Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл – саяси құбылыстарды заманына қарай, бұрыңғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған мезгілін еске ала отырып танып – білуді талап етеді.
Бихевиористік әдіс -жеке адамдар мен топтардың іс – әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс- әрекеттерін талдау арқылы түсініп – білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс- қоғамдық игілік қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Диалектикалық – материалистік әдіс – табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен -бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты мәселелерді зерттегенде басқа да әдістерді қолданады.
Саясаттанудың атқаратын қызметтері: 1)Танымдық қызмет- саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып- білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
2)Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
3)Реттеушілік, басқару қызметі – адамдардың саяси өмірінде өзін – өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
4)Болжау қызметі –ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
3.Парадигма (гректің paradeiqma – теория, үлгі деген сөзінен) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория.
Саясаттануда парадигма деп- саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
«Парадигма» ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі – Г.Кун болды. Кейін бұл ұғым ғылымның барлық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен пайдалануда.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды: Теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп жүйелеуге болады.
1.Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған.Ол кезде барлық әлеуметтік- саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді.
2.Натуралистік парадигма. Ол саясатты табиғи себептермен, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
3.Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді
4.Тиімді (рационалды)- сыни парадигма. Ол саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді.Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.