қостанайға,  ондағы  қазақ  пансионат-мектебіне  келе  жаңа 
әлемге тап болдым. Адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ екен! 
Үй дегенді «көң» емес, неше қабат етіп, кірпіштен де сала ала-
ды  екен,  адам.  «Біздің  ауылдағылар  неге  өйтпеген?  Неге  олар 

Аманат
262
қаладағы сияқты үйді коп етіп, рет-ретімен, қабат-қабат етіп неге 
салмаған?»  Патефонды  керемет  дегенім  түк  емес  екен!  Зауыт-
фабрика  дегендерді  көрдім.  Құдай-ау,  әйтеуір,  түтін  шыққан, 
самауырға кигізетін мұржаға ұқсас мұржа неткен биік. Кек тіреп 
тұр! Оны да адамдар жасаған ғой. Және қиюлаттырып күйдірген 
қызыл кірпіштен қалап өріпті оны! Қаптаған машина деген анау! 
Біз,  әнебір  жылы  ауылымызға  бір  жүк  машинасы  келгенде,  ба-
лалар  соңынан  жүгіріп,  қайран  қалып:  «Қуып  жетеміз!»  –  деп 
әуре  болғанбыз,  оның  соңынан  бұрқыратқан  шаңына  қақалып-
шашалып! Ауылдың біраз әйелі: «Төрт аяқты құбыжық!» таптап 
кетеді!» – деп тоғайға қашқан?!
Сол машина Қостанайда құмырсқадай қаптап жүр. Олардан 
қорқып жатқан ешкім де жоқ! Әр жердің адамы әр түрлі болады 
екен-ау?!
Мен  осындай  «кереметтер»  ішіне  екінші  ортада  бірден 
гүмп  бердім!  Адам  деген  бәрін  де  жасайды  екен!  Мен  де  адам 
емеспін бе?! Неге солардай болмаймын?! – деген ой туды менде. 
Ондай  адам  болу  үшін  жақсы  оқу,  білімді  болу  керектігін  әр 
үстаз  ез  сабақтарында  үнемі  айтумен  болды.  Ал,  мен  болсам: 
Қала  халқының  көбі  сөйлеп  жүрген  «орыс  тілі»  дегеннен  дым 
білмейтінмін.  Сабақ  басталғанда-ақ  сол  «орыс  тілі»  пәнінен 
Башарина Зинаида Алексеевна дейтін ұстаз жаздырған диктанттан 
250 қате жіберіп «1» алдым! Оным қасымда отырған Дәуренбек 
Ахметбеков  (Кім  екенін  білесіз)  деген  баланың  жазып  отырған 
диктантына көз қиығымды салып соны «айнытпай көшіруімнен» 
болды. Сөйтсем, оның әріптерін дұрыс ажырата алмаппын. Содан 
диктанттың:  «Врачи»  деген  тақырыбын  да  «Враги»  деп  қате 
жазыппын. Мен әліме қарамай: «Класс жібермеймін» деп 8 класқа 
түскем  ғой.  Сол  диктанттан  кейін  мені  бір  класс  темендетпек 
болды. Бірақ, бірдеңеге-бірдеңе себеп деген. «Алгебра» пәнінен 
болған  диктанттан  «есепті»  үздікшы-ғарып  «бес»  алып  едім, 
педсоветте  сол  пәннен  беретін  Биғайша  Ерғалиева  деген  апай 
мені «қорғап» қапты...
«Единица»  қойған  Зинаида  Алексеевна  келесі  сабақта  (ол 
орыс  әдебиетінен  де  сабақ  беретін.  «Слово  о  полке  Игорове» 
дегенді  жаттап  келуге  тапсырма  берді.  Ол  бірдеңе-  бірдеңе  деп 
«шүлдірлеп  –  шүлдірлеп»  кеп  сонша  түйілді  маған.  Мен  оның 

Аманат
263
не айтып тұрғанынан түк түсінбей Дәуренбектен: «Бұл мәтүшке 
не деп Шүлдірлеп тұр ?» – деп сұрасам, серігім ішек-сілесі қатып 
күліп, кемпірдің ұрысып-ұрысып, маған әлгіндей тапсырма беріп 
тұрғанын айтты. «Кітабын сұрап әпер онда» өзінен дедім, парталас 
досыма. Сейтіп, орыс «матушке» берген кітабын алып (әріптерді 
танимын  ғой,  әйтеуір)  берген  тексті  түнде  судыратып  жаттап 
алдым. Ертеңінде «мәтушке» маған тағы «төнді». «Аудармашым» 
арқылы  білдім.  Сөйтсем,  «кемпір»:  «Үйге  берген  тапсырманы 
айт» – деп тұр екен. Сол-ақ екен, мен тұрып алдым да «Слованы» 
шұбыртып  «соқтым»  келіп!  Дем  алмастан  зулаттым.  Класс  іші 
қыран-топан.  «Мәтүшкенің»  де  ішек-сілесі  қатқан,  күлкіден  ! 
Сөйтсем  мен:  «Слованы»  не  сөйлемсіз,  не  екпінсіз  (ударение), 
не үзіліссіз, не дұрыс «окончаниесіз» бір сөйлемді-бір сөйлемге 
қосып,  «былықтырып»  соға  беріппін.  Тапсырманы  «қатырып» 
айтып біткен соң: «ух» дедім. «Матушке» де маған «Молодец» – 
деді. Сол сөз әлі есімде. Содан со «кемпір» – Зинаида Алексеевна 
менің талабыма ырза болған ғой! Мені өзіне «бала» етті. Ал, мен 
болсам: «Қайтсем де орыс тілін үйренем! Төменгі класқа түспеймін, 
өлсем де» – деп өзіме ант еттім!
Мен сол мақсатыма жету үшін күрестім! Содан мақсат үшін 
күресуді үйрендім. Мінезімде табандылық, қайсарлық пайда бод-
ды.  Мектеп-пансионат  ұямнан  сол  қасиет  арқасында  мен  1948 
жылы мектебімді медальмен бітірдім. Оны жоғарыда айттым. Зи-
наида Алексеевна екінші шешем болды. Мұның өзі бір сүре әңгіме!
3.  Екі  редакцияда.  Мен  журналистикаға,  талантыммен  не 
болмаса,  жүрек  қалауыммен  келген  адам  емес  едім  ғой!  Рас, 
университетте де мақсатқа жету үшін күрескер болдым. Үздік оқуға 
барымды салдым... Жәй пәндерден де, журналистикаға қатысты 
теориялық  пәндерден  де  бар  жігерімді  аямай  «5»-ке  оқыдым. 
Жазу жағына ауысқаннан бастап жағдайым «ауырлай» бастады. 
Бірақ, маған аталған редакцияларда бірге істеген, бірінші бөлім 
меңгерушім болған марқұм Мұқан Мамажанов, ақын Нұтфолла 
Шәкенов,  публицистер  Баянжан  Мәдиев,  Кәкімжан  Қазыбаев, 
Сапар  Байжанов,  Хайдолла  Тілемісовтер  көмекке  келді,  қол 
ұшын берді... Олар: «Не жазсаң да жүрекпен жаз! Сезініп жаз. 
Шындықта  жаз.  Өз  сөзіңмен,  өз  ойыңмен  жаз!»  –  деп  үйретті. 
Жазғандарымды аямай «сызғылады», «Қайтажазды».

Аманат
264
Осы  соңғы  екі  мәніс  менің  намысыма  тиді!  «Мен  неге  со-
лардай жаза алмаймын?! Осы оймен, осы намыспен өзімді-өзім 
қамшыладым!
«Қазақстан пионерінде» қызмет еткенде содан «қиялдау-ды» 
үйрендім. Жазғанда: «Тіл табуды» үйрендім! «Лениншіл жаста» 
озімдік  «бет  көрсетуте»  дағдыландым.  Содан,  барымды  салып 
ол  газетте  мен  негіздеген  «Сын  семсері»,  бүкіл  қазақ  газеттері 
беттерінде  (облыстық)  «сықақ»,  «сатира»  бұры-шының  өмірге 
келуіне негіз болды десем артық айтқаным емес деп білем.
Сонсын, мектептегі «математиктігімнің» де журналист болуға 
себі тиді. Ойткені, сол қабілетіммен мен есептей білуді, ықтиятты 
істей  білуді  талап  ететін  екі  газеттің  де  жауапты  хатшысы 
болдым. Бұл қызмет мені «штаб» бастығы ретінде газет жұмысын 
үйымдастыра  білуді,  редакциялардың  бар  «жазғыштарының» 
материалдарын  үзбей  оқып  отыру  арқылы  (жауапты  хатшы 
әдетте солай етеді ғой) солардың жазғыштығынан «нәр соруды», 
«ә,  осылай  жазу  керек  екен  ғой»  –  деп  үнемі  үйреніп  отыруға 
дағдыландырды.  Соның  нәтижесінде  мен  Мұхтар  Әуезовпен: 
«Азаттыққа  аттаныс!»  деген  тақырыпта,  Сәбит  Мұқановпен: 
«Бұл  қай  жатықау»  деген  тақырыпта  сұхбаттар  жүргізіп,  «аса 
дәмді» материал жазуды әдетке айналдырдым. Бойыма дарыған 
қиялдағыштығым,  «нәрлі»  жаза  білуге  дағдылануым  бара-бара 
очерк жазуға алып кірді. Содан сол жанрдың қыр-сырын терең 
білуге  тырыстым.  Содан  1961  жылы  «Социалистік  Қазақстан» 
жариялаған  таңдаулы  очеркке  конкурсте,  белгілі  жазушы 
Зейнолла Ғабдоловпен тайталасқа түсіп, Рудныйдағы жас қазак 
эксковаторшы  жайлы  «Құрдас»  деген  очеркім  үшін  онымен 
екінші жүлдені ортақ бөлістім.
Сөйтіп,  өзім  болған  үшінші  ортада  –  жастар  газеттері 
редакцияларында да өзімді намыспен жаныдым. Тағы да алға алған 
нысанаға  жетпей  қоймауға  әрі  дағдыландым.  Шығармашылық 
(журналистік деген мағынада) күрескерлікке бау-лыдым озімді.
4. Ұстаздық ұяда – КазГУ-дв. Мұнда маған «математиктігім», 
«қиялпаздығым»  лайықты  ұстаз  болуға  көмекке  келді.  Газетті 
безендіру,  «газеттегі  очерк»  және  «Қазақ  журналистикасы  та-
рихы»  деген  пәңдерден  шәкірттерге  дәріс  оқуға  тура  келді. 

Аманат
265
Сон да әлгі «ескі екі досым» демеді мені. Қайыржан Бекхожин 
деген  ұстазды  қай  журналист  білмейді.  Сол  өзі  оқитын  қазақ 
журна листикасы  тарихы  пәнінен  дәріс  оқуды  маған  тапсырды. 
Ескі  газеттер  тігіндісін  ақтарып  тарихқа  сүңгідім.  Алдымнан 
Ахмет Байтурсынов, Міржақып Дулатов, Жусіпбек Айтмауытов, 
Бейімбет Майлин, Мұхаметжан Сералин, Мұқан, Сөбең, Ғабеңдер 
шықты.  Газет  тігінділерінде  «жасырынып»  солар  жатыр  екен! 
Баспасөз  тарихынан  лекция  оқу  қандай  қиын.  Қаншама  газет-
журнал?!  Қаншама  тақырып?!  Қаншама  проблема?!  Қаншама 
публицист?! «Қай газет қашан шықты? Редакторы кім болды?»– 
Санап  тауыс қысыз  тыңдаушы  шәкіртті  ығыр  ететін  осындай 
жайлар!  Тағы  да  «есеп!»  –  іріктеуді-сұрыптауды,  жинай, 
қызықтысын ғана айтуды үйрендім. Менің дәріс берген кезімнің 
«ақтаңдақтардың»  ақтала  бастауына  сай  келгені  қандай  маған 
абырой  болды!  Қазақ  журналистикасындағы  солардың  еңбегін 
айтуға  күш  салдым.  Солардың  жазғандарын  дәрісіме  дәмді 
тұздық еттім!
Ал,  безендіру,  очерк  өзімнің  зерттеп,  тәжірибеме  енгізген 
дүниелерім.  Дегенмен,  безендіру  ісі  полиграфиямен  байланыс-
ты  ғой.  Онда  есеп  те  бар,  техника  (машина,  басу  тәсілдері)  да 
бар. Сондықтан шәкірттерге түсінікті болу үшін маған басу тө-
сілдерін жақсылап «қазақтық жалпақ тілмен» айтуға тура келді. 
Шәкірттеріме ол ұнады және сонда айтқандарым олардың есіңде 
«мәңгі» қалса керек!
Сөйтіп, бұл ортада Қайыржан Бекхожин, Тауман Амандосов, 
Темірбек  Қожакеев  сынды  мықтылармен  шендесе  жүріп,  мен 
тапқырлыққа, ұстаздық ұлағаттылыққа үйрендім.
Қысқасы, түйіп айтсам, осындай төрт ортадан солардың тә-
лімін алып, ғибратын меңгеріп, адам боп өстім. Ауылдағы Найза-
бек, Қостанайдағы Зинаида Алексеевна, редакциялардан Мұқан, 
Сапар,  Нұтфолла,  Кәкімжандар,  университтері  әр-қайсысы 
өзінше  бір  төбе  –  журналистикамыздың  негізін  қалаушылар 
менің мінезімді, қасиетімді, қылығымды қалыптастырды.
Бұларды түйіп-түйіп айтайын. Өйткені, бұлардың көбі менен 
дәріс алған шәкірттеріме белгілі болуға тиіс. Сонымен.
Мінезім:  ашық,  ақ  жарқын,  кейде  аңғал,  қарапайым,  биязы, 

Аманат
266
кішіпейіл,  жүмсақ,  ұстамды,  мейірімді,  сабырлы,  сали-қалы, 
төзімпаз, кешірімпаз, турашыл, көлгірсіз, кешірімді.
Қасиетім: адалдық, кішіпейілділік, біртоға, бақталассыздық, 
мансапсыздық,  мейірімділік,  пәктік,  шыншылдық,  кішіктік, 
турашылдық, кешірімділік, келгірсіздік, жақсылық жасауға дай-
ын түру, кісіге қол ұшын беруді ойлау, жәрдем, көмек көрсетуге 
дайын тұру, өсек-аяңға ермеу, ешкімді сырттай ғайбаттамау, жа-
мандамау,  кәлгірсімеу,  бетке  тура  айту,  жағымпазданбау,  табан 
жаламау, өрлік, өктемдік жасамау, өзіме ғана болсын демеу, өзгенің 
де қамын ойлау, қанағатшылдық, тәубешілдік, өзгені аяқтан шал-
мау,  өзгеге  тас  лақтырмау,  өтірік  жылтырамау,  кішіге,  өсіресе, 
шәкіртке қамқоршыл, жанашырлық.
Әдет-дагдым:  мәттахамдық,  мұқияттылық,  ықтияттылық, 
бастаған, қолға алған істі жеріне жеткізбей тынбау, соны барынша 
келістіріп мінсіз істеу. Қарабас қамын, жеке бас мүддесін бірінші 
орынға қоймау. Қай ортада да өзімді дұрыс, сол ортаға лайық ұстау. 
Дүрыс бой түзеп (дұрыс киініп, т.т) жүру. Жасандылық жасамау. 
Орынсыз  тыраштанбау.  Сауық-сайраннан  қашпау  (жұбайыммен 
қосылып  «ариялар»  айтуым  содан).  Орынды  жерінде  әзіл-
қалжыңға да бой үру (мәселен, дәріс үстінде түрлі күлдіргі сөздер, 
әңгімелер, теңеулер айтып, шәкірттерді желпінтіп қою т.т.)
Осы атаған, мінез, касиет, әдет-дағдыларымның кейбіріне мы-
салдар: мәселен, мансапсыздыққа 1964 жылы Комсомолдың Орталық 
Комитеті «Лениншіл жаста» жауапты хатшы болып істеп жүрген 
кезімде маған жаңадан шығатын «Білім және еңбек» журналына 
редакторлықты  ұсынды.  Мен  озімнің  мүмкіндіктерімді  екшеп, 
бағалай келіп, ол журналға өте ұшқыр, білмейтіні жоқ, нағыз фан-
тазер  адам  керек  екендігін  ескеріп  редакциямызда  үгіт-насихат, 
бөлімін басқаратын, Қарағандыдағы тілшіліктен шақыртып алған 
Камал Смаиловты редактор қоюды кеңес етіп, өзім редактор болу-
дан бас тарт-тым. Ал, Смаиловтың кейін кім болғанын, қазір кім 
екенін білесіздер.
Мейірімділікке тағы сол – Камал. Ол елуінші жылдарда «Лен. 
жастың»  Қарағанды  облысындағы  тілшісі  болатын.  Ол  сілтеп 
жазғыш. Соның үстінен бір жолы ЦК комсомолға, бірінші хатшы 
В. Н. Дыхновтың атына: «Смаилов плагият» деген арыз түсіпті. 
Мен жастар редакциялары партия ұйымының секретары да едім, 

Аманат
267
о  кезде  (не  1963,  не  1964).  Дыхнов  мені  ЦК-ға  парторг  ретінде 
шақырып алып: «Смаилов плагиятгың партиялық мәселесін қарап 
(онда солай ғой), жұмыстан қуыңдар!» – деп тапсырма берді. Мен 
редакторымыз  Абай  Бейсембаевпен  ақылдастым.  Ол  жазғыш 
адамды  қадірлейтін  еді.  Сондықтан  да:  «Қайтеміз?  Бұл  жазғыш 
жігіт еді...» деп «солқылдады». Соны пайдалаңдым да мен! «Әбеке, 
ендеше, оны редакңияға жұмысқа алайық» – дедім. Сөйттік те ЦК-
ға бірдеңе деп жауап беріп, Камалды насихат бөліміне қызметке 
алдық.  Ол  жұмысты  дөңгелетті-ай,  келіп.  «Қыз  намысы»,  тағы 
сондай проблемаларды көтеріп, газет беделін өсірді.
Және  бір  мысал.  1986  жылдың  желтоқсаны.  Соның  белгілі 
оқиғасы.  Мен  онда  факультеттің  әрі  парторгі,  әрі  деканның 
оқу  ісі  жөніндегі  орынбасарымын.  Оқиға  басталысымен  оқу 
корпусымызға  үндемес  үйдің  адамдары  құзғындай  қаптады  да 
кетті. Қолдарында көтерілістен түсірілген фотосуреттер. Сондағы 
кілең қазак жастарының кейбірінің бастары «ақ дөңгелек» етіліп 
керсетіліп  қойған  болады.  Соларды  көрсетіп:  Бұл  сендердің 
(көрдіңіз бе, тұрпайылығын) студенттерің бе? – дейді. Танимын. 
Жасырсаң  тағы  пәле.  Сондықтан:  «Иә»  –  деймін.  Сонсын  сол 
студентті  жатамын  да  мақтаймын.  Бір  апта  бойысолай  болды. 
«Сол  айтқанынды  жазып  бер!»  –  дейді  (сол  «жазбалар»  бір 
жерде  сақталып  жатқан  шығар-ау!..).  Жазып  беремін...  Содан, 
менің  өзімнен  «секем  алды,  білем»  олар:  «Сендерде  бір  де 
жаман студент жоқ па?! – деп мысқылдады. «Жоқ! Олар жақсы 
болған  соң,  қабылданғандар  ғой,  журфакқа!  Журфак  партия 
солдат тарын, идеологтарын тәрбиелейді ғой! – дедім. «Партия» 
деген соң үндері өшті білем! Сонсын маған студенттер суретін 
көрсе туді,  олар  жайлы  дерек  сұрауды  қойды.  Үндемес  үйге 
өзімді  қайта-қайта  сүйреді.  Бірақ,  бір  дешәкіртімдіжамандаған, 
сатқан жоқпын. Міне, нақ осы оқиғаныжақында «Солдат» газеті 
жазыпты. Бірақ, оны оқи алғаным жоқ. Өйткені, ол газетті алмай-
мын да, оқымаймын да...
Мәттахамдыққа 9-10 жасар кезім. Қыстың күні малдың шөбі 
бітіп  қалды  да,  ауыл  сыртындағы  шабындықтағы  қар  басқан 
маддан  шанамен  шөп  әкелуге  Сейітжан  деген  жігітке  ертіп: 
«Өгізінің басын ұста, ең болмаса» – деп мені жіберді. Мен: Үлкен 
боп қалдым, – деп сезініп шанаға шөп тиестім. Сейітжан шөпті 

Аманат
268
шанаға  қалай  болса  солай  лақтырады.  Мен  шашылған  шөпті 
жинап әлек. Сонда Сейітжанның айтқаны ғой: «Әй, сен бала, өзің 
бір маттахам боларсың-ау! Оның сол сөзі «Лен. жастың» макетін 
сызып отырғанда ылғи есімнен кетпейтін.
Қамқоршыл, жанашырлыққа: Мұны, мені білетін, дәрістерімді 
тындаған, сынақ тапсырған ербір шәкіртім білсе, жадында сақтаса 
керек.  Жасыратыны  не,  Темірбек  Қожакеев  шәкіртке  өте  қатал 
адам. Онысы, талап қойғыштығы дұрыс та шығар. Бірақ, ол кейде 
шектен  шығып  кететін.  Ол  қылышынан  қан  тамған  декан  боп 
тұрған жылдарда, мен үнемі парторг болдым да, сол Темкеңмен 
«айқасумен» болдым. Мен онымен бірге оқып бітіргем, қара нанды 
бірге боліп жескем. Көбіне, мәмлегерлік жасап, соны пайдаланып, 
оның қаһарын қайырып, Темкеңнің «ызғарына» ілігіп стипендия 
ала  алмай  жүргендерге  стипендия  тағайындатам,  жатақханадан 
қудыртпаймын,  оқудан  шығартпаймын!  Тек  үстінде  мен  ылғи 
шәкірттер  мүддесін  көздеп  жаным  шығып  отырам.  «Құлатып» 
жатқандарды  сүйеймін,  т.т.  Тіпті,  кейде  қатты  «қақтығысқа» 
түсетін  кезім  де  көп  болды.  Сондай  қатты  қақтығыс Аманкелді 
Дайрабаев  деген  ересек  шәкірттеріміздің  диплом  қорғауына 
қатысты  болды.  Соған  Темкең  қатты  азу  басты.  Оны  қорғатпай 
жібермекші болды. Мен соған араластым. Гэкпредседателі Көкеңе 
(Кәкімжан  Қазыбаевқа  өзім  беріп  оқыттырып)  айтып,  соның 
тізерлеуімен Аманкелдіге «5»-ке қорғауға комектестім. Аманкедді 
қазір жазушы, белгілі телевизионщик.
Бар мысалдар есімде жоқ. Осы айтып отырғанымды Аманхан 
Әлімов те өтірік дей алмас.
Кемі мыңға тақау өндегендерімді қоса алғанда хабар замет-
ка,  мақала,  корреспонденция,  очерк  жазып  қазағымның  ойын, 
тілегін, пікірін, т.т. білдіріп, оның мүддесін қорғап, рухани азықпен 
қамтамасыз  еткенімді,  жүз-жүздеп  жас  қаламгерлер  тәрбиелеп, 
дәріс  бергенімді,  олардың  терең  білім  алуына  арнап:  Газетті 
(баспасөзді) безендіру ісінен, очерк жанры бойынша, қазақ мерзімді 
баспасөзі тарихы бойынша журналистік білім беру тәжірибесінде 
тұңғыш ғылыми негізді оқу бағдарламаларын, әдістемелерін жа-
зып, бастырып шығаруымды айтпағанның өзіңде қолға ұстарлық, 
көзбен көріп оқырлық мыналарды тындырдым:
«Жарты ғасыр сапта» (1972), «Газетті безендіру сыры» (1975), 

Аманат
«Редактор мен корректорға көмекші құрал» (1978), «Полиграфия 
ондірісі  негіздері»  (1981),  «Шағын  офсеттік  машиналар  және 
оларда  жұмыс  істеу»  (1989–1991),  «Фототерім»  (1991)  атты 
оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, бастырып шығардым.
Орыс  жазушысы  П.Макрущенконың  «Бәріңе!  Бәріңе! 
Бәріңе!»  (1961),  «Ильичжайлы  әңгімелер»  (1965),  М.Юхманың 
«Кәрі  шөгреннің  құпиясы»  (1993)  атты  повестер  мен  әңгіме 
жинақтарын аудардым.
«Біздің  өмірбаян»  (1980),  «Әуезовке  іңкерлік»  (1997),  «Дос 
жайлы аяулы сыр» (1998) атты эссе-новеллалар жинағын басты-
рып шығардым.
«Қартайғанда  кәрібөз  өнер  шығарыпты»  дегендей  бірінші 
топтық мүгедек болғалы, қиын болса да, қолыма қайта қалам алып: 
«Таңшолпан» (роман-эссе), «Аңсаған менің әнімсің!» (лирикалық 
повесть), «Берік» (деректі повесть), «Сыр мен шындық» (көркем 
публицистикалық  шығармалар  жинағы),  «XXI  ғасыр  өркениет 
өрісіне» (Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030», «Ғасырлар тоғысы» 
атты  еңбектеріне  қатысты  публицистикалық  толғау)  деген 
шығармалар «Сөздік–Словарь», «Атамұра» баспаларынан жарық 
көрді.
Кейін  «Қазақстан»  баспасынан  М.  Әуезов,  Ғ,  Мүсірепов, 
С.  Мұқанов,  Б.  Момышұлы,  С.  Қожамқұлов,  Ш.  Қалдаяқов,  
Н. Тілендиев жайлы «Біртуарлар болмысы» атты эссе-новеллалар 
басылып шықты.
Менің өмір дерегім, өмір қарекетім, осыңдай, осылар!..

270
МАЗМҰНЫ
Мұтанов Ғ. Кіріспе сөз  ..............................................................................6
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Сартаев С. Ой толғауы... ......................................................................... 10
Ағыбаев А. Білімді шәкірт – университетіміздің беделі ........................ 26
Әбділдин М. Өзіндік оймен өрнектелген өмір сыры.............................. 34
Әженов М. Ғасыр бойы өмір сүрсең – ғасыр бойы білім ал ................ 50
Дәулетқалиев С. Білімді кісі өз жолын өзі табады ................................ 62
Жұматов Ғ. Ғұмырлық қағида ................................................................ 72
Зиманов С. Главное – добиться доверия народа 
к правоохранительной системе ................................................................ 88
Кәкішев Т. Өзім таратайын ....................................................................... 96
Күмісбаев Ө. Арман алдамайды ............................................................ 112
Қожахметұлы К. Ұстаздар, жастар, тәрбие мақсат ............................ 126
Мансуров З. Этапы жизни ...................................................................... 134
Ни В. Высоко несем свое знамя ............................................................. 152
Оспанов С. Творчестволық біліктілік – 
азаттық қоғамда өмір сүрудің басты кепілі .......................................... 162
Оспанов Х. Этапы жизненного пути становления 
деревенского мальчика от простого рабочего 
до номинанта Нобелевской премии ...................................................... 168
Пузиков М. Добро и зло: они были всегда почти рядом ...................... 208
Шалекенов У. Ұстаздарымды еске аламын .......................................... 228
Шигаева М. Люблю микробиологию и ... ............................................ 240
Ыдырысов Ә. Менің өмірдерегім, өмір-қарекетім... ............................ 252

АМАНАТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  
Ақсақалдар кеңесі  мүшелерінің мақалалар жинағы
Компьютерде беттеген Сәуле Сарпекова
Мұқабасын көркемдеген Ринат Сқақов
ИБ №6353
Басуға 28.03.2013 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 
1
/
16 . 
Көлемі 15 б.т.
Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №428.
Таралымы 200 дана. Бағасы келісімді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
«Қазақ университеті» баспасы.
050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. 
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет