Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет14/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Саяси жүйе түсінігі, белгілері, құрылымы.
2.Саяси жүйенің жіктелуі және олардың ерекше белгілері.
3.Саяси жүйелерді салыстырмалы түрде талдаудың мәні.
4.Қазақстанның саяси жүйесі.
5.Қазақстан Республикасының және өзге де елдердің (өз қалауыңызбен) саяси жүйесіне салыстырмалы талдау жасау.
6.Д.Истон мен К.Дойчтың саяси жүйе туралы теориялары.
7.Тоталитаризмнен демократияға көшу кезіндегі мәселелер.
8.Саяси жүйелердің қазіргі кезеңдегі түрлері. ( Ақш, Франция, Ағылшын, Германия,Қытай, Иран және т.б.).


Тақырып: Саяси элита және саяси топ бастаушылық.
Жоспар:
1.Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
2.Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.
3.Қазақстандағы саяси элита.
1. «Элита» термины француздың «elite» деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. 18 ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. 20 ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Б.з.д.430 жылдың өзінде Ежелгі Грекияның белгілі саяси қайраткері Перикл: «Саясатты аз ғана адамдар жасайды, алайда ол жөнінде бәріде пікір айтады» деген екен.
Элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20 ғасырдың басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941жж) элита теориясын «Саяси ғылым негіздері» (1896ж) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оның ойынша, әскери ерлік, байлық, діни дәреже (мәртебе) – осы үш қасиет адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады деген.
«Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923жж). «Жалпыға бірдей социология трактатында» (1916ж) ол «элиталардың айналу» теориясын жасады. Яғни,ол бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады деген.
Роберт Михельс (1876-1936жж) «Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк» (1911ж) деген еңбегінде «олигархияның темірдей заңын» шығарды. Оның ойынша бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді деген.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962жж) «Билеуші элита» атты еңбегінде АҚШ-тың 20 ғасырдың ортасындағы элитасына талдау жасады. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды деген.
Франция саясаттанушысы Р.-Ж.Шварценбергер «Абсолюттік құқық» деген еңбегңнде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар:
Қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;
Адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері;
Қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;
Бұқара халықтың саяси енжарлығы,күнделікті өмірде саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады.
Саяси элита стартегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына – байлықты, қаржы – қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік- саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б.зерттейді.
2. Саяси элиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі.
Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып саналады. Бұл жүйе бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.
Саяси элита әр түрлі болғандықтан, ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита болып екіге бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады.
Оппозициялық элита деп басқарушы элита қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, олқылықтарын тауып, қателіктерін көрсететін элиталарды айтады. Оларды контрэлита деп те атайды.
Саяси элитаны жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі.
Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық.
Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады.
Ашық жүйе демократиялық мемлекеттер үшін тән болса, жабық жүйе авторитарлық, тоталитарлық мемлекеттерге тән құбылыс.
Индия саясаттанушысы П.Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі.
- Дәстүрлі элитаға – дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады.
- Қазіргі элитаға – заңға, формальды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі:
1. Билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита;
2. Мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін құрайтын әкімшілік элита;
3. Белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар;
4. Жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық жағдайдағы адамдар.
3. Қазіргі Қазақстанның саяси элитасын қалыптастыру мен алмастырудың өзгешелігі оның өтпелі кезеңді басынан кешірумен байланысты. Өзінің басым көпшілігі жағынан ол бұрыңғы кеңес, партия, мемлекет номенклатурасында тұрғандардың есебінен қалыптасты.
КСРО-ның күйреуі, қоғамда және билікте жаппай дағдарыстың орнауы номенклатуралардағылардың үлкен бөлігін әрекетсіз қалдырмады.Олар бұрынғы қызмет орындарын белсенді қорғап, жаңа қызмет үшін күресті.ТМД-ң ,Қазақстанды қосқанда, он екі президентінің оны – сол жоғарғы кеңестік номенклатураның өкілдері. Онымен қатар, қазіргі Қазақстан элитасы мейлінше белсенді жас адамдардың есебінен толықты. Бұлар билікке қоғамның әр түрлі жіктерінен және әр түрлі кәсіби салаларынан, соның ішінде ғылыми салалардан келген әлдеқайда жас ұрпақтың өкілдері.
Әйтсе де, ескі және жаңа саяси элита мүшелерінің арасында қарама-қайшылық бар. Ол қайшылықтар кейде ашық көрінеді, сонымен бірге құпия, жасырын формада дамиды.Мұндай қайшылықтар олардың әр түрлі біліміне, ой-өрісіне, өмір тәжірибесіне байланысты болады.
Қазақстанның қазіргі элитасына Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элитаға кіреді.
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Қоғамды толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереағарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.
4.Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді, 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін- соны білулері керек, 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс, 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет