290
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мизамхан Алтынгүл
Қарағанды қаласы, «№66 мектеп-лицей КММ»
Аннатоция. Бұл мақалада мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын
ұйымдастырудың жолдары туралы жазылған. Мамандық таңдау барысында
нені басшылыққа алу қажеттігі, дұрыс мамандық
таңдаудың қоғамдағы
маңыздылығы айтылған. Сонымен қатар мамандық таңдау барысында
құндылықтардың маңызы да ескерілген.
В данной статье рассказывается об организации профориентационной
работы в школе. Подчеркивается, чем следует руководствоваться при выборе
профессии: важность выбора в обществе. Кроме того, учитывается значение
ценностных ориентиров в профессии.
Қазіргі жас өспірім ұрпақтың алдында тұрған маңызды бір мәселе –ол
болашақта дұрыс мамандық таңдау. Заманның сұранысына сай, күнделікті
өзгерістер мен ғылымның ғарыштап дамуына байланысты жасөпірімдерге
дұрыс мамандық таңдауға қазіргі мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар
берудің маңызы зор. Бұрынғы мамандықтар
мен қазіргі мамандықтардың
айырмашылығы баршылық. Сондықтанда мектеп бітірген жас түлек мамандық
таңдау барысында қиналмай, дұрыс бағыт таңдап, мамандық әлемінде өз
орынын тапқаны дұрыс. Мамандықты таңдауда қоғамға қажетті ғана
мамандықты таңдап қоймай, өз қалайтын мамандықты таңдау болашақта
жасаған еңбегінің өнімді болуына сөзсіз септігін тигізеді. Кей кезде мамандық
таңдау еншісі балаға берілмей ата-ана тарапынан болады. Жүрек қалауымен
таңдалмаған мамандықпен болашақта жұмыс істеу қиындық туғызады.
Біріншіден жасаған еңбегі өнімсіз болады. Екіншіден өзі қалап алмаған
мамандық бойынша жұмыс жасау уақытты босқа өткізгендей болады.
Сондықтанда осы мамандық таңдау бағыты бойынша
ата-аналармен жұмысты
қатар жүргізген дұрыс. Қазіргі мектепте кәсіптік бағдар бойынша жүргізілген
жұмыстарды мектеп психологы ғана басқарып қоймай, мектепте осы кәсіптік
бағдар бойынша жұмыс жасайтын маманда өз үлесін қосады. Мектеп
оқушыларын керек десеңіз бастауыш сыныптан бастап болашақ мамандығын
таңдап алуға икемдеген дұрыс. Оқушыларға болашақ мамандықтары жайлы
жан-жақты мағұлмат, мамандық таңдау кезінде дұрыс кеңестер, қолдаулар
көрсеткен дұрыс. Жасөспірім мамандық таңдау
кезінде жеке тұлғалық
қасиеттерін,
зияткерлік,
эстетикалық,
еңбексүйгіштік,
адамгершілік
қасиеттерінің үйлесімділігіне де назар аудару қажет. Мектепте кәсіптік бағдар
беру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне де көңіл бөлген абзал. Кәсіптік
бағдар беруді бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең:-жалпы таңдап
алатын мамандықтарына оң көзқарас тудыру, ол мамандықтың қоғам үшін
маңыздылығы, адамдар үшін пайдасы жайында дұрыс пікір қалыптастыру.
291
Екінші кезең:- мамандық арқылы өмір жолын таңдау, таңдалған мамандықтың
адами құндылықтарды кеңінен ашуы, ересек адамның өмірінде мамандықты
дұрыс таңдау арқылы еңбекті үздіксіз жасау қажеттігін түсінеді. Сонымен қатар
таңдалған бағыт бойынша бүгінгі ғылым жетістіктеріменде таныстыра өткен
жөн. Соңғы үшінші кезеңде:- оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы
саналы түрде болып, оқушы жалпы мамандық туралы толық ақпарат алады.
Өзін қызықтырған сұрақтарға жауапты осы үшінші кезеңде ала алады. Жәнеде
осы кезеңде нақты өзі қалаған болашақ мамандығын таңдауға шешім
қабылдайды. Мектепте кәсіби бағдар беру:- оқушының мектептегі іс–әрекеті,
пәнге деген қызығушылығының жиынтығы емес, жалпы оқу-тәрбие үрдісінің
бөлінбес бір құрамы ретінде қаралады. Оқушыларға тек білім беріп қана
қоймай, оларды жан-жақты дамыта отырып, бойындағы бар жақсы қасиеттерді
оята отырып, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға икемдейміз.
Оқушылар өз
қабілеттерін ұғыну, мүдделерін қорғау, қоғамдық құндылықтарға өз таңдаған
мамандықтардың пайдасы тиюі үшін басты түсінікті негізгі мектепте
қалыптастырады. Сондай –ақ кәсіби дағдылар, болашақтағы кәсіби өсу және
шеберлік дамуы жайында түсінік қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылармен әр
түрлі жұмыстар жүріледі. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:-Климов
әдістемесі, Голланд тесті, Айзенктің «Темперамент» тесті. Диагностика
нәтижесі бойынша әңгімелесу,
психологиялық кеңестер беру, рөлдік және
іскерлік ойындар жүргізіледі. 5-7 сынып оқушыларында танымдық тәжірибе
мен кәсіби қызметке деген қызығушылықты игеруде оқушылардың жеке
тұлғалық құндылықтары дамиды; өз мүдделері мен мүмкіндіктері туралы
идеялар; әлеуметтік-кәсіптік тәжірибенің әртүрлі салаларында: техника, өнер,
медицина, ауыл шаруашылығы, экономика және мәдениет салаларында
бастапқы тәжірибені игеру. Бұған оқушылардың кәсіби сынамаларды орындауы
ықпал етеді, бұл олардың жеке мүмкіндіктерін адамға кәсіби қызметке
қойылатын талаптармен байланыстыруға мүмкіндік береді. 8-9
сынып
оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы таңдау бойынша факультативтік
сабақтар және басқа курстар барысында білім беру сұранысын нақтылауға,
оқыту бейінін таңдау туралы барабар шешім қабылдауды анықтау және
қалыптастыру мақсатында топтық және жеке кеңес беруге, мүдделері мен
қабілеттеріне, құндылық бағдарларына сәйкес келетін білім беру сұранысын
қалыптастыруға бағытталған. 10-11 сынып оқушыларын өзін-өзі даярлау және
өзін-өзі дамыту бойынша іс-әрекеттерге үйрету қажет, қызмет таңдалған еңбек
түрінде кәсіби қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған, кәсіби жоспарларды
түзету, таңдалған қызметке дайындықты бағалау жүргізіледі
Сонымен қатар қазіргі таңда психологтардың автоматтандырылған жұмыс
жүйесінде яғни ППМАЖда (психологиялық-педагогикалық
мониторингтің
автоматтандырылған жүйесі)
жоғары сынып оқушылары кәсіптік бағдар
бойынша тест өтеді. Жәнеде ол жерде барлық мамандықтар бар. Сол жерден өзі
қалаған мамандықты таңдай отырып, оқу орынына өтініш бере алады. Тестің
тағы бір пайдалы жағы оқушылардың жауап беруіне байланысты олардың
қандай мамандық таңдай алатынына бағыт бағдар бере алады. Тест нәтижесі
292
бойынша құндылықтар мен қызмет саласы да қарастырылған. Кәсіптік бағдар
беру жұмысының принциптері:- жүйелілік пен сабақтастық бұл бастауыш
сыныптан бастап мектеп бітіргенше үздіксіз жүріледі. Оқушылардың
қызығушылығына және қалыптасу деңгейіне байланысты жеке және сараланған
жұмыстар
ұйымдастырылады.
Мектептің,
отбасының,
кәсіптік
оқу
орындарының мектеп түлектерінің болашақ
мамандығы бойынша өзара
байланысы, олардың таңдаған мамандығының қоғамда өз орынын табуға көмегі
орасан зор. Кәсіби бағдар беруші адам жоғары сынып оқушыларын қалалық
бағдар беру ұйымдарының ұйымдастырған кәсіптер таңдау іс-шараларына
апарып отырғаны дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Климова Е.А. Как выбирать профессию./ Климова Е.А. - М.:
Просвещение, [1986. – 187 с.]
Достарыңызбен бөлісу: