Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет8/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

2.Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас,жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады.
Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылуымен,адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынумен сипатталады.
Тоталитаризм 20 ғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа формасы. Оны 20 ғасырдың басында айналымға енгізген итальян фашизмінің идеологы Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 жылы итальян парламентінде айтылды. Итальян фашизмінің жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді.
Тоталитарлық тәртіпте өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. - бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмысына тыйым салынады, жазалау, қуғын – сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды, көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.Идеологияны көсем анықтайды.Ол өз әрекеттерін биік бір арман мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді.
3.Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік – саяси құрылысты айтады.Авторитарлық саяси режим – тарихта кеңінен таралған құбылыс және ол алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Қазіргі әлемде авторитарлық режим Азия, Африка, Таяу және Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде неғұрлым кеңінен таралған.
Авторитарлық режимде атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекеттік басшылығының ырқына бейімделеді.
Авторитарлық саяси режимді демократиялық немесе тоталитарлық режим бағытында біртіндеп дамитын өтпелі режим ретінде бағалаған жөн. 20 ғасырдың онжылдықтарында авторитарлық саяси құрылым осындай өтпелі сипатқа ие болды.
Мәселен, 1959 жылы Кубада, Фидель Кастро орнықтырған авторитарлық режим кейін тоталитаризмге ұласты. Басқа да мемлекеттер қатарында Оңтүстік Кореяда, Чилиде, Тайландта, Гаитиде, Панамада, Аргентинада және т.б. елдерде авторитаризм біртіндеп демократия бағытында эволюциялық жолмен дамыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет