Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


жылдан бері Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік-сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1989-1990



бет3/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
1989 жылдан бері Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік-сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады.
1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990жылдан бастап ТМД -ның басқа елдерінде саясаттану қытыла бастады.Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар. Мемелекет саясаткер -политолог мамандығын мойындап, жоғары оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.Бұл пән адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси -құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрыңғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарастарындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан, жиналған деректі қорытады., екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сонымен саясаттану дегеніміз- саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым.
2.Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу мақсатында бірнеше әдістерді пайдаланады.
Әдіс деп – зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б.әдістер жатады.
Салыстырмалы әдіс- әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі ҚР-да алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі- саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет