«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕСУРСТЫҚ



Pdf көрінісі
бет94/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   188
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕСУРСТЫҚ 
ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Кульмаганбетова А.Ж. 
 
Приозерск қ. «Айналайын» б/б 
 


212 
Инклюзивті білім беру бағыты ерекше білім беруді қажет ететін балаларды 
білім алуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін 
қалыптастырады. 
Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беру бойынша құрылған 
Ресурстық орталықтың маңызы өте зор. 
Направление инклюзивного образования способствует достижению успеха 
в обучении детей с особыми образовательными потребностями, формирует 
возможность лучшей жизни. 
Большое значение имеет ресурсный центр по инклюзивному образованию 
в дошкольной организации. 
 
Ресурстық орталық – бұл мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім 
берудегі өте дер кезіндегі және қажетті құбылыс. Орталық мектепке дейінгі 
ұйымдарда инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігіне байланысты 
сұранысқа ие болып отыр. Мұндай орталықтар шоғырлану және тапшы 
ресурстарға қол жеткізу үшін қолданылады. 
Дені сау балалар мен ерекше білім алуды қажет ететін балаларды бірге 
оқыту мен дамыту, ең алдымен, соңғыларының әлеуметтік бейімделуінің 
проблемаларын шешу үшін қажет. Балалар қоғамдастығында тәрбиешілер 
дамуы қалыпты балаларды толеранттылыққа және дамуында проблемасы бар 
балаларға деген тең қарым-қатынасты тәрбиелеуі керек. Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту жүйесінде инклюзия жолы аса тиімді жол, себебі осы 
жастағы балалардың көпшілігі өзгелерге ұқсамайтын құрдастарына қатысты 
қандай да бір ойлары болмайды. «Алмагүл» (Қарағанды қ.), «Айсұлу» 
(Жезқазған қ.), «Айналайын» (Приозерск қ.) балабақшаларындағы педагогтар 
жүргізген эксперименттік жұмыстардың нәтижелері, инклюзивті топтардағы 
балалар зияткерлік бағытта да, рухани-адамгершілік және эстетикалық бағытта 
да әлдеқайда жоғары нәтижелер көрсеткен. Атап өтетіні, оң нәтижелерге дамуы 
қалыпты балалар да, ерекше білім алуды қажет ететін балалар да қол 
жеткізген.[1,б.5] 
«Айналайын» бөбекжайы инклюзивті білім беру бағыты бойынша жұмыс 
істейді. Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 
бірлесе «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» атты даму 
бағдарламасы әзірленіп, бөбекжайымызда тәжірибелік- эксперименттік алаң 
ашылып, бес жылдай уақыт ішінде сынақтан өткізілді. Облыстық эксперттік 
кеңесте жұмыс қорытындыланып, тәжірибелік-эксперименттік алаң өз 
жұмысын аяқтады. Нәтижесінде қазіргі уақытта бөбекжайда тәжірибелік- 
эксперименттік жұмыстар барысында жинақталған тәжірибені мектепке дейінгі 
ұйымдар арасында тарату мақсатында қалалық ресурстық орталық ашылған. 
Осы жұмыстар бойынша орталықта профессор С.С.Контаев ғылыми 
жетекшілігін жалғастыруда, педагог-мамандарға үнемі кеңестер беріп отырады. 
Ресурстық орталықтың алғашқы құжаттары: 
1.Білім басқармасының 2019 жылғы 19 маусымдағы №3-6.2442 Приозерск 
қаласы «Айналайын» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі мекемеде 


213 
инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбында тәжірибелік –эксперименттік 
жұмыс бағдарламасының жинақталған тәжірибені білім беру ұйымдарына 
тарату үшін Ресурстық орталық құруға және профессор С.С.Қонтаевтың 
аталған орталықта ғылыми жетекшілік жұмысын әрі қарай жалғастыруына 
рұқсат беретіндігі туралы хат; 
2.Білім бөлімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы «Айналайын» бөбекжайы 
базасында ресурстық орталық құру туралы №8 бұйрығы; 
3.Ресурстық орталықтың жылдық жұмыс жоспары. 
Білім бөлімінің бұйрығы бойынша «Айналайын» бөбекжайы базасындағы 
ресурстық орталыққа серіктес балабақша ретінде «Балақай» бөбекжайы, 
«Балбөбек» бөбекжайы және «Еркетай» шағын орталығы бекітілді. 
Ресурстық орталық - бұл оқу-тәрбие үрдісінде инклюзия қағидаларын іске 
асыруда және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай 
жасауда мектепке дейінгі ұйым педагогтарына көмек көрсету үшін құрылған 
арнайы ұйымдастырылған кеңістік. Ресурстық орталық базасында мектепке 
дейінгі ұйымдар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленуде, мектепке дейінгі 
ұйым педагогтарына әдістемелік көмек көрсетілуде, балалардың жеке білім 
беру маршруттарымен жұмыстар жүргізілуде. Ресурстық орталық қосымша 
білім беру ұйымы ретінде де әрекет етеді. Орталықта «Қызықты әлем» 
психологиялық зертхана, «Қиқар дыбыстар» логопедтік зертхана, «Ғажайып 
орта» әлеуметтік зертхана, «Саулық пен сымбат» денсаулық зертханасы және 
ақылы түрде жүргізілетін «Шебер қолдар», «Ертегілер елінде», «Қызықты 
математика», «Монтессори әлемі», «Ұлттық ойындар», «Әнші балапан», «Кел, 
билейік» атты үйірмелер жұмыс істейді. Орталық қызметі ұжымның 
материалдық-техникалық, ақпараттық, оқу-әдістемелік және зертханалық 
ресурстарға 
қолжетімділігін 
сауатты 
ұйымдастырудан 
тұрады. 
Материалдардың қолжетімділігі оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет